Ақп 25, 2018 20:45 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 90

Исламның әйелге деген көзқарасы оның ғиззаты мен дамуын және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Бірақ, Батыстың көзқарасы бойынша, әйелдің жыныстық жаратылысы оның адам болып жаратылғанынан маңыздырақ. Сол себепті Батыста әйел жаңа капиталистердің тауары және құралы саналады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи исламның әйелге деген көзқарасы Батыс мәдениетіндегі әйел туралы көзқарастан өзгеше деп санайды.

Аятолла Хаменеидің пікірінше, Батыс әйелді құрметтемейді. Батыстықтар бұл кемсітушілік көзқарастарын «азаттық» деп атағанымен, негізінде бұл әйелге үстемдік ету. Революция жетекшісі: «Батыстықтар өткен екі-үш ғасырда  өздерінің барлық қылмыстарын көркем аттаулармен атады. Олар қырып-жоюшылықтарын, талан-тараждары мен құлдықтарын, халықтың байлығын тартып алуын, халықтардың арасында ашқан соғыстары мен басқа қылмыстарын азаттық талап ету, адам құқығы, демократия және тағы да басқа осыған ұқсас сөздермен атайды. Батыс мәдениетінің әйелдерге қатысты ұстанымын азаттық деп атау да өтіріктердің бірі»,- деді.

Батыс мәдениетінде осыдан 100-200 жылдан бері әйелдердің жыныстық азаттығы ерлердің әйелдерге азырақ көңіл бөлуіне себеп болады деген белгілі мақсатты көздейтін қате ой-пікір таралды. Негізінде бұл ой-пікір нәпсілері мен шаһуаттарына бағынатын, әйелдердің жыныстық жарнамасынан пайда көретін капиталистер үшін ғана пайдалы болды. Аятолла Хаменеидің пікірінше, Батыстағы әйелдің жыныстық азаттығы табиғи саналатын адамның шаһуатының төмендеуіне себеп болмады. Әйел мен ердің еркін қатынастары жыныстық шаһуатты азайтпақ түгілі, қоғамдағы әйел мен ер қатынасының азаттығы артқан сайын адамның шаһуат туралы ойларын да арттыра түсті. Қазіргі  таңда Батыстағы осы мәселеге куә болып отырмыз. Өткен 100-200 жылдағы әйелдердің қорлық көруінің артуы да дәл осы қате ой-пікірдің салдары. Аятолла Хаменеи Батыстың әйелге құрметсіздік білдіруі туралы: «Батыстың шіріген әлемі әйелді кемсітіп, әлемге әйел өз болмысын көрсету үшін ерлердің көңілінен шығуы керек деген қате ой-пікірді таратқысы келді. Бұл әйелдің абыройын арттыра ма? Олар әйел хиджабы мен пәктігін ұмытып, өздерін тартымды көрсетіп, ерлерге ұнауы керек деп санайды. Бұл әйелді құрметтеу ме, әлде кемсіту ме? Кейбіреулер Батысқа сенді. Әйелдің айбындылығы шаһуаттарына тосқауыл қоя алмайтын ерлерге ұнау емес. Бұл әйелді мадақтау емес. Бұл әйелді кемсіту. Әйелдің айбындылығы Алланың оның болмысында жаратқан ұят пен арды және әйелдік пәктікті қорғауы болып табылады. Мұны ғиззат, міндет деп біліңдер. Мейрімді өз орнында, иманның өткірлігін өз орнында пайдаланыңдар. Мейірімділік пен өткірлік – әйелдердің ерекшелігі. Бұл – Алланың әйелге сыйлаған артықшылығы»,- деді.

Қазіргі таңдағы Батыстың үлкен қиындықтарының бірі отбасылардың бұзылуы мен тегі белгісіз сәбилердің артуы болып табылады. Негізінде, отбасы – махаббат пен достықтың орталығы. Бұл мақсатқа жету үшін әйел мен ер болмыстарында жаратылған өз міндеттерін орындауы керек. Аятолла Хаменеидің пікірінше, батыстықтар әйелдердің алдында жауап беруі керек, өйткені олар әйелдерге қиянат жасап, олардың құқықтарын бұзды. Батыс өркениеті әйелге еш нәрсе бермеді. Әйелдердің ғылыми, саяси және идеологиялық дамуын тек өздері үшін қалады. Ислам революциясының жетекшісі батыстықтар мен Батыс өркениеті тұрақсыздық қалыптастырды, Батыс өркениеті әйел мен ердің қарым-қатынасында бұзақылық пен жыныстық азаттықты қолдап, отбасы негіздерін құлдыратты деп санайды. Діни жетекші бұл туралы: «Қоғамда шаһуатын жасырмай, ешбір қиындықсыз әртүрлі еркекпен қарым-қатынас орнататын әйел еш уақытта жанұяда жақсы әйел болмайды. Сондықтан, Батыста жанұя негіздері құлдыраған»,- деді.

Батыстағы жанұя

Аятолла Хаменеи батыстықтар мен еуропалықтардың өз елдеріндегі әйелді азаптау деңгейінің жоғары болуы туралы мәліметтеріне күйзеліп: «Батыс мәдениетінің әйел мен олардың тұрақсыздығы туралы ұстанымы отбасы негіздерінің әлсіреп, әйел мен ердің бір-біріне қиянат жасауының жанұя үшін аса маңызды болмауына себеп болды. Бұл күнә емес пе? Олар мұндай мәдениеттерімен бүкіл дүниежүзін қарыздар санайды. Негізінде олардың өздері қарыздар. Батыс мәдениеті әйелдерді қорғауға міндетті. Бірақ капиталистер мен Батыстың ақпарат құралдары шындықты теріс көрсетеді. Олар өздерін әйелдердің құықтарын қорғаушы деп көрсетеді. Негізінде олай емес. Батыс мәдениеті мен өркениеті әйелдерге зардап келтіруде»,- деді.

Ислам әйелге құрметпен қарайды. Әйел отбасының ішіндегі істерді басқарады. Ол мейірім мен тыныштықтың себепкері. Қасиетті Ислам діні әйел мен ердің барлық адами ерекшеліктері тұрғысынан бірдей екенін қуаттайды. Исламда адамның жыныстық айырмашылығы маңызды емес, адамгершілігі маңызды. Аятолла Хаменеи Алланың әйел мен ерді жыныстық тұрғыдан әртүрлі жаратуын әйел мен ердің әртүрлі рөл атқаруымен байланыстырып, әйелдің адамды тәрбиелеу саласындағы рөлін маңызды санайды. Діни жетекші бұл туралы: «Адамның ең маңызды ісі – адамзат нәсілін жалғастыру, яғни дүниеге перзент әкелу. Бұл істегі әйелдің рөлін ердің рөлімен салыстыруға болмайды. Бұл тұрғыдан үй мен отбасы өте маңызды. Сол себепті Исламның жыныстық тілектерге шектеу қоюы маңызды. Ислам мен исламдық шариғатқа осы тұрғыдан қарау қажет. Адасқан Батыс мұны шектеу, ал шынайы адасушылықтарды азаттық деп атайды. Бұл – Батыстың айла-шарғысы»,- деп баса айтты.

 

 

 

Тегтер