Иранның танымал тұлғалары (143)
Бұл бағдарламада х.қ.ж.с.б. 10 ғасырдың екінші жартысы мен 11 ғасырда өмір сүрген ирандық ақын Мұхаммад Хосейн Назири Нишапури жайлы сөз қозғаймыз.
Айтып өткеніміздей, Мұхаммад Хосейн Назири Нишапури х.қ.ж.с.б. 10 ғасырдың екінші жартысында Нишапурда дүниеге келген. Ол сонда поэзия мен прозаның басты принциптерімен танысқан. Назири жастайынан өлең шығарып, оның танымалдығы Хорасаннан да асып кеткен. Назири жастық шағында өзінің ақындығын сынау үшін Кашанға барып, ақындардың өлең шығару жиындарына қатысып, атағы шыққан. Содан соң Иракқа барып, сол жерлердегі ақындармен айтысып, танымалдығын арттыра түскен. Соңында қауіпсіздікте рахат өмір сүре алатын жер іздеп, Үндістанға баруға шешім қабылдайды. Агра қаласына барып, тимурилік Жаһангир әмірлерінің бірі «хандардың ханы» деп аталған Абдуррахим Байрамның назарына ілінеді. Хандардың ханы Назириді өз сарайына шақырған. Ақын ханның шақыруын қабылдаған. Хан сарайында Назири мол байлыққа кенелген. Оның барлығын мигрант ирандықтарға, әсіресе ақындар мен өнерпаздарға жұмсап отырған. Назири Нишапури х.қ.ж.с.б. 1021 жылы Гуджаратта дүние салып, сол жерде жерленді.
Назири Нишапуридің өлеңдеріндегі ерекшелік туралы өткен бағдарламада айтып өттік. Назири өз шығармашылығында Сефевилер заманындағы поэзияның барлық жағымды қырларын парсы поэзиясының бұрынғы дәстүрінің таңдамалы ерекшеліктерімен араластырып, поэзияда жаңа тәсіл тудырды. Тіпті оны өзіндік стилі бар ақын әрі парсы поэзияс пайғамбарларының бірі санаған. Кейінгі көптеген ақындар оның шығармаларының ықпалында болған. Ықпалдың зор болғаны соншалықты, әдеби сыншылардың сенімінше, Назири Нишапуридің ғазалдарының әсерін оның замандастары мен кейінгі дәуір ақындарының өлеңдер жинағынан көптеп кездестіруге болады. Назиридің өз заманының және одан кейінгі дәуірлердің поэзиясындағы орны айрықша болған. Себебі, х.қ.ж.с.б. 11 ғасырда өмір сүрген танымал ирандық ақын әріСефевилер заманындағы ең ірі ғазалшы Саеб Табризи Назириді өзі мен сол замандағы поэзия өкілдерінің барлығынан жоғары санаған:
Саеб Назиридей боламын деп неменеге қиялдайсың?
Орфи Назириге сөзін жеткізе алмады.
Назиридің өлеңдер жинағын талдағанда оның поэзиясының әртүрлі ерекшеліктерін көруге болады. Бұл ерекшеліктер оның өз заманы мен өзінен кейінгі ақындардың көбінен жоғары тұруының себебі болып, оны поэзиядағы өзіндік стильдің иесіне айналдырды.
Назири Нишапури өлеңдерінің ең маңызды ерекшелігі – оның тілінің тазалығы. Әдеби сыншылардың көбінің сенімінше, Хафиз Ширазиден кейін бұл ерекшелік парсы поэзиясынан жоғалған болатын. Баба Фоғани оны қайта жандандырды. Тілдің тазалығы жоғалғандықтан біраз уақытқа дейін кез келген әдеттен тыс өлеңдерді «фоғаниане» деп атаған. Сефевилер заманындағы басқа ақындар, соның ішінде Умиди Теһрани тілдің тазалығын қайта жандандыруға көп талпыныс жасады. Сол себепті сол заманды сынаушылардың пікіріне сәйкес, Умиди Теһрани көне заман ақындарының тәсілімен өлең шығарған. Бұл мынадай себептен туындайды: тілдің тазалығы парсы поэзиясында х.қ.ж.с.б. 9 ғасырдан былай жоғалған, оны бағзы замандарға тиесілі тіл деп санаған. Назири Нишапури өлеңді ескі санамай, тілдің тазалығына түбегейлі түрде бет бұрған ақын болды, өйткені Назиридің өлеңдерінде поэзияның барлық қағидалары, соның ішінде поэтикалық дәстүрді сақтаумен бірге жаңаша сөйлеу біте қайнасып жатыр.
Назири Нишапуридің өлеңдеріндегі келесі бір ерекшелікке ақынның ауызекі тілін оң пайдалануы жатады. Сефевилер заманында жалпы қатынас ауызекі тілінде жүргізілді. Бірақ бұл бетбұрыста әсірешілдіктің байқалғаны соншалықты, шын мәнінде ол тұрпайылыққа ұласқандықтан тілдің саулығынан бірде белгі жоқ еді. Назиридің ауызекі тіліне бет бұруы тілдің саулығын сақтаумен қатар жүрді. Осы сау да ойластырылған қатынас Назиридің ғазал мен қасидада поэтикалық тілінің айрықша шынайы, төгілмелі әрі оралымды болуына себеп болды. Осы таңғажайып шынайылық, төгілмелілік пен оралымдылық Назиридің өзіне ғана тән еді. Назиридің өлеңдеріндегі төгілмелік пен шынайылықтың айқындығы соншалықты, кейбір әдеби сыншылардың сенімінше, тіпті Сағдидің ғазалдарынан шынайылықпен бірге осындай төгілмелілікті көре алмайсың. Ал Сағди оның ұстазы болған:
Жүректің тұмарының шегі жоқ,
Тақырыбы саған жалбарыну болса.
Кеудемдегі сарайда реніш жоқ,
Жолы сені тамашалау болса.
Ешқашан ешбір жүректі ренжітпеймін,
Өйткені онда сен бар деп қорқамын.
Үндінің атақты әдебиетшісі ғұлама Шебли Намани «Шер-е Аджам» (Парсы поэзиясы) атты кітабында Сағди Ширази, Әмір Хосроу Дехлеви мен Назири Нишапури бастаған ақындар тобының басты ерекшелігін «мохавере банди» деген атпен атады. Мохавере банди – ауызекі тілін пайдалану деген сөз. Бұл поэзия тілінің шынайылық, оралымдық және төгілмелілікке ие болуына себеп болды. Ғұлама Шебли Наманидің пайымдауынша, бұл топтың өлеңдеріндегі айрықша шынайылықтың себебі – осы мохавере банди. Әмір Хосроу Дехлевидің өлеңдеріндегі мохавере бандиде бұл ақынның үнді болуына байланысты жалпы парсы тіліне тиесілі емес, көбіне парсы тілінің үнді диалектісіне тиесілі сөз тіркестері мен сөйлемдер пайдаланылған. Ал Сағди мен Назири Нишапуридің өлеңдерінде ирандықтар арасында көп қолданылатын сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер қолданылған. Сол себепті бұл ақындардың көптеген бәйіттері мәтел ретінде барлық әлеуметтік топтардың арасында кең таралған.
Ғұлама Шебли Наманидің «Шер-е Аджам» (Парсы поэзиясы) атты қымбат кітабында «джуш-е сохан» (сөздің қайнауы)деген термин бар. Бұл автордың сараптауынша, кейбір өлеңдерді оқығанда оның туындауы үшін мидың жұмыс істегенін сеземіз. Оған Хафиздің өлеңдері немесе одан бұрын Хақани мен Анваридің өлеңдері мысал болады. Мұндай өлеңдер оқыған кезде толығымен мимен немесе ми мен жүректің қосындысы арқылы қабылданады. Ал кейбір өлеңдерден оны тудырған ми болғанымен мидың жұмысы байқалмайды. Өлең қызуы қатты үздіксіз аққан тылсым күш сияқты оқырманның ішкі дүниесіне құлаштай енеді. Мысалы, Шамстың немесе Сағдидің ғазалдарын оқығанда осындай әсер туындайды. Назиридің өлеңдері де сөздің қайнауының үлгісі. Оның өлеңдерін, әсіресе ғазалдарын оқығанда буырқанған толқынды сезуге болады:
Есімде бар, жылы жастарыңда
Өзімнен қуған ынтықтықты жасырдың.
Жүрегімдегі әсем назды арзандатпа,
Одан артық көрсете алмайтын қызығушылықты жасырып.
Өткен аптада Вуғу мектебіндегі поэтикалық ерекшеліктер жайлы жалпылама түрде айтып өттік. Осы мектепке жататынақындар жалпы шынайы, жеке және эмоционалды сәттерді өлеңге қосуды көздеді. Алайда көп жағдайда олардың рауаяттарында сөздің қайнауы болмайды, былайша айтқанда жасандылық байқалып, көңілге қонбайды. Бір жағынан қайнаған әрі төгілмелі сезім туралы айтқысы келеді, басқа жағынан олардың тілі мен баяндау тәсілінде қайнау мен экстрессия жоқ. Немесе мимен жұмыс істеп, эмоционалды сәттерді тілдің қалыбына енгізуге тырысқан. Кейде тілдің тазалығының болмауы мен жеріне жеткізе алмауы сөздің оралымдығын бұзып жіберген. Сефевилер заманындағы өлеңдердің екінші жартысында, яғни үнді стилінде де өлеңнің тақырыбы қиялдау болғандықтан, істің сырты мен орындау тәсіліне аса көңіл бөлінбеген. Жалпы сөздің қайнауы мен өлеңнің жылылығынан хабар жоқ. Үнді стиліндегі мұралардан қайнап тұрған эмоцияға толы өлеңдер байқалса, оның негізгі ережеге қайшы болғаны. Осы арада тек Назири ғана толық жеңіске жетіп, жеке және шынайы эмоционалды сәттерді оралымды әрі төгілмелі тілмен күйдірерлік ыстықтықпен баяндай алған.