Maм 27, 2018 02:52 Asia/Almaty

Ұлы Алланың қонағы болуға шақырылдық. Илаһи дастархан ең әдемі түрде жайылып, біз өз жігерімізге қарай осы нығметтерді пайдаланамыз. Қонақ күтуші бізді махаббатымен рақымы, нығметі мен берекесіне қарай шақырады. Сондықтан уа, Жаратушының қонақтары! Уа, ораза тұтушылар! Бұл қасиетті айда кешірім сұрап, тәубеге келіп, жақсылық жасауға асығып, Алланың шақыруына ләббейк айтыңдар.

Қасиетті Рамазан айында таң намазының азанынан мағриб намазының азанына дейін ораза тұтушы ішіп-жеуден тартынумен бірге өздерінің діни міндеттерін орындайды. Ол ораза тұтып, Жаратушыға құлшылық білдірумен бірге оразаның рухани және физикалық нығметтерінен пайдаланады. Ораза діни міндет және қасиетті Ислам дінінің уәжіптерінің бірі болуымен бірге адамның рухы мен тәні үшін көп пайдалы.

 

Ішіп-жеуден тартыну – әртүрлі діндерде таралған ғамал. Барлық діндер  бұл ғамалдың тән мен рухқа оң әсер ететінін қабылдайды. Мәселен, үнді маратхилер ішіп-жеуден тартынуды рухтарын тазартып, жігерлерін нығайтып, сабырлары мен төзімділіктерін арттыру үшін өте әсерлі санайды. Рухани құндылықтарға сай өмір сүруді көздейтін мистиктер: «Әр нәрсенің ішінен сыртына дейін білімнің нұрын көр»,- дейді.

Ислам дінінде аштық кемелдік пен білімге жету үшін маңызды болып табылады. Исламның ұлық пайғамбары: «Аштық пен шөлге төзіп, нәпсіңмен күрес. Бұл күрестің сыйы Алла жолындағы жиһадтың сыйына ие. Алланың алдында аштық пен шөлден артық ғамал жоқ»,- деген болатын.

Ораза тұту – ішіп-жеуден тартынып, қарсыласу мен сабырлықтың жаттығуы. Ораза тұтушы қажеттіліктеріне жауап бермей, артық талап ететін нәпсісін бағындырады. Ораза нәпсіні тәрбиелеумен бірге жүректі білім алуға дайындайды. Бұл денсаулық үшін өте пайдалы. Медицина ғылымының мамандары егер Рамазан айының оразасы дұрыс ұсталса, адамның денесіндегі уларды кетіріп, қандағы қант пен майдың мөлшерін төмендетеді деп санайды. Дәрігерлер жүректің бір сәт жұмыс істеп, бір сәт демалатыны сынды ас қорыту жүйесі де бірнеше ай демалыссыз жұмыс істеген соң бір ай демалуы қажет деген пікір ұстанады.

Ертедегі емшілер мен мұсылман және мұсылман емес дәрігерлердің кітаптарында оразаның пайдасы туралы көп жазылды. Олар адамның денсаулығының жақсаруына оразадан артық ешбір дәрмен жоқ деп есептейді. Исламның ұлық пайғамбары: «Асқазан – кез келген аурудың ошағы; ішіп-жеуден тартынып, аз мөлшерде тамақтану кез келген дәрі-дәрмектің көшбасшысы»,- деген болатын.

Ғұламалар аурудың жетпістен астам түрінің себебін мөлшерден артық тамақтану деп атаған болатын. Ғұламалар мен дәстүрлі емшілермен бірге қазіргі заман дәрігерлері де оразаның пайдасы туралы қызық мәліметтер ұсынады. Медицина саласындағы Нобель жүлдесінің жеңімпазы Алексис Карл: «Оразаның қажеттігін барлық діндер қуаттады. Ораза  кезінде басында аштық, кейде әлсіздік сезіледі. Адамның барлық ағзалары ішкі теңдікті сақтау үшін белсенді жұмыс істейді. Сөйтіп ораза дененің барлық жасушаларына әсер етіп, оларды жаңартады. Ораза кезінде бауырдағы қанның қан мөлшері азайып, терінің астында жиналған майлар ериді, бұлшық еттер мен бездердің және бауырдың  жасушалары босайды»,- деп жазды. Ас қорыту жүйесін адамның ең көп жұмыс істейтін жүйесі деп атауға болады. Ас қорыту жүйесі де адамның басқа ағзалары сияқты демалысты қажет етеді. Демалыс – ас қорыту жүйесі үшін де маңызды әрі уәжіп.

Ораза денедегі уларды шығарып, ас қорыту жүйесінің демалуына себеп болады. Америкалық дәрігер Карио: «Науқас адам жыл бойының бір кезеңінде тамақтанудан тартынуы керек. Өйткені, тамақ денеге жеткенше микробтар өседі. Бірақ тамақтан тартынған кезде микробтар әлсірейді. Ислам діні уәжіп еткен ораза – денсаулықтың ең үлкен кепілі»,- деп жазған болатын. Ораза тұтушының денесіндегі артық майлары кетіп, семіздік азаяды. Буындар мен аяққа түсетін қысым азайып, жүрек пен оның қан тамырлары мен ас қорыту жүйесінің жұмысы реттеліп, дененің иммунитеті қалыпқа келеді.

Айта кететін жайт, ораза тұту тіпті мұсылман емес халықтардың арасында да арасында көптеген жақтас тапты. Еуропалық дәрігерлердің көбі оразаның пайдасы мен денсаулыққа тигізетін рөлі туралы зерттеулер жүргізді. Австриялық дәрігерлердің бірі Барсилос: «Аштықпен емдеудің рөлі дәрі-дәрмектен артық»,- деген болатын. Хелба деген дәрігер өз науқастарын бірнеше күн аштықта ұстап, содан соң жеңіл тамақтануға кеңес береді.

Медицина ғылымының маңызды жетістіктерінің біріне ораза тұтқан кезде денеде әдеттегі мөлшерден бірнеше есе артық құрамның пайда болатыны және бұл құрамның микробтар мен вирустардан сақтап, обыр жасушаларын жоятыны жатады. Негізінде адамның денесінде көптеген микробтар мен вирустар болады. Адамның денсаулығы әлсіреген кезде олардың белсенділігі артып, олар бүлдіргі істерін бастайды. Ораза тұтқан кезде денедегі зиян келтіретін микробтар жойылады. Расында, ораза тұту дененің тазаруына  себеп болып, аурулардың көбінің алдын алуға көмектеседі деп айтуға болады. Оразамен емдеу ауру жасушаларының жойылып, біраз уақыттан кейін олардың қайтадан жаңғыруына себеп болады. Бәлкім, кейбір дәрігерлердің, соның ішінде Башутиннің ораза жастықты қайтара алады деп санайтыны содан болар. 

Қазіргі таңда технологияның дамуы және терең зерттеулердің орын алуымен оразаның адамның денсаулығы үшін қажет екені дәлелденді.  Тіпті, бұл сенімді қабылдамайтын мемлекеттерде де  дәрігерлер науқастарының кейбіреуіне біраз уақыт бойы «бірнеше сағат аш болу» әдісін қолданады.  Олардың пікірінше, ораза тұту дененің демалуы және адамның ағзаларының тазаруы болып табылады. Дененің семіздік ауруына айналуға себеп болатын майлардан, сондай-ақ, улар мен  ескі  жасушалардан құтылуын,  ас қорыту жүйесіне түсетін қысымды азайтуы мен дененің жасушалары мен бездеріне өз міндеттерін толық әрі сындарлы орындауға мүмкіндік беруін, тамырларға жиналған майлардан тазартуды оразаның маңызды пайдаларының қатарында атауға болады.

Азық-түлік ғылымының мамандары мен дәрігерлер оразаның оң әсері үшін сәресі мен ауыз ашар кезде дұрыс тамақтануды қуаттайды. Бұл айда тойып тамақтануға болмайды.  Дәрігерлердің пікірінше, сәресі кезінде міндетті түрде тамақтанған жөн. Бірақ шөлге себеп болтын майлы тамақтан тартынған жөн. Дәрігерлер  ауызашар  кездегі тамақтың ауыр әрі майлы болмауы керектігін қуаттайды. Тіпті, оразаны жылы сүт немесе жылы су немесе бірнеше құрмамен ашқан жақсы болады. Имам Садық (ғ.с.): «Алла елшісі ауызын халуамен, халуа болмаған күні бірнеше құрмамен, құрма болмаса, жылы сумен ашатын. Бұл асқазан мен бауырды тазалап, бас ауруын басады»,- деген болатын.