Maм 29, 2018 20:54 Asia/Almaty

Бұл бағдарламада х.қ.ж.с.б. 10 ғасырдың екінші жартысы мен 11 ғасырда өмір сүрген ирандық ақын Мұхаммад Хосейн Назири Нишапури жайлы сөзімізді жалғастырамыз.

Айтып өткеніміздей, Мұхаммад Хосейн Назири Нишапури х.қ.ж.с.б. 10 ғасырдың екінші жартысында Нишапурда дүниеге келген. Ол сол қалада поэзия мен прозаның басты принциптерімен танысқан. Назири жастайынан өлең шығарып, оның танымалдығы Хорасаннан асқан. Назири жастық шағында өзінің ақындығын сынау үшін Кашанға барып, ақындардың өлең шығару жиындарына қатысып, атағы шыққан. Содан соң Иракқа барып, сол жерлердегі  ақындармен айтысып, танымалдығын арттыра түскен. Соңында қауіпсіздікте рахат өмір сүре алатын жер іздеп, Үндістанға баруға шешім қабылдайды. Агра қаласына барып, тимурилік Жаһангир әмірлерінің бірі «хандардың ханы» деп аталған Абдуррахим Байрамның назарына ілінеді. Хандардың ханы Назириді өз сарайына шақырған. Хан сарайында Назири мол байлыққа кенелген. Оның барлығын мигрант ирандықтарға, әсіресе ақындар мен өнерпаздарға жұмсап отырған. Назири Нишапури х.қ.ж.с.б. 1021 жылы Гуджаратта дүние салып, сол жерде жерленді.

Өткен бағдарламада Назири Нишапуридің өлеңдеріндегі ерекшеліктердің кейбіріне, соның ішінде тілініңң тазалығына, ауызекі тілді пайдалануына, өлеңдерінің шынайылығы мен төгілмелілігіне тоқталдық.

Назири Нишапуридің өлеңдеріндегі келесі бір ерекшелік – адам өміріндегі ең жеке әрі шынайы эмоционалды сәттерді баяндауы.

Парсының классикалық және лирикалық поэзиясының бір негізгі ерекшілігі бар. Мұндай өлеңдердегі  ғашықтық жеке жерлік ғашықтық пен шынайы сәттердің аптыққан мезеттерін тіркеуден емес, баршаны қамтитын  ғашықтықтың ережелерінен тұрады. Классикалық лирикалық поэзияда ғашық жардың жеке тұлғасы жоқ. Онда сезілетін шынайы ғашық жар жоқ, соның мысалы ғана бар. Оның жағдайы да жеке басты қамтитын шынайы дүние емес, жалпы қағиданы баяндайтын жағдай ғана. Сондықтан мұндай ғашықтық шынайы әлемде, айналамызда орын алмайды, шынайы әлемнен тыс абстракция әлемінде орын алуы тиіс. Бұл ғашықтықтың үлгісін ирак стиліндегі ғазалдардан көруге болады. Ғашықтық пен мистика бір-бірімен астасып жатады. Ғашық жар идеалға, мысал әлеміндегі адамға айналады. Оның ғашық адаммен қатынасы мысалдағыдай  жалпылама, бүкіл дүниені қамтиды, бірақ шынайