Сәу 03, 2018 22:23 Asia/Almaty
  • Иранның танымал тұлғалары (137)

Бүгінгі бағдарламада Иранның тағы бір танымал тұлғасы Ғазали Ширазимен таныстырамыз.

"Ирандық танымал тұлғалар – əлемдік мақтаныштар" атты бағдарламамыздың келесі бөлімін назарларыңызға ұсынамыз. Бұл бағдарламада х.қ.ж.с.б. 10 ғасырда өмір сүрген Иранның танымал тұлғаларының бірі Ғазали Машхадимен таныстырамыз. Ол Сефевилер заманында поэзия саласындағы жағдайдың қолайсыздығынабайланысты Үндістанға аттанған керуенге қосылған 700 өнерпаздың бірі  болып, өмірінің соңына дейін үнді сарайында болған.

Парсы әдебиеті кемелдену үдерісі бойында  әртүрлі өзгерістер мен көптеген кезеңдерді бастан өткерді. Бұл кезеңдер проза мен поэзия саласында ерекше бір стильдің дамуымен немесе ірі ақындар мен жазушылардың пайда болуымен қалыптасты. Кезеңдердің бірі х.қ.ж.с.б. 10 ғасырда басталады. Бұл кезең парсы тілі мен әдебиетінің Үнді түбегіне таралуы және көптеген парсы шайырларының осы аймаққа қоныс аударуына байланысты өте маңызды. Үндістанға аттанған 700-ден астам адамдық керуеннің құрамында болған Шах Тахмасп Сефевидің сарайындағы танымал ақын Ғазали Машхади басқалардан көбірек көңіл аударуға тұрарлық. "Діни әлсіздік" деген айыппен қудаланып, теперіш көрген ол қоныс аударудан басқа амал таппай, қайтпас сапарға қажет заттарын алып, поэзиялық ынтамен аттанды.

Х.қ.ж.с.б. 10 ғасырдың қадірлі ақыны Ғазали Машхадидің ата-тегі туралы тазкере-өмірбаяндар кітаптарында аса көп мәлімет жоқ. Тек "Сопылардың сыйлығы" атты тазкереде аты «Мұхаммад», әкесінің аты «Абдулла» деп жазылған. "Әрдайым көктем" атты тазкереде ақының аты «»Әли Резаи Машхади деп жазылған. Ақынның туған жылы туралы да қайшылықтар бар. Кейбіреулер оны х.қ.ж.с.б. 930 жылы туған деп санаса, басқа зерттеушілер 936 жылы туған деп есептейді. Туған жері өзінің жазуы бойынша және тазкере жазушылардың барлығының айтуынша Мешхед қаласы болған.  

Өмір ағысында

Мешхед жерінен шыққаным – менің дәулетім.

Ақынның балалық шағы туған жерінде өткен, ғылым мен танымды сол жерде алған. Ғазали жасөспірім кезінен, тіпті бала кезінен бастап танымал ақын болған. Өз заманындағы бір ақынды келеке еткеннен кейін оның танымалдығы арта түскен. Тазкерелерде айтылғандай, өз заманындағы поэзия мен ғылым салаларын үйренумен қоса, сопылық жолына аяқ басқан. "Рияз ал-арефин" атты тазкереде былай деп жазылған: "Ғылыми танымын арттырумен қоса, тариқат жолын үйреніп, танымның сопысына айналды". Азар Бигдели де "Аташкаде" деп аталатын тазкереде оның сопы және дәруіштік болмысын атап өткен.

Тазкерелерге шолу жасағанда көптеген ұлы тұлғалардың өздерін "Ғазали" деп атағанын көруге болады. Олардың арасында кейбіреулер әдейі "ғаззал", яғни «жіп иіруші» деген сөзге қатысты "Ғаззали" сөзін өздерінің лақап аты ретінде таңдаған. Ал басқа бір топ "ғазал", яғни «бұғы» деген мағынадағы "Ғазали" деген сөзді таңдаған. Ғазали Машхади өзінің "Асар әш-Шобаб" атты жинағындағы бір қытада өзінің лақап атының мағынасын түсіндіргенде "бұғы" деген мағынадағы "Ғазали" сөзін қолданғанын айтқан.

Жүсіп жүздінің сиқырын сипаттағанда

Ғазали ғазал айтушы болды.

Балалық шағымнан бұғы болғандықтан,

Бала бұғы – балалардың көзі.

Ғазалиді лақап ат етіп алғаным,

Бұғылардан адамдықты көп көрдім.

 

Ғазали өз заманында рәсім болған ғылыми дәрежелерден өткеннен кейін поэзияға жақын болғандықтан Шах Тахмасп Сефеви сарайына жол тартты. Біраз уақыт Қазвин қаласында осы шахқа қызмет етіп, оның атымен тың поэма бастады.

Ғазали х.қ.ж.с.б. 958 жылы Шах Тахмасп тарапынан Ширазға баруға тапсырма алады. Ол шахты ренжіткен қажы Амир Коджаджи Мехрдадты келеке етуі тиіс болған. Бұл кезде Ғазали Машхади 22 жаста ғана еді.

