Ақп 02, 2018 13:35 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 88

Қасиетті Ислам діннің келуі және Алла елшісіне Құранның жіберілуімен әйелге деген көзқарас өзгерді. Алла Тағала Құран Кәрімнің көптеген аяттарында надан арабтардың істерін айыптап: «Сондай ақымақтық, білместікпен балаларын өлтіргендер, Аллаға қасарысып, Алланың өздеріне берген несібесін арам еткендер зиянға ұшыраған. Олар адасқан әрі тура жол да таппайды»,- деді. («Анғам» сүресі, 140-ші аят).

Аятолла Хаменеи

Әйел – тарих бойында ол туралы әртүрлі сөз айтылған жаратылыс.  Тарихта адамзат қоғамының қате салт-дәстүрлері мен рәсімдері және қате мәдениеттері әйелдерге көптеген қауіп-қатер төндіріп, әйелдердің құқықтарына немқұрайдылық танытылды. Кейбіреулер әйелді ерден төмен жаратылыс санап, әйел ердің сол қабырғасынан жаратылған деген уәж айтты. Олар осындай негізсіз уәждерімен әйелді  екінші, ерді бірінші дәрежедегі жаратылыс деп атады. Кейбір ежелгі мәдениеттер әйелді шайтаннан пайда болған, сондықтан ол құрметке лайық емес, сондай-ақ, әйелдің жаратылуының себебін ер адамға қызмет ету санады.

Әйел гүл сынды

Көне Римде әйелдің беделі болмады. Олар әйелді шайтанның көрінісі, жаман аруақтары бар, сонымен бірге адами рухтан кенде жаратылыстар деп ойлады. Көне Қытай мәдениетінде қыз баланың дүниеге келуі бақытсыздық саналып, қыз бала дүниеге келген отбасына көңіл айтылатын. Надан арабтар Исламнан бұрын Хиджаз жерінде әйелдерге көптеген зұлымдық көрсетіп, әйелдер жәһілдік кезеңде қиын жағдайы бастан кешті. Олар қызды абыройсыздық санап, дүниеге келген  сәби қыз балалардан оларды тірідей көму арқылы немесе басқа тәсілдермен құтылатын. Егер қыз бала кішкентай кезінде өлтірілмесе, өскен соң құл базарында сатылатын. Надан араб мәдениетінде әйел өзінің жеке және қоғамдық құқықтарынан мақұрым болды.

Ислам діні келіп, Алла елшісіне Құран түскен соң әйелдерге деген көзқарас өзгерді. Алла Тағала Құран Кәрімнің көптеген аяттарында надан арабтардың істерін айыптап: «Сондай ақымақтық, білместікпен балаларын өлтіргендер Аллаға қасарысып, Алланың өздеріне берген несібесін арам еткендер зиянға ұшыраған. Олар адасқан әрі тура жол да таппайды»,- деді. («Анғам» сүресі, 140-ші аят). «Сол сияқты ортақтары, мүшріктердің көбін жою әрі олардың діндерін шатастыру үшін балаларын өлтіруді әдемі көрсетті...»,- деді. («Анғам» сүресі, 137-ші аят). Хиджаздың пұтқа табынушылары адасушылыққа душар болғандықтан, олардың істері өздерінің қате  әрі бұрмаланған наным-сенімдерінің салдары болды. Құранға сәйкес, қыздарды өлтіру Хиджаздың надан пұтқа табынушыларымен байланысты іс болған.

Арабстанның надандық кезіндегі пұттары

Алла Тағала әйелді мадақтап, бүкіл әйелдердің үлгісін көрсетіп, Алла елшісінің қадірлі қызы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ға арналған «Кәусар» сүресін жіберді: «(Мұхаммад с.ғ.с)  Шын мәнінде саған кәусәрді бердік. Сондықтан, Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал. Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады». Құранның ұзақ сүрелерінің бірі «Ниса» сүресі де әйелдің маңызын көрсетіп, олардың ахкамы және құқықтарымен таныстырады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи әйелдер мен олардың орны туралы айтып, әртүрлі жағдайларға қатысты әйелді әдемі сипаттады. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, исламның көзқарасы тұрғысынан әйел гүл тәрізді. Бұл гүлді сақтау қажет.

Аятолла Хаменеи Исламның жарқыраған көзқарасы тұрғысынан әйелді үйге қызмет етуге жауапты емес, ердің мүлкін басқарушы емес, әйелді ханым, бану санайды. Хазіреттің пікірінше, әйел қызметші емес; әйел – отбасы ортасын перзенттері мен жұбайы үшін қауіпсіз әрі тыныштық пен мейірім орталығына айналдырушы. Әйелдің үй ішіндегі жұмысын құрметтеу, оны жұмыс істеуге мәжбүрлемеу, әйелдің үй жұмысын атқарғаны үшін жұбайынан ақша алуы – Ислам мен исламдық заңдарда кездесетін мәселелер. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша,  Ислам әйелді еш уақытта тыстағы жұмысты атқарып, отбасын қаржымен қамтамасыз етуге  мәжбүрлемейді. Үй мен әйелге қажет қаржыны қамтамасыз ету – ердің міндеті. Ауыр жұмыстар физикалық күшті қажет етеді. Әйелді шаршататын ауыр жұмыс Исламның көзқарасы бойынша әйел үшін лайық емес.  Әйел әрқашан көңілді болып, отбасы ортасын перзенттері мен жұбайы үшін жылылық пен мейірімге бөлеуі керек. Аятолла Хаменеи: «Егер отбасын мен қоғамда әйелге құрмет көрсетіліп, оның абыройы сақталса, әйел өзін қауіпсіз сезінеді»,- деді.

Қасиетті Ислам діні өзінің тағылымдарында ұлттық, жыныстық және қаржы артықшылықтарына мән бермей, барлық адамдарды, яғни ер мен әйелді, бай мен кедейді, араб пен араб еместі, қара мен ақты, сүйкімсіз бен әдеміні бір қатарға орналастырды. Ислам діні адамның артықшылығын тақуалығы мен рухани құндылықтарында және ахлақтық ерекшеліктерінде деп атап, Құран Кәрімде: «Әй адам баласы! Шүбәсыз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан)  жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шәксіз, Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы»,- деді. («Худжурат» сүресі, 13-ші аят).

Бұл дін әділетке ерекше көңіл бөледі. Өйткені, соның аясында әйелдер жеке және қоғамдық тыныштыққа жетеді. Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейни Исламдағы әйелдің айбыны туралы: «Әйелдің дәрежесі жоғары. Исламда әйелдер жоғары деңгейге ие. Біз әйелдің жоғары дәрежегі жетуі мен азат болуын қалаймыз»,- деді.  Исламның көзқарасы бойынша, әйел – отбасының негізі. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, әйел ислами ортада еш алаңсыз ғылыми, ахлақтық және саяси салаларда дами алады. Сондай-ақ, ең маңызды қоғамдық мәселелерде алдыңғы қатарға шығып, әйел болып қала алады. Ол жанұясын тыныштық пен мейірімге бөлеп, үйдің кеңістігін  әтір сынды хош иіс пен сұлулыққа толтырады. Ислам діні әйелдерді қоғамда ғана емес, үйде де жоғары орынға орналастырды.

 

 

 

Тегтер