Сәу 03, 2018 16:44 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 94

Аятолла Хаменеидің пікіріне сәйкес, Батыс әйелдердің табиғаты мен болмысына қатысты қажет әрі дұрыс танымға ие емес.

Ислам дінінің көзқарасы бойынша әйелдердің құқықтарының қатарына қоғамдық, саяси, ғылыми және экономикалық жұмыстарға қатысу құқықтары жатады. Аятолла Хаменеидің пікірінше, әйелдерге әртүрлі салаларға қатысуға жол ашық. Діни жетекші әйелдердің тәлім-тәрбиесін, қыздар мен әйелдердің білім алуын қажет мәселе деп атап, олар міндетті түрде білім алуы керек деп санайды. Күнделікті кітап оқу мен жаңа мәліметтерге ие болу, сонымен бірге әйелдердің діни ғылымдармен таныс болуы Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша әйелдер үшін өте маңызды. Өйткені, зерттеу адамның ақылы мен ой-өрісін кеңейтеді.

Аятолла  Хаменеи

Ислам революциясының жеңісінен кейін және имам Хомейнидің әйелдерді қолдауы әйелдердің білім алуы үшін қауіпсіз кеңістік орнатты. Қазіргі таңда исламдық Иранда көрнекті қайраткерлер мен ғалым әйелдер аз кездеспейді. Әйелдер медицина мен фармацевтиканың әртүрлі салаларындағы жұмыстарға қатысуда.

Исламның көзқарасы бойынша, әйелдер сау ортада экономикалық жұмыстарға қатыса алады. Бұл қасиетті діннің көзқарасы бойынша, әйелдің экономикалық жұмыстарының ақысы оның өзіне тиесілі. Сондықтан, жұбайы оны талап ете алмайды. Бұл іске тыйым салынған. Басқа жақтан, әйел отбасын қамтамасыз ету үшін ақша табуға мәжбүр емес, өйткені әйелі мен перзенттерінің шығындарын қамтамасыз ету ер адамның міндетіне жүктелген. Яғни, әйелге қажет қаржыны, сондай-ақ, әйелң мен перзенттерінің тамағы мен киімін және күнделікті тұрмысқа қажет қаржыны ер адам қамтамасыз етеді. Ислам діні үйде отырған жұмыссыз ер адамды айыптап, еңбек пен талпынысты ердің гауһар тасы деп санайды. Ер адамның жұмысының құндылығы Алланың жолындағы жиһадқа тең. Осылайша бұл істің маңыздылығы анықталады. Исламдық рауаяттарда Исламның ұлық пайғамбарының кез келген жас адамды көрген кездегі бірінші қоятын сұрағы «кәсібің не?» болған.

Әйелдердің экономикалық саладағы жұмыс істеуіне жол ашық. Аятолла Хаменеи егер әйелдердің жұмыс істегісі келсе, олар өз жаратылыстары мен қабілеттеріне сай мамандық таңдауы керек деп: «Физикалық күшті қажет ететін немесе әйелді шаршататын жұмыстар оларға лайық емес. Өйткені, бұл жұмыстар әйелдің нәзік рухына теріс әсер етеді. Әйелдің басты жұмысы – отбасы ортасын мейірімге толтыру» деген.

Алла елшісінің қызы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) имам Әли (ғ.с.)-ға тұрмысқа шыққан соң екеуі тұлғаның хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның қасына барып: «Уа, Алланың елшісі! Үйдің жұмыстарын сіздің пікіріңізге құлақ салып, бөлгіміз келеді»,- дейді. Хазірет пайғамбар сырттағы жұмыстарды имам Әли (ғ.с.)-ға, ішіндегі жұмыстарын хазірет Заһра (ғ.с.)-ға міндеттейді. Имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) өздерінің істері туралы Алла елшісінен ақыл сұрағандарына өте риза болады. Әсіресе хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) пайғамбардың оны түздегі жұмыстардан босатқанына қатты қуанып: «Алла елшісі мені ерлермен бірге сырттың жұмысын істеуден босатқанына өте қуаныштымын»,- деген болатын.

 

Сол кездердегі су тасу, отын жинау, базардан қажет нәрсені сатып алу сынды жұмыстарды хазірет Әли (ғ.с.) атқарды. Бидай мен арпаны қол диірменімен тарту, нан пісіру, тамақ дайындау, үйді жуып, тазалау хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның міндетінде болды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) саяси-қоғамдық жұмыстарға да қатысты.

Аятолла Хаменеидің пікіріне сәйкес, Батыс әйелдердің табиғаты мен болмысына қатысты қажет әрі дұрыс танымға ие емес. Хазірет Батыстың әйелдер туралы қате көзқарастары мен әйелдерді өздерінің табиғи ерекшеліктерінен алыстатып, ерлердің екінші көшірмесіне айналдыру  талпыныстарын сынап: «Бұл көзқарас шын мәнінде әйелдердің беделі мен рөлін төмендетеді. Негізінде әйелдің кемел болуы ердің кемелдігінен жоғары әрі маңыздырақ»,- деді.

Батыстағы әйелдер

Хазірет бұл салада Батыстың іс жүзінде әйелдерге ең жаман зорлық-зомбылықты көрсетіп отырғанын әшкере етті. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, батыстықтардың үлкен өтірігі – «әйелдердің азаттығы» деген ұраны. Діни жетекші: «Азаттық кең мағынаға ие, соның ішінде бас бостандығы мен ахлақ тұрғысынан да азат болу жатады. Ахлақ шек пен шекараларды көрсетеді. Өкінішке орай, батыс әлемінде азаттықтың түсінігі дұрыс емес, керісінше зиян келтіруші. Өйткені, азаттық – отбасы құру мен перзент тәрбиелеуге мүмкіндік беру. Батыс әлемінде құрсақтағы баланы алып тастау азаттық саналады»,- деді. 

Батыстықтар әйелдерді азат ету ұранымен әйелдердің жыныстық жағдайы мен ой-пікіріне немқұрайдылық танытады. Ислам революциясының жетекшісі әйелге оның жыныстық жаратылысы мен құндылықтарына сай көзқарас пен әйелдер үшін қажет мүмкіндіктерді дайындау керек деп санайды. Аятолла Хаменеи әйелдерге ләззат алу мақсатында қарауды Батыстың үлкен мәселесі деп санайды. Діни жетекші Батыстың кейбір ойшылдары бұл мәселеге алаңдаушылық отырғанын танытып отыр деп санайды. Өйткені, біржыныстылардың байланысы Батыс өркениетінің құлдырауы факторларының бірі болып табылады.

Батыстағы әйелдер жағдайы

Аятолла Хаменеи әйелдерді оларға қатысты қате көзқарастардан құтқару жолдарын ұсынып: «Біріншіден, әйелдердің рухани және ахлақтық тұрғыдан дамуына жағдай жасау қажет. Сондықтан әйелдердің өздері бұл туралы ойлануға міндетті. Олардың өздері білім алып, өмірдің негізгі мәселелеріне қатысты мәліметтерін  арттыруға талпынуы қажет»,- деді.

Аятолла Хаменеи әйелдермен кездесуінде

Аятолла  Хаменеи: «Ер адам ләззат алуы үшін әйел әдемі көрінуі керек дейді. Бұл – ердің билігі, бұл әйелдің азаттығы емес. Бұл жағдай ер адамның азаттығын көрсетеді. Ер адам тіпті ләззат алу саласында да азат болуды қалап,    әйелдің хиджабын тастатып, өзінің алдында әдемі болуға итермелейді. Ерлердің мұндай тәкаппарлығы Алланың дінінен алыс қоғамдарды таралған. Мұндай жағдай бұрынғы кезеңдерде де кездесті, қазіргі кезде де кездеседі. Сондықтан білім алу, зерттеу және көп мәліметтерден хабардар болуға қарай қадам басу әйелдердің шынайы шешімі болуы керек», -деді.

 

 

 

Тегтер