Сәу 16, 2018 20:33 Asia/Almaty

«Ахзаб» сүресінің 13-17 аяттарының тәпсірі:

«Ахзаб» сүресінің 13 аяты:

«وَإِذْ قَالَت طَّائِفَةٌ مِّنْهُمْ یَا أَهْلَ یَثْرِبَ لَا مُقَامَ لَکُمْ فَارْجِعُوا وَیَسْتَأْذِنُ فَرِیقٌ مِّنْهُمُ النَّبِیَّ یَقُولُونَ إِنَّ بُیُوتَنَا عَوْرَةٌ وَمَا هِیَ بِعَوْرَةٍ إِن یُرِیدُونَ إِلَّا فِرَارًا»

Сол уақытта олардан бір бөлімі: “Әй, мединеліктер! Енді сендерге тұруға болмайды. Дереу қайтыңдар” десе, олардың тағы бір бөлімі Пайғамбардан: “Үйлеріміз иен еді” деп, рұқсат сұрайды. Негізінде олардың (үйлері) иен емес, олар қашуды ғана ойлайды. (13)

Алдыңғы бағдарламада түсіндірген аяттарда «Ахзаб» соғысы басталды. Мұнафықтар мен қара ниетті адамдар басқалардың рухтарын әлсіретуге кірісіп: «Пайғамбар бізді алдады. Біз жеңіске жетпейміз» деген сөздерді айтқанын баяндадық. Осы аят жалғасында: «Мұнафықтардың бір тобы дұшпанмен соғысу үшін қаладан кетіп бара жатқан адамдарға: «Ол жер сендерге арналмаған. Сендердің қолдарыңнан түк келмейді. Үйлеріңе қайтып, жұбайларың мен перзенттеріңе қараңдар» десті. Тағы бір топ әртүрлі сылтаулармен пайғамбарға келіп, кері қайтуға рұқсат сұрады. Олардың ойлары соғыс майданынан қашу болды.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Адамдардың рухын әлсірету үшін қауесет  тарату –  мұнафықтардың жобасы. Иман иелері қоғамдық деңгейде сондай адамдар мен олардың бұрыс қылықтарынан абай болғаны жөн.

2.Алланың елшісі соғыс кезінде өзі басшылық етті. Хазірет қатер сәтінде адамдардың қастарында болып, оларды тастап кеткен жоқ.

«Ахзаб» сүресінің 14-15 аяттары:

«وَلَوْ دُخِلَتْ عَلَیْهِم مِّنْ أَقْطَارِهَا ثُمَّ سُئِلُوا الْفِتْنَةَ لَآتَوْهَا وَمَا تَلَبَّثُوا بِهَا إِلَّا یَسِیرًا»، «وَلَقَدْ کَانُوا عَاهَدُوا اللَّـهَ مِن قَبْلُ لَا یُوَلُّونَ الْأَدْبَارَ  وَکَانَ عَهْدُ اللَّـهِ مَسْئُولًا»

Егер оларға әр тараптан кіріліп, сосын өздерінен пітіне талап етілсе, әрине кешіктірмей-ақ, белсене кірісер еді. (14)

Негізінде бұрыннан қайта қашпауға Аллаға уәде берген. Аллаға берген уәдесіне жауапкер. (15)

Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Бүгін дұшпанмен қарсыласудан қашып жатқандар қатерді қабылдауға әзір емес. Себебі, олардың Құдайға деген имандары әлсіз, тұрақсыз. Сондықтан, егер дұшпан Медине қаласына еніп,  олардан күпір мен шеркке қайтыңдар десе, тез арада олардың ұсыныстарын қабылдап, имандарынан қол үзеді. 

Олар Алланың елшісімен келісім жасап, ислам пайғамбары мен мұсылмандарға дұшпаннан қауіп төнген кезде қолдау көрсетіп, дұшпанды көрген кезде қашпауға уәде бергенімен, уәделері мен келісімдеріне табандылық танытпай, оны бұзды. Олар бұл тұрғысында жауап беретіндіктерін біле тұра осындай іске барды.

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Ислам қоғамдарында кездесетін имандары әлсіз адамдар оп-оңай түрде хақтан қайтып, дұшпанға бет бұрады. Олар дұшпанның үстемдігін қабылдауға әзір болғанымен, ислам жетекшілерін дұшпанның алдында қолдауға әзір емес. Келісімді бұзу – имансыздықтың белгісі.

«Ахзаб» сүресінің 16-17 аяттары:

 

«قُل لَّن یَنفَعَکُمُ الْفِرَارُ إِن فَرَرْتُم مِّنَ الْمَوْتِ أَوِ الْقَتْلِ وَإِذًا لَّا تُمَتَّعُونَ إِلَّا قَلِیلًا»، «قُلْ مَن ذَا الَّذِی یَعْصِمُکُم مِّنَ اللَّـهِ إِنْ أَرَادَ بِکُمْ سُوءًا أَوْ أَرَادَ بِکُمْ رَحْمَةً  وَلَا یَجِدُونَ لَهُم مِّن دُونِ اللَّـهِ وَلِیًّا وَلَا نَصِیرًا»

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер өлімнен немесе өлтіруден қашсаңдар, сендерге еш пайда бермейді. Қашқан уақытта да, аз-ақ пайдаланасыңдар” де. (16)

“Егер Алла сендерге бір жамандық қаласа немесе жақсылық қаласа, сендерді Алладан қорғайтын кім?”,- де. Негізінде, олар өздеріне Алладан өзге бір дос немесе бір көмекші таба алмайды. (17)

Осы аяттарда Құдай дұшпанмен күресуден қашатын адамдарға «Өлімнен қорқып, майдан алаңынан қашсаңдар, сендерге пайдалы болады деп ойламаңдар. Себебі, көп болса осы дүниеде бірнеше күн ғана сендерге пайда келеді. Бірақ, мәңгілік тозақты өздеріңе сатып аласыңдар. Алланың қаһары мен ашу-ызасына ұшырайсыңдар.

Сонымен қатар, өлім тек соғыс шебінде ғана емес. Табиғи түрде қаншама адам көз жұмып, дүниеден озуда.

Егер соғыстан қашсаңдар, табиғи өлімнен немесе әртүрлі оқиғалардың салдарынан жантәсілім етпейтіндіктеріңе қандай кепілдік бар?

Құдай сендердің жандарыңды соғыс шебінен тыс жерде ала алмайды деп ойлайсыңдар ма? Сендердің Құдайдың қалауы алдында соны паналап, илаһи қалаудан босай алатындай паналарың бар ма? Немесе одан басқа Құдайдың алдында сендерге көмектесетін басқа қорғаушыларың бар ма? Сондықтан дұшпанмен күрестен қашудың орнына күрес майданында болыңдар. Абыроймен еңселеріңді тік ұстап, соғысыңдар. Егер сол жолда шәһид болсаңдар, сендер Құдай тарапына  ораласыңдар» дейді.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Өлім – баршаның істерінің соңы. Бұл жолдан қашатын  жол жоқ. Ерте мен кеш пе, кету керек болады. Ондай болса Құдай жолындағы, Алланың бұйрықтарын орындау жолындағы өлімнен артық не бар?

2. Мәңгілік бақытты пәни дүние мен оның өткінші қызықтарына сатудан абай болайық.

3.Жаратылыс Құдайдың хикметі және қалауымен басқарылады.

  1. Қиындықтар мен қуаныштар, жеңістер мен жеңілістер – бұлардың барлығы илаһи хикметке негізделген. Адамның бақыты да Құдайдың тағылымдары мен бұйрықтары жолындағы әрекетке байланысты.

 

 

 

Тегтер