«Ахзаб» сүресі, 750-ші бөлім, 26-31 аяттар
«Ахзаб» сүресінің 26-31 аяттарының тәпсірі
«Ахзаб» сүресінің 26-27 аяттары:
«وَأَنزَلَ الَّذِینَ ظَاهَرُوهُم مِّنْ أَهْلِ الْکِتَابِ مِن صَیَاصِیهِمْ وَقَذَفَ فِی قُلُوبِهِمُ الرُّعْبَ فَرِیقًا تَقْتُلُونَ وَتَأْسِرُونَ فَرِیقًا»، «وَأَوْرَثَکُمْ أَرْضَهُمْ وَدِیَارَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ وَأَرْضًا لَّمْ تَطَئُوهَا وَکَانَ اللَّـهُ عَلَى کُلِّ شَیْءٍ قَدِیرًا»
Алла (Т.) кітап иелерінен жауға болысқандарды бекіністерінен түсірді. Сондай-ақ, олардың жүректеріне үрей салды. Бір бөлімін өлтіріп, бір бөлімін тұтқынға алып жаттыңдар. (26)
Олардың жерлеріне, үйлеріне, малдарына және сендер аяқ баспаған жерге сендерді мұрагер қылды. Әр нәрсеге Алланың толық күші жетеді (27).
Тарихи рауаяттарда Медине қаласында яһуди қауымынан үш тайпаның өмір сүргені айтылған: Ғинақа, Назир, Ғаризе. Осы үшеуі де мұсылмандармен бейбіт өмір сүру туралы келісім жасаған. Алдыңғы екі тайпа хижридің екінші және төртінші жылдары келісімді бұзып, мұсылмандарға қарсы әрекет жасап, соңында Мединеден қуылды. Бірақ, әлі Мединеде болған Ғаризе тайпасы хижридің бесінші жылы «Ахзаб» соғысы барысында Меккенің мүшіріктері мен Мединенің айналасындағы кейбір тайпалармен одақтасқан. Сол соғыста Ғаризе тайпасының одақтас мүшіріктері жеңіліс тауып, яһудилер қорыққандарынан өздерінің қамалдарына бас сауғалайды.
Пайғамбар Құдай тарапынан келісімді бұзушы адамдардың ісін тәмамдауға жауапты болып тағайындалды. Сол себепті Ғаризе тайпасының қамалын мұсылмандар қоршауға алып, біраздан кейін оған енді. Сол оқиғада олардың біразы қарсыласып, өлді. Бірақ, олардың көбісі беріліп, қаруларын жерге тастады. Соғыстың нәтижесінде келісімге берік болмаған яяһудилер Медине қаласынан қуылды. Бұл соғыс экономикалық тұрғыдан мұсылмандар үшін үлкен олжа әкелді. Оның арасында бақтар мен егістік алқаптар болды. Олар мұсылмандардың арасында бөлінді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Ислам діні мұсылман еместермен бейбіт қатар өмір сүруге үндейді. Бірақ, олар да мұсылмандармен бейбіт қатынаста болған жағдайда ғана. Исламның дұшпандарымен серіктестік жасаса, жағдай басқаша.
2.Дұшпанның мықты, дамыған құрал-жабдықтарының алдында әлсіздікке ұшырамаңыздар. Себебі, кейде Құдай олардың жүректеріне қорқыныш ұялатып, сіздерді жеңімпаз етеді.
3.Ислам қоғамының істерін басқаруда материалды есептермен қатар илаһи жәрдемдер үшін де есеп ашайық.
«Ахзаб» сүресінің 28-29 аяттары:
«یَا أَیُّهَا النَّبِیُّ قُل لِّأَزْوَاجِکَ إِن کُنتُنَّ تُرِدْنَ الْحَیَاةَ الدُّنْیَا وَزِینَتَهَا فَتَعَالَیْنَ أُمَتِّعْکُنَّ وَأُسَرِّحْکُنَّ سَرَاحًا جَمِیلًا»، «وَإِن کُنتُنَّ تُرِدْنَ اللَّـهَ وَرَسُولَهُ وَالدَّارَ الْآخِرَةَ فَإِنَّ اللَّـهَ أَعَدَّ لِلْمُحْسِنَاتِ مِنکُنَّ أَجْرًا عَظِیمًا»
Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа: “Дүние тіршілігін оның сәнін көксесеңдер, дереу келіңдер, сендерге бір нәрселер беріп, көркем түрде ажыратайын” де. (28)
“Егер Алланы, Елшісін және ақырет жұртын қаласаңдар, әрине Алла сендерден жақсылық істегендерге зор сыйлық дайындайды” (29).
«Ахзаб» соғысы оқиғасының аяқталуымен осы аяттар пайғамбардың жұбайлары туралы алғашқы сүренің аяттарына оралып, оларға: «Сендер, пайғамбардың жұбайлары хазіреттің өзі сияқты мұсылман әйелдер мен қыздарға үлгі болуларың керек. Патшалардың әйелдері сияқты алтын мен сән-салтанат, дүниенің байлығына ие болып, қымбат киім киюді күтпеңдер» дейді.
Қалай болғанда да, Құдай оны барлық мүміндер үшін үлгі етіп таңдаған пайғамбардың жағдайын сақтауы хазіреттің илаһи жауапкершілігін барлық нәрседен маңызды санауға міндеттейді.
Сол себепті, хазірет жұбайларына «Егер пайғамбардың жұбайлары болғандықтан қоғамның басқа адамдарынан гөрі бақуаттырақ ғұмыр кешеміз деп ойласаңдар, мұндай тілектерің орындалмайды. Сендер менен кете аласыңдар. Бірақ, егер басқа да мұсылман әйелдер сияқты қарапайым өмір сүріп, Құдай үшін дүниенің қиындықтарына шыдауға әзір болсаңдар, қажет жерде ізгі іс жасасаңдар, Сонда Құдай сендердің сыйларыңды береді" деді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Ислам жүйесі жетекшілерінің отбасы үлде мен бүлдеге оранып, өмір сүрмеуі кеерк. Жетекшілер мен оларға жақын адамдар халықтың бақылауында болады.
2.Ислам қоғамының жетекшісі өзінің жағдайы мен орынын ұмытпауы керек. Ол отбасының жөнсіз талап-тілектеріне ермеуі керек.
3. Ислам мәдениетінде жұбайлардың бір-бірінен сұрайтын тілектері діни тағылымдар мен бұйрықтарға қайшы келмеуі керек. Ондай талаптарды орындаудың қажеті жоқ.
«Ахзаб» сүресінің 30-31 аяттары:
«یَا نِسَاءَ النَّبِیِّ مَن یَأْتِ مِنکُنَّ بِفَاحِشَةٍ مُّبَیِّنَةٍ یُضَاعَفْ لَهَا الْعَذَابُ ضِعْفَیْنِ وَکَانَ ذَلِکَ عَلَى اللَّـهِ یَسِیرًا»، «وَمَن یَقْنُتْ مِنکُنَّ لِلَّـهِ وَرَسُولِهِ وَتَعْمَلْ صَالِحًا نُّؤْتِهَا أَجْرَهَا مَرَّتَیْنِ وَأَعْتَدْنَا لَهَا رِزْقًا کَرِیمًا»
«Әй, Пайғамбардың әйелдері! Сендерден біреу ашық бір ұятсыздық істесе, оның азабы екі есе арттырылады. Бұл Аллаға оңай» (30).
«Сендерден кім Аллаға, Пайғамбарына бой ұсынып, ізгі іс істесе, оған да екі есе сыйлық береміз. Сондай-ақ, оған мол несібе береміз». (31)
Пайғамбардың жұбайларының қоғамдағы үлгі болатын рөлі туралы алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Сендердің жақсы-жаман істерің басқа мұсылмандардың, әсіресе мұсылман әйелдердің көз алдарында болғандықтан, жаман-жақсы істерді таратуда өте маңызды ие. Сондықтан, істеріңнің сыйы мен жазасы қарапайым адамдардың істеріндей емес. Сол себепті, бір жағынан сендер уәһи түсетін үйде өмір сүріп, діннің ахкамдарымен таныссыңдар. Басқа жақтан, сендердің істерің басқа әйелдерге үлгі болады»
Осы аяттардан .йрененіміз:
1.Алланың жазасы мен сыйында адамның хабардарлық деңгейімен қатар оның қоғамға әсерінің мөлшері де маңызды.
2. Илаһи жүйеде діни жетекшілермен, тіпті пайғамбармен туыстық байланыс адамға артық құқық бермейді. Керісінше, тіпті ол адамның күнәсының жазасы екі есе саналады.
2.Діни жетекшілердің күнәлары қарапайым адамдардан айырмашылыққа ие. Басқаша айтқанда, олардың кішкентай күнәсы қарапайым адамдардың кішкентай күнәсінен үлкен. Қалай болғанда да олардың тура жолдан таюы басқалардан көбірек күнә жасаған саналады.