Ақп 14, 2018 16:13 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 89

Ислам әйелдің шынайы орнын құрметтейді. Әйелдің аналық рөлі мен отбасындағы аналық құрметі немесе отбасы ортасындағы әйелдің рөлі, әсері, құқықтары мен міндеті еш уақытта әйелге қоғамдық мәселелерге немесе күреске қатысуға тыйым салмайды.

Әлемде екі түрлі жынысты жаратуы – Алланың ерекше белгілерінің бірі. Құран Кәрім бұл туралы: "Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар",- деді. ("Рум" сүресі, 21-ші аят). Бұл қасиетті аятта үлкен мағына бар. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл аяттағы белгілерді баяндап, аятты әйел мен ердің, яғни жұбайлардың бақылаушысы санайды. Бұл аятта илаһи құдыреттің  белгілері бар. Сондықтан, "сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жараттық..." деп айтылды. Яғни, ерлер үшін әйелдерді,  әйелдер үшін ерлерді жаратқан.

Аятолла Хаменеи

Құран әйел төмен  жаратылды деп айтпайды, керісінше, әйел мен ерді бірдей нәрседен жаратқанын қуаттайды. Екеуі де бір ақиқат, бір болмыс пен бір заттан жаратылған. Алайда, әйел мен ердің айырмашылығы  бар. Өйткені, олардың міндеттері әртүрлі. Аятолла Хаменеи аяттың бұл сөйлемінен кейінгі сөйлеміне тоқталып: "Отбасын құру әйел мен ер  адамға тыныштық сыйлайды",- деп қуаттайды. Діни жетекші: "Бұл аят бойынша, адамзаттың екі жынысты болуы үлкен мақсатты көздейді: бұл мақсат – отбасы  ортасын тыныштыққа бөлеу. Ер үшін жанұя қауіпсіз орта. Мейірімді әйелдің қасында болуы тыныштыққа себеп болады. Мықты қамал сынды тірек болатын әрі махаббатын білдіретін ердің қасында болуы әйелді тыныштыққа бөліп, бақытқа жеткізеді. Отбасы әйел мен ерді бақыт пен тыныштыққа бөлейді» деді.  

Адамзат қажет ететін ең маңызды нәрсе – тыныштық. Адамның бақыты алаңдаушылық пен психикалық күйзелістен аман болып, рухани тыныштыққа бөленуінен көрінеді. Мұндай жағдайды адамға жанұясы сыйлайды. Аятолла Хаменеи «Рум» сүресінің 21-ші аяты туралы: «Әйел мен ердің қарым-қатынастары мейірімді әрі достық негізде болуы керек. Зорлық-зомбылықпен білдірген махаббат қабылданбайды. Мейірімділікті махаббатсыз қабылдауға болмайды»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі: «Әйел мен ердің отбасы ортасындағы илаһи болмысы – табиғи мәселе.  Жанұя ортасында әйел мен ердің қарым-қатынасы махаббат пен мейірімге сүйенеді. Бірақ егер бұл қарым-қатынас өзгеріп, ер әйелге үйіндегі мүлкі ретінде қарайтын болса, әйелге зұлымдық жасалған болады. Өкінішке орай, ерлердің көбі бұл зұлымдықты іске асырады. Бұл зұлымдыққа себеп болатын адамға заң мен исламдық қоғам қарсы тұруы керек.

Әйел мен ердің отбасыларының қауіпсіз ортасында бір-біріне сыйлайтын тыныштық бұл екеуінің дамып, алға ілгерлеуіне себеп болады. Адам тыныштықтың аясында дамып, өзін кемелдікке жеткізуге талпынады. Адамның жаратылуының мақсаты – дәл осында. Адам – Алланың жердегі халифасы. Отбасын құрып, тыныштыққа бөленуін бұл жоғары мақсатқа жетуінің маңызды бастамасы деп атауға болады. «Рум» сүресінің 21-ші аятында тек ойланатын адамдардың ғана «..өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығын» және жақсылық пен берекенің сырын түсіне алатындығы айтылған. Аятолла Хаменеи әйел өзінің әйел болып жаратылғанын мақтан тұтады деп санайды. Отбасына қарап, перзент тәрбиелеп, жұбайына қарау  Алланың тек әйелдің ғана бойына жаратқан өнер әрі маңызды іс. Діни жетекші: «Үй шаруасымен айналысу үлкен, маңызды іс. Перзент тәрбиелеу – үлкен джиһад»,- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі «Исламның көзқарасы бойынша адамзат қоғамына қатысты барлық жұмыстар мен өмірлік белсенділіктерде әйел мен ер ортақ рұқсатқа ие, тең. Сондай-ақ, Ислам әйелдерге ғылыми, экономикалық және саяси салаларда жұмыс жасап, талпыныс жасауы үшін жолды ашық қойды. Егер исламдық қоғам әйелдерді исламдық үлгімен тәрбиелей алса, сол кезде заң шынайы орнына жеткен саналады»,- деп қуаттады. Ислам  әйелдің шынайы орнын құрметтейді. Әйелдің аналық рөлі мен отбасындағы аналық құрметі немесе отбасы ортасындағы әйелдің рөлі, әсері, құқықтары мен міндеті еш уақытта әйелге қоғамдық мәселелерге немесе күреске қатысуға тыйым салмайды. Аятолла Хаменеи әйелдерге: «Қарындастарым! Әйел және қоғамның оған деген қарым-қатынасы тақырыбы ежелден әртүрлі қоғамдар мен өркениттерде баяндалды. Әрқашан әлем халқының жартысын әйелдер құрады. Әлемдегі өмір қаншалықты ерлерге байланысты болса, сол мөлшерде әйелдерге де байланысты. Әйелдер табиғи түрде жаратылыстың ең үлкен жұмыстарын атқарады. Жаратылған әлемнің бала туып, оны тәрбиелеу сынды негізгі жауапкершілік әйелдердің мойнында. Сондықтан әйелдер мәселесі – маңызды мәселе.

Ислам физикалық күші немесе қаржы мүмкіндіктеріне байланысты әйелдер мен ерлерді жұмысқа алып, әйелдерге азап-қорлық көрсеткен ерлерді орындарына отырғызып, әйелді өзінің шынайы орнына орналастырып, әйелді ермен бір қатарға қойып: «Сөз   жоқ,  мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер, мүмін ерлер және мүмін әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер және  ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Алланы көп зікір етуші ерлер және әйелдер, Алла Тағала  бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі»,- деді. («Ахзаб» сүресі, 35-ші аят). Мұсылман ер және мұсылман әйел, сопы ер және сопы әйел, түнді ғибадатта өткізетін ерлер мен түнді ғибадат етіп өткізетін әйелдердің исламда рухани деңгейлері тең бөлінген. Бұл тұрғыдан әйел мен ер тең.  Құран Кәрімде Алла жолындағы әр адам үшін: «Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз»,- деп айтылды. («Наһл» сүресі, 97-ші аят).

 

 

Тегтер