Maм 13, 2018 00:53 Asia/Almaty
  • Иранның танымал тұлғалары (140)

Өткен екі бағдарламадағы тақырыпты жалғастырып, х.қ.ж.с.б. 10 ғасырда өмір сүрген ақындардың бірі Ғазали Машхадимен таныстырамыз.

Х.қ.ж.с.б. 10 ғасырда шах Тахмасп Сефевидің сарайында өмір сүрген атақты ақындардың бірі Ғазали Машхади ирандық шайырлар мен өнер иелерінің ұлы көшіне қосылып, Үндістанда ирандық поэзия, ақындық пен өнер қарқындап дамығандықтан осы аймаққа аттанды. Оның өмірі жайлы көп мәлімет жоқ. 930-936 жылдары Мешхедте дүниеге келіп, туған жерінде балалық шағын өткізіп, ғылым мен танымды үйренген. Ол жастық шағынан өлең шығара бастаған. Ақындыққа құмарлықпен қоса, сопылыққа бейім болған. Ол ақындық талантының арқасында біраз уақыт шах Тахмасп сарайында болған, содан соң жастық шағында Сефевилер дәуіріндеқалыптасқан жағдайға байланысты Үндістанға аттанып, өмірінің соңына дейін сол елде қалған. Ғазали Машхади х.қ.ж.с.б. 980 жылдың режеп айының 27 жұлдызында Гуджараттың Ахмадабад елді мекенінде кенеттен қайтыс болды. Акбар шахтың бұйрығымен патшалар мен танымал адамдар жерленген Сәргяндж зиратында жерленген.Ғазали Машхадиден көптеген туынды қалды. Солардың кейбіреуін қысқаша таныстырып өттік.

Ғазали Машхади – дарынды ақын. Оның дарындылығын  ол қолға алған барлық салалардан көруге болады. Әдеби  зерттеушілердің сенімінше, Ғазали Машхади Хафиздің әлеуметтік сықағынан әсер алған, сол себепті оның өлеңдерінің көрнекті ерекшеліктерінің бірі – әлеуметтік сықақ. Ғазали мақсаты сықақты өз ойын баяндау, ақлақтық ауытқушылықтар мен қоғамның  келеңсіздіктерді түзету үшін пайдаланған.

Ғазали Машхадидің өлеңдер жинағында көптеген адамдар сыналған: тақуа, шейх, насихатшы, сопы, ойшыл мен үкімет адамы. Әдеби сыншылар  бұл тұлғаларды қоғамның әртүрлі топтарының өкілдері санайды. Олар жеке бір тұлға емес, белгілі бір типке жатады.

Тақуа – Иранның әлеуметтік тарихында өте айшықты келбетке ие типтердің бірі.  Бұл тип Иран сықақшыларының көбінің туындыларында сын мен сықақтан аман қалмаған. Ғазали да Хафизден әсер алып, тақуаны қоғамдағы   басқа екіжүзділер мен жемқорлардан көбірек нысанаға алынған. Өйткені, тақуа ұстамды әрі қарапайым болуы керек. Бұл – оның шынайы міндеті, өзі уәж айтатындай, ғибадат ету аясында дүниеден баз кешіп, ақыретке назар аударуы керек. Халық одан осындай қасиеттерді күтеді. Парсы әдебиетінде сырттай тақуа адамдар жайлы жасалған бейне өте әрқилы. Ғазали түзету мақсатында оларға қарсы тұрып, кейде ашық, кейде сықақ пен емеурінмен оларды бүкіл дүниеге әшкереледі.

Тақуа шынайы ғашықтықтан жұрдай. Ғазали сол себепті Құдай олардың жетекшілік құралын дайындамаған деп санайды. Ол тақуаға ғашықтар ауданында жалған уәждерді ұмытып, қайталамауға кеңес береді. Өйткені, ғашықтар тақуалардың дүниедегі орнынан хабардар және олардың мистикалық дәрежелерінің жалған әрі құнсыз екенін түсінетін дәрежеге жетті.

Ғашықтар жерінде  дәреже жайлы айтпа,

Бұл жерде тақуаның орны жоғары емес.

Ғазалидің көзқарасынша, тақуа – өзімшіл. Ол тек басқалардың мінін ғана көреді. Ғазали де ислам дінінің ұлы тұлғаларына жақтасып, тәкаппарлық пен өзімшілдікті хақ жолындағы ең үлкен апат және үлкен кедергі санайды. Өйткені, нәпсімен күресушілер мен тариқат жолындағылар өздерін түзетуді көздейді, бірақ  тақуалардың тәкаппарлығы ақырында оларды бұрыс жолға салады.

Мен өзім жақсылардың аузынан аманбын, тақуа – тәкаппарлықтан.

Мен мына шараптан қашсам, анау ана шарапшыдан бүлінді.

Тақуадан кейін Ғазали Машхадидің ең көп көңіл аударған типтерінің бірі – үкімет адамы. Ислам шариғатында тыйым салынған істерден тыю, шарап ішетіндердің ісін қарастыру міндетіне ие үкімет адамының өзі –  ішкіш. Ол өзінің екіжүзділігінен шаршаған кезде шарапқа бас қояды.

Үкімет адамы ғашықтарға қанша тиісе берер дейсің,

Біз мас болғанмен, ол да онша қырағы емес.

Ғазали Машхади үкімет адамының өмірінің қайшылықтарын, қандай болуы керек, қалай әрекет етуі керек, бірақ ол шын мәнінде қандай және қалай әрекет етіп отырғанын бейнелеген. Ғазалидің осы баяндау тәсіліндегі талпынысы әлеуметтік қайшылықтарды бейнелеу болып табылады. Оның қаламы мен сықағы қарама-қайшылықты элементтерден құралған.

Ғазали сықақ аясында сынға алатын типтердің бірі – насихатшы мен уағызшы. Екіжүзді адамдар айла-шарғымен өмір сүріп, өздерін халықтың қамқоршысы әрі жақтаушысы етіп көрсеткісі келеді. Ғазали өзінің сықақ тілімен олардың айла-шарғысы жайлы көп сөз қозғаған.

Ей, бос сөйлейтін насихатшы, менен ақыл іздеме!

Сен ақылдылармен сөйлес, мен диуана ғашықпын.

Ғазали өзінің кейбір өлеңдерінде көбірек әсер етуі үшін насихатшылардың айыптарын, кемшіліктері және сұрқиялықтарын өзіне теліп жазған. Алайда сөз ұғатын қырағы адамдар жемқорлар мен екіжүзділерді танитын ақынның түпкілікті мақсатын жақсы түсінеді. Ғазали өз ойларын жеткізу үшін сықаққа жүгініп, жансыз қоғамға жаңа рух сыйлағандай болады.

Ғазали сықақ қалыбында қоғамдағы тұлғалар мен типтерді сынаумен қоса, кейбір діни және әлеуметтік мәселелерді сынаған. Осындай жағдайлардың біріне сыртты ғана ойлайтын қажыларды сынауы жатады. Қоғамның әртүрлі топтарының көбі қажылық философиясын, осы рухани сапардың рәсімдерін дұрыс түсінбейді. Сондықтан өткен ғасырларда қажылар илаһи парыздарды орындау үшін көптеген қиыншылық көрсе де, олардың болмысында өзгеріс болмайды. Өлеңдері әлеуметтік ішкі мәйекті, сықақтың қатынасын көрсететін ақындар, соның ішінде  Насыр Хосроу мен Хафиз  осы шындықты баяндаған. Ғазали Машхади де Қағба туралы өзінің мақсатын баяндағанда оны тек жардың үйі деп санайды. Қажылар мұны түсінуі  тиіс.

Тақуалар, зәмзәм суынан не пайда?

Өйткені тазарудың жасқа қатысы жоқ.

Жалпы алғанда Ғазалидің сықақтарын лайықты, ұстамды әрі ақлаққа сай деп айтуға болады. Ол өзінің сықақтарының ешқайсысында ақлақтық құндылықтарды аяқ асты етпеді, ақлақтық критерийлерге қайшы сарказм мен былапыт сөздер мен сын айтпаған.