Сәу 17, 2018 23:31 Asia/Almaty

«Ахзаб» сүресінің 51-54 аяттарының тәпсірі:

«Ахзаб» сүресінің 51 аяты:

«تُرْجِی مَن تَشَاءُ مِنْهُنَّ وَتُؤْوِی إِلَیْکَ مَن تَشَاءُ وَمَنِ ابْتَغَیْتَ مِمَّنْ عَزَلْتَ فَلَا جُنَاحَ عَلَیْکَ  ذَلِکَ أَدْنَى أَن تَقَرَّ أَعْیُنُهُنَّ وَلَا یَحْزَنَّ وَیَرْضَیْنَ بِمَا آتَیْتَهُنَّ کُلُّهُنَّ  وَاللَّـهُ یَعْلَمُ مَا فِی قُلُوبِکُمْ  وَکَانَ اللَّـهُ عَلِیمًا حَلِیمًا»

(Мұхаммед Ғ.С.) жұбайларыңнан кімді кейін қалдырып, қалағаныңды жаныңа аласың. Бөлек қойғандарыңнан біреуін қаласаң да саған бір кінә жоқ. Бұл олардың көзайым болып, кейімеуіне және оларға берген нәрсеңде түгел разы болуына тағы жақын. Алла жүректеріңдегіні біледі. Алла (Т.) толық білуші, тым жұмсақ (51).

Алдыңғы бағдарламада ардақты пайғамбардың хазірет Хадидже қайтыс болған соң 53 жасқа келген шағында бірнеше әйелге үйленгені туралы айттық. Ол некелердің бірқатары кейбір тайпалардың ұсыныстарымен жасалды. Олардың мақсаттары пайғамбар солардың тайпаларынан әйел алып, сол арқылы өздерінің пайғамбармен туыстықтарын мақтаныш ету болды.

Пайғамбар кейбір жесір әйелдерге бас-көз болуды көздеді. Айтуға тұрарлық жайт, пайғамбардың әйелдерінің ішінде тек біреуінен басқасының барлығы жесір әйелдер болған. Сол себепті пайғамбар олардан көп бала сүймеді.  

Бұл некелердің көбісі пайғамбардың қалауымен болмағандықтан кейбір әйелдер тіпті меһрие де алмастан, тек пайғамбардың есімі олар үшін маңызды болғандықтан Алланың елшісіне күйеуге шығуға әзір болды.

Сол себепті Құдай осы аятта пайғамбарға жұбайларының арасында уақыт бөлуде өзі дұрыс деп тапқан тәсілмен олардың көңілдерінен шығатындай әрекет етуге рұқсат берді. 

 Жұбайларының әрқайсы пайғамбардың қолынан келмейтін істен үміттенгені қалыпты жағдай. Пайғамбарлық ресалаттың қиын міндеті мен олардың барлығын орындау мүмкіндігінің болмағанына қарамастан исламның ардақты елшісі мүмкіндігінше оларды орындауды жөн көрді. Өйткені, жұбайдың ризашылығы адамның тыныштығында маңызды рөл атқарады.  

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Діни және қоғамдық ауыр міндеттерді орындау отбасылық міндеттерді тастауға себеп болмауы керек.

2.Отбасы мүшелері, әсіресе әйел күйеуі қоғамдық ауыр міндеттерге ие болған кезде оның жағдайын түсініп, оған көмектесуі керек.

3. Қауіпсіз, тыныш кеңістік орнату жұбай үшін қуаныш пен ризашылық негізін қалыптастырып, қам-қайғыны алыстатады.

«Ахзаб» сүреінің 52 аяты:

«لَّا یَحِلُّ لَکَ النِّسَاءُ مِن بَعْدُ وَلَا أَن تَبَدَّلَ بِهِنَّ مِنْ أَزْوَاجٍ وَلَوْ أَعْجَبَکَ حُسْنُهُنَّ إِلَّا مَا مَلَکَتْ یَمِینُکَ  وَکَانَ اللَّـهُ عَلَى کُلِّ شَیْءٍ رَّقِیبًا»

Саған бұдан кейін әйелдер халал емес, сұлулықтары қызықтырса да. Жұбайларыңды  ауыстыруыңа (бұлардан бірін ажыратып, орнына басқа әйел алуыңа) болмайды. Бірақ қол астындағы күңдерге қатысты емес. Алла барлық нәрсені бақылаушы (52).

Пайғамбардың жұбайлары туралы әңгіменің жалғасында осы аят әйелдердің пайғамбардың әйелі болуға өтініш жасауын тоқтатуға қатысты  былай дейді: «Уа, пайғамбар! Үйлену туралы әйелдердің ешбір ұсынысына оң жауап берме! Құдай маған тағы әйел алуға тыйым салды де. Егер тіпті өтініштерін қайталаса, қазіргі әйелдеріңнің кейбіреуін талақ етіп, олардың орнына басқа әйелге үйлен. Алайда бұл ұсынысты бәрібір қабылдама. Тіпті, егер ұсыныс жасаушы жас, сұлу әйел болса да. Әдетте осындай жағдайларда адамның үйлену үшін қалауы мен ынтасы күшті болады».

Тарихи рауаяттарға сәйкес, Алланың елшісі жас әйелдер хазіретке үйлену туралы ұсыныс жасамауы үшін үйленген жесір әйелдерінің ешқайсын талақ етпеген, жаңадан әйел де алмаған. 

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Пайғамбардың заңдылығы мен Құранның илаһи болу дәлелдерінің бірі – пайғамбарға айтылған шектеулерді баяндаған аяттарда. Егер Құран пайғамбардың ойынан шығарылғанда хазіретке шектеу қойған мұндай аяттар кездеспеген болар еді. 

3. Жас әрі сұлу әйелге үйлену үшін қазіргі әйеліне немқұрайдылық танытуға немесе оны талақ етуге Құдай тарапынан тыйым салынған. 

«Ахзаб» сүресінің 53-54 аяттары:

«یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا لَا تَدْخُلُوا بُیُوتَ النَّبِیِّ إِلَّا أَن یُؤْذَنَ لَکُمْ إِلَى طَعَامٍ غَیْرَ نَاظِرِینَ إِنَاهُ وَلَـکِنْ إِذَا دُعِیتُمْ فَادْخُلُوا فَإِذَا طَعِمْتُمْ فَانتَشِرُوا وَلَا مُسْتَأْنِسِینَ لِحَدِیثٍ إِنَّ ذَلِکُمْ کَانَ یُؤْذِی النَّبِیَّ فَیَسْتَحْیِی مِنکُمْ  وَاللَّـهُ لَا یَسْتَحْیِی مِنَ الْحَقِّ  وَإِذَا سَأَلْتُمُوهُنَّ مَتَاعًا فَاسْأَلُوهُنَّ مِن وَرَاءِ حِجَابٍ  ذَلِکُمْ أَطْهَرُ لِقُلُوبِکُمْ وَقُلُوبِهِنَّ وَمَا کَانَ لَکُمْ أَن تُؤْذُوا رَسُولَ اللَّـهِ وَلَا أَن تَنکِحُوا أَزْوَاجَهُ مِن بَعْدِهِ أَبَدًا  إِنَّ ذَلِکُمْ کَانَ عِندَ اللَّـهِ عَظِیمًا»، «إِن تُبْدُوا شَیْئًا أَوْ تُخْفُوهُ فَإِنَّ اللَّـهَ کَانَ بِکُلِّ شَیْءٍ عَلِیمًا»

Әй, мүміндер! Пайғамбардың үйлеріне сендерге рұқсат берілмейінше кірмеңдер де, тамақтың пісуін күтпеңдер. Бірақ қашан шақырылсаңдар; кіріңдер де, тамақ жеген кезде, дереу тарқандар, сөзге айналмаңдар. Расында бұларың Пайғамбарды қынжылтады әрі сендерден ұялады. Бірақ Алла (Т.) шындықтан ұялмайды. Егер Пайғамбар (Ғ.С.) дың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, далданың артынан сұраңдар; бұларың, сендердің де, олардың да жүректерінің тазалығы. Сондай-ақ сендердің Алланың Елшісін қынжылтуларыңа және одан кейін жұбайларымен әсте некеге тұруға болмайды. Ондай іс Алла қасында зор күнә. (53)

Бір нәрсені әшкерелесеңдер де, жасырсаңдар да әрине Алла (Т.) әр нәрсені толық біледі. (54)

Бұл аят қоғамдық және қонаққа баруға қатысты әдет-ғұрыптарды баяндап, иман адамдарына тосын түрде ешкімнің үйіне кірмеуге, егер біреу үйіне шақырса, дер уақытында барып, ас ішкен соң ол үйден кетуге, егер шақырмаса, бірақ сол үйде жұмыстары болып, сол үйге баруға мәжбүр болса есіктің артынан жұмыстарын айтып, үйдегі банулардың жеке бас кеңістіктерін сақтауға, күдік тудыратындай, тақуалықпен үндеспейтіндей қатынас жасамауға бұйырады.

Пайғамбардың үйі мен отбасына қатысты нұсқаулар ең жақсы түрде сақталуы керек. Пайғамбардың ренішіне себеп болатын кез келген істен тартыну керек.

Бұлар қонаққа барудың кейбір әдет-ғұрыптарын баяндаған. Құранның басқа аяттарында осыған байланысты басқа жайттарға сілтеме жасалған. 

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Иманның қажеттілігі – ахлақ пен қоғамдық әдет-ғұрыптарды сақтауда. Ғибадатты орындаудың жалғыз өзі жеткіліксіз.

2. Үй – жеке бас үшін қауіпсіз кеңістік. Еш адамның үй иесінің рұқсатынсыз оның үйіне кіруге хақысы жоқ.

3.Қонаққа шақырып, қонақты күту – ислам діні мен илаһи жетекшілер кеңес беретін іс. Бірақ қонақ үй үйесінің берекесін кетіріп, мазасын алмауы керек.

3.Хиджабтың пәлсапасы мен ерлер мен әйелдердің қоғамдық қатынастарын шектеу олардың адалдықтарын сақтап, зиянды факторлардан аулақ болуына себеп болады.