Ғазали Машхади Амир Коджаджи Мехрдадты келеке ету үшін Ширазға барып, сарайға қайтып оралғаннан кейін Үндістанға қоныс аударуға шешім қабылдайды. Тазкерелерде бұл жайлы анық мәлімет жоқ. Шах Тахмасп Сефеви билік құрған жылдардың жағдайына шолу жасағанда Ғазали Машхадидің Үндістанға  қоныс аударуының дәлелдерін табуға болады.

Ғазали мен басқа да ирандық ақындар мен өнер иелерінің Үндістанға қоныс аударуының себептерінің бірі – үкіметтің қатігездігі мен нашар қатынасы. Сефевилер әулетінің  қатігездігі шах Исмаил I мен оның ұлы шах Тахмасптың кезінде өзінің шарықтау шегіне жетті. Шах Тахмасптың кезінде кейбір әмірлер мен қызметкерлер белгісіз себептермен қатігездіктің құрбанына айналды. Осы құрбандардың арасында Джалаледдин Хандемир шах Исмаилдың уәзірі де болды. Белгісіз бір себеппен шах Тахмасптың одан көңілі қалып, ақырында патшаның қаһарына ұшырап, өртелді.

Сефевилер кезеңіндегі ғалымдар мен дәрігерлердің бірі Рокнеддин Масуд Казеруни сұлтанның қаһарына ұшырап, өртелді. Ғазали Машхади осындай қатынастың куәсі болды. Сондай-ақ, Амир Бек Коджаджиге көрсетілген қатынас оның жүрегіне қорқыныш ұялатып, осыған ұқсас тағдырға душар болудан сақтандырды.

Ғазалидің Үндістанға қоныс аударуының келесі бір себебі Сефеви әулетінің сопылармен күресуі болды. Сефевилердің үкіметі сопылардың бір тобының қозғалысынан басталғанымен мұнымен бір мезгілде Сефевилер заманы сопылар үшін ең қолайсыз кезең болды.

Тазкере жазушылардың  көбінің айтуынша, сопы сипатты Ғазали Машхадидің өміріне қатер төніп тұрған. Осы мәселе Ғазалидің Иранда қалуына мүмкіндік бермей, оны Үндістанға қоныс аударуға мәжбүр етті.

Марқұм доктор Забихулла Сафа Ғазали Машхадидің қоныс аударуының себебі жайында "Иран әдебиетінің тарихы" атты кітапта: "Өзінің ақындық азат ойынан қол үзе алмаған Ғазали жуырда ауыр айыпқа ұшырады. Иранның фанаттық ортасындағы жамандық тілеушілерге байланысты бұл елде қала алмады",-деп жазды. Ғазалидің Үндістанға келген кезінде бұл жерді Гурканиан әулеті басқарып тұрған еді. Захиреддин Бабыр Теймуридің ұрпағы болып табылатын бұл әулет парсы тілі мен мәдениетін дәріптеп, оның Үндістанда таралуында айшықты рөл атқарды.

Захиреддин Бабыр Гуркани императорының ұлы Джалаледдин Мираншах ұрпақтарының бірі болды. Ол х.қ.ж.с.б. 937 жылға дейінҮндістанда билік жүргізді, одан кейін билік оның ұлы Насреддин Хомаюнға жетті. Ол х.қ.ж.с.б. 937 жылдан 963 жылға дейін Үндістанда билік етті. Ол 951 жылы Дели патшасы Ширшах Ауғаннан  жеңіліс тауып, шах Тахмасп Сефевиден пана іздеді. Иранда бір жыл тұрғаннан кейін сефевилік қызылбастардың көмегімен дұшпандармен соғысып, сол жылы Қандағарды басып алды. Сол кезден  962 жылға дейін өзінің қарсыластарымен үздіксіз соғыстардан кейін Делиді басып алды. Бір жылдан кейін Шолпан жұлдызының шыққанын көріп, намаз оқу үшін өз кітапханасының төбесіне шыққан кезде жерге құлап түсіп, көз жұмды. Одан кейін оның ұлы Джалаледдин Акбар билікке келді.

Захиреддин Бабыр

Джалаледдин Акбардың билік еткен кезеңінің бір бөлігі Иранда шах Тахмасп Сефевидің билік құрған уақытымен тұспа-тұс келіп, Сефевилердің жеріндегі бүлік заманы х.қ.ж.с.б. 996 жылы, яғни шах Аббас I-нің билік басына  келгенге дейін жалғасты.

Доктор Сафаның айтуынша, Үндістандағы Гурканианның билік кұрған кезін кейбір батыс тарихшылары мен үнді жазушылары бұл дәуірді "Үнді моғолдары дәуірі немесе Үндістанның ұлы моғолы" деп атады. Бұл дәуірде парсы әдебиеті мен мәдениеті таралып, ирандық ақындардың Үндістанға қоныс аударуы басталды.  Осы көшулердің себебі бір жағынан Сефеви сарайының бейберекеттігі мен шайырларға көңіл аудармауымен, екінші жағынан парсы әдебиеті мен поэзиясына ерекше көңіл аударған Үндістандағы Гурканиан патшаларының ынталандыруымен байланысты болды. Мысалы, Хомаюн шах әсіресе Иранда бір жыл тұрған кезінде ирандық ақындар мен жазушыларды Үндістанға көшіп келуге шақырды.