Шақыру 10: Дұға
Дұға – Алланың алдында құлшылық ету мен адамның ғибадат ету рухын нығайтуының көрінісі.
Күндердің бірінде бір ер адам Исламның ұлық пайғамбарына келіп: "Уа, Алланың елшісі!, Алла бізге жақын ба? Мен Онымен ақырын сырласа аламын ба? Әлде алыс па? Сондықтан қатты дауыстап шақырайын ба?"- деп сұрайды. Исламның ұлық пайғамбары жауап бермей ьұрып, хазіреттің жүрегіне аят жіберіліп, Аллаға иман келтіргендердің барлығына жауабын берді: "Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді". ("Бақаре" сүресі, 186-шы аят).
Бұл күндері барлық жерлерде адамдардың Алламен сырласып, дұға тілеп отырған дауыстары естілуде. "Уа, Алла! Сен Өзің ұлы, кешірімді және иейірімдісің" деген сөздер – ораза тұтушылардың ауыздарынан түспейтін сөздер. Ауызашар кезінде адамдар аспанға қарай қолдарын жайып: "Уа, Алла! Сен үшін ораза тұтып, сенің ырзығыңмен ауызымызды ашып, Өзіңе тәуекел етеміз",- дейміз.
Дұға – Алланың алдында құлшылық ету мен адамның ғибадат ету рухын нығайтуының көрінісі. Бұл – илаһи пайғамбарлардың адамның болмысында құлшылық ету рухын тәрбиелеу міндеттерінің нәтижесі. Кейбір адамдар тек діни жетекшілер ғана дұға мен ғибадаттың маңыздылығы туралы кеңес беріп, жақтастарын табанды болуға шақырады деп ойлайды. Мұндай көзқарас пен шындықтың арасы қашық, өйткені жамағатпен оқыған дұға барлық шекаралар мен уақыттың шектеулерінен өтіп, Алламен сырласуға мүмкіндік тудырады. Сырласу – адамның ішкі қажеттілігі. Осыған орай аспандардан өтіп, дұға арқылы Жаратушымен қарым-қатынас орнатып, жанымыз бен тәнімізді дұғамен тазартып, болмысымызды хош иіс пен нұрға бөлейік. Дұға мен Алланы пана тұтудың құндылығы мен маңыздылығы туралы Жаратушы Құран Кәрімнің "Фұрқан" сүресінің 77-ші аятында: "Мұхаммед (с.ғ.с.) оларға: “Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым, сендерді неге бағаласын? Рас, сендер жасынға айналдырдыңдар. Сондықтан азапқа душар боласыңдар” де",- деп айтылған. Осыған орай біз негіз ретінде ғамалдарымызды растап, оларды тұрмысымызды жақсарту үшін пайдаланып, болмысымызды тыныштыққа бөлеп, рухани қуанышымызды арттырайық. Америкалық жазушы Вин Даир: "Мен намаз кезінде адам нанғысыз түрде бүкіл денеммен илаһи нұрды, бұл илаһи сапардан оралған кезде көзімді ашып, үлкен қуатты сеземін",- деп жазды. Карнеги де: "Қатты алаңдаған кезде есігі ашық тұрған бірінші шіркеуге кіремін. Көзімді жұмып, дұға оқимын. Сол кезде тынышталғанымды байқаймын",- деген.
Дұға адамның жаны мен тәніне қатты әсер етеді. Дұғаның ең маңызды әсері адамдардың жүректерін үміттендіруі болып табылады. Үмітсіз адам жансыз жаратылыс сияқты. Науқас адам сауығатынына үміттенсе, жазылады. Егер салы суға кетсе, жүрегіндегі үміт шырағы өшіп, жазылуынан үмітін үзеді. Жауынгерлердің соғыс майданында жеңіске жетуінің негізгі факторы үміт болғандай, үмітсіз сарбаз тіпті ең дамыған қарумен қаруланса да, соғыс майданында жеңіледі. Дұға оқып, Аллаға сүйенетін адам Оған үміттеніп және онымен сырласып, қажеттіліктерін айтса, көптеген қиындықтарға қарамастан жүрегінде үміт нұры жаңғырып, өмір сүргісі келетін болады. Бұл адам басқадан көмек күткен адамға керісінше қайта тірілгендей болады. Өйткені қиындық пен оңайлықтың Ол үшін мағынасы жоқ Алла Тағала – абсолютті құдыретті, дана Жаратушы, жаратылған әлемнің барлық істерінен хабардар. Ол қалағанын бір сәтте іске асыра алады. Адам мұндай Құдайммен қарым-қатынас орнатып, мұндай құдырет пен данаға бет бұрып, жүрегіндегі дерттерін айтып, алдында сәжде жасап, көз жасын төгіп, қиындықтары туралы айтса, Алланың оның жүрегіне үміт нұрын жіберетіндігіне күмән тумайды.
Адамның болмысында тақуалықтың нұрының пайда болуы – дұғаның әсерлерінің бірі. Тақуалық адамның Аллаға жақындауына себеп болып, адамның ақыретте құтқарылуына көмектесетін қор болып табылады. Дұға мұндай құнды гауһардың нұрын адамның жүрегіне жібереді. Адам дұға жасаған кезде Алланың әдемі есімдерімен шақырады. Бұл іс адамның болмысына әсерін тигізіп, адамды Аллаға қарай жігерлендіреді. Адам егер дұғасы қабыл болса, тәубе етуі керек деп сезінеді. Дұға адамды тәубе етуге шақырады. Тәубеге келу адамды өмірін қайтадан қарастыруға итермелеп, нәтижесінде адамның өмірінде тақуалықтың нұры жаңғырады. Рауаяттарда Сұбхан Алла өзінің үлкен пайғамбары хазірет Исаға: "Уа, Иса! Мені шақырған кезде дауысы шықпай, батып бара жатқан адам сияқты дұға ет. Уа, Иса! Мені жалғыз қалғанда көп еске ал. Дұғаларыңда мені ұмытпай, мені жылап шақыр",- деген болатын.
Имам Әли (ғ.с.) өз перзенті имам Хасан Моджтаба (ғ.с.)-ға айтқан өсиеттерінде: "Алланың рақымдылығының қорынан тек Ол ғана сыйлай алатын нәрсені сұра. Мәселен, артығырақ өмір сүруді, денсаулық пен ырзықты. Еш уақытта дұғаның орындалуының кейінге қалуынан үмітсізденбе, өйткені илаһи қайырымдылық ниеттің мөлшеріндей болады. Кейде сұрағанына жауап қайтарылмайды. Өйткені, тез арада немесе белгілі бір уақытта сенің сұрағаныңнан артық нәрсе саған сыйға беріледі. Сондықтан сұраған нәрсе әдемілікті қамтып, қиындықтарды сенен алыстататын болсын. Өйткені, дүниенің мүлкі сен үшін тұрақты қалмайды",- деген болатын.
Айта кететін жайт, Алладан сұраған нәрсеміз әдемі және пәк жүректен шығуы керек. Өйткені, лас жүрек дұғаның орындалуына кедергі болады. Рауаяттардың бірінде Исраил әулетінің жеті жыл бойы құрғақшылықта тіпті арам өлексені жеуге дейін барғандары туралы айтылған. Олар тау мен далаға шығып, жаңбыр сұрап, дұға жасаған, бірақ нәтижеге жетпеген. Содан соң Алла Тағала олардың пайғамбарларына: "Олар Маған қарай қолдарын жайып, сырларын айтсын. Егер зұлымдыққа қолдау көрсетілетін болса, дұға орындалмайды",- деді.
Қасиетті Рамазан айында Алланың рақымының есіктері ашылып, дұғалар орындалады. Рамазан айы – жаратылыс пен Жаратушы сырласатын, адамдар сұрайтын және сұрағандары орындалатын ай. Исламның ұлық пайғамбары: "Рамазан айының бірінші түні аспандағы есіктер ашылып, бұл айдың соңғы түні жабылады. Осы маңызды мұрсатты пайдаланып, жүректерін қасиетті айдың самал желімен тыныштыққа бөлейтіндер қандай бақытты. Күн батып, аспанның есіктері пенделеріне қарай ашылатын ауызашар мезгілі келген кезде қолымызды жауып, өзіміз бен басқалар үшін бақыт тілеп, дұға жасайтын уақыт қандай әдемі",- деген болатын.