Сәу 17, 2018 23:44 Asia/Almaty

«Ахзаб» сүресінің 55-58 аяттарының тәпсірі:

                                          بسم الله الرحمن الرحیم

«Ахзаб» сүресінің 55 аяты:

«لَّا جُنَاحَ عَلَیْهِنَّ فِی آبَائِهِنَّ وَلَا أَبْنَائِهِنَّ وَلَا إِخْوَانِهِنَّ وَلَا أَبْنَاءِ إِخْوَانِهِنَّ وَلَا أَبْنَاءِ أَخَوَاتِهِنَّ وَلَا نِسَائِهِنَّ وَلَا مَا مَلَکَتْ أَیْمَانُهُنَّ وَاتَّقِینَ اللَّـهَ  إِنَّ اللَّـهَ کَانَ عَلَى کُلِّ شَیْءٍ شَهِیدًا»

(Пайғамбар Ғ.С. ның) жұбайларына әкелері, ұлдары, туыстары, олардың ұлдары, қыз туыстарының ұлдары, мұсылман әйелдер және қол астарындағы күңдері жайында бір айып жоқ. (Бұларға көрінулеріңе болады.) (Әй әйелдер!) Алладан қорқыңдар! Алла (Т.) әр нәрсені көреді. (55)

Алдыңғы бағдарламада намахрамның алдындағы хиджаб үкіміне тоқталдық. Осы аят бір-біріне махрам саналатын туыстық байланысқа сілтеме жасап: «Әкесі, ағасы мен інісі, ұлы сияқты отбасы мүшелері сол үйдің қыздары мен апа-сіңлі, қарындастары мен аналары үшін махрам саналады» дейді.

Сондай-ақ, ағалары мен апаларының балалары өздерінің көкелері мен тәтелері үшін махрам болады. Мұндағы мақсат қыздар мен әйелдерге отбасының ішкі байланыстарында қиындық тумауы үшін.

Мұсылман әйелдер бөтен ер адамдармен қоса кәпір немесе қыхметші әйелдердің алдында да дұрыс киім киюі керек. Себебі, олар көргендерін өздерінің күйеулеріне немесе бөтен еркектерге айтуы мүмкін.

Бұл ахкамдардың барлығы әйелдерді ахлақтық ластықтардан сақтау үшін айтылған. Сыртқы қатынастарды бақылаумен қатар ішкі тақуалық та адамның бойында күшейтілуі керек. Ол күнәға ластануға негіз әзірленбеуі үшін қажет.

Осы аяттан үйренетініміз:

  1. Ислам ахкамы қиындыққа себеп болмайды. Бірге тұратын отбасы мүшелері бір-біріне махрам. Бөтен адамдардың алдында хиджаб кию – уәжіп.
  2. Отбасылық және қоғамдық байланыстарда махрам болса да, намахрам болса да барлық іс тақуалық пен пәктік және адалдыққа негізделуі керек. Хиджаб үкімі де осы негізде шығарылған. 

«Ахзаб» сүресінің 56 аяты:

«إِنَّ اللَّـهَ وَمَلَائِکَتَهُ یُصَلُّونَ عَلَى النَّبِیِّ  یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَیْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِیمًا»

Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй, Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер. (56)

Осы аят пен одан кейінгі екі аятта пайғамбар мен мүміндердің құрметін сақтау қуатталып, иман адамдарынан әрдайым оларды жетекшілік пен бақыт жолына нұсқаған Алланың елшісіне салауат жолдап, хазіреттің бұйрықтарын орындау сұралды.

Бірақ осындай бұйрықты баяндаудан бұрын Құдай былай дейді: «Мен және періштелерім де пайғамбарға сәлем жолдап, Оның ресалатын орындаудағы еңбегі мен талпыныстарын қадірлейміз.  Ол сендерге жанқиярлықпен жетекшілік етті. Сендерден ештеңе дәметпей осы жолда өзінің барлық күші мен талпынысын іске жұмылдырды. Ондай болса сендер де оны құрметтеп, есімі аталған кезде оған сәлем мен салауат жолдаңдар». 

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Құдай мен періштелері де Алланың елшісіне сәлем жолдағанда хазіреттің ізбасарлары саналатын біз ұлы тұлғаның күрескерлігі мен жанпидалығының қадірін түсініп, тілімізбен сәлем жолдап, іс жүзінде өзіміздің міндетімізді орындауымыз керек.

2.Жүректен шыққан махаббат пен мейірімнің жалғыз өзі жеткіліксіз. Ұлы тұлғаларға деген ықылас, ынтамызды қоғамда ашық айтуымыз керек. 

«Ахзаб» сүресінің 57-58 аяттары:

«إِنَّ الَّذِینَ یُؤْذُونَ اللَّـهَ وَرَسُولَهُ لَعَنَهُمُ اللَّـهُ فِی الدُّنْیَا وَالْآخِرَةِ وَأَعَدَّ لَهُمْ عَذَابًا مُّهِینًا»، «وَالَّذِینَ یُؤْذُونَ الْمُؤْمِنِینَ وَالْمُؤْمِنَاتِ بِغَیْرِ مَا اکْتَسَبُوا فَقَدِ احْتَمَلُوا بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُّبِینًا»

Расында Аллаға, Елшісіне реніш бергендер, соларға дүние, ақыретте Алла қарғыс беріп, оларға қорлаушы азап дайындады. (57)

Сондай мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар; жала жауып, ашық күнә жүктеп алды (58)

Алдыңғы аятта иман адамдарын Алла елшісінің еңбектерінің қадірін біліп, ол хазіретке үнемі салауат жолдауға кеңес берілді.

Осы аяттар былай дейді: «Бірақ, өздерінің сөздері және қатынастарымен Құдай мен Алланың елшісін азаптайтын адамдарды Құдай осы дүние мен ақыретте қатты жазалап, өзінің мейірімі мен рақымынан мақұрым етеді».

Құдайды азаптау деген илаһи рақымға ие болудың орнына оның қалауы мен ризашылығына қарсылық білдіру. 

Бұл іс Құдайдың қаһары мен лағынетіне ұшыратады. Рауаяттарға сәйкес, Құдайдың пенделерін қинап, азаптау Құдайды азаптау саналады. Құранда Құдайдың пенделеріне қарыз беріп, көмектесу Құдайдың үкіміне қарыз беру деп аталған.

Пайғамбардың хақ сөзін қабылдамайтын адам оны теріске шығарып немесе хазіретке жала жауып, хазіретпен әдепсіз қатынас жасаса ол һәм Құдайдың қаһарын тудырады, һәм Алланың елшісін азаптайды.

Пайғамбар әулетін азаптау да Алланың елшісін азаптау саналады. Пайғамбардан жеткен рауаттарда осы мәселе қуатталған.

Аяттардың жалғасы былай дейді: Алланың елшісі ғана емес, сонымен қатар барлық мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге құрмет көрсетілуі керек. Күдік-күмән арқылы және айғақ, дәлелсіз біреуге жала жабуға, мүміндердің абыройын төгуге ешкімнің хақысы жоқ. Өйткені, бұл Құдайдың алдында үлкен күнә саналатындықтан, қатты жазаға ұшыратады. 

Осы аяттан үйренетініміз:

  1. Өзіміздің сөзіміз және ісімізбен басқаларды азаптамайық. Мұндай жағдайда Құдай өзінің мейірімі мен рақымынан мақұрым етеді.

3.Құрметсіздік пен кемсітіп, келеке етудің салдарлары болады. Олардың бір бөлігі адамды осы дүниеде шырмайды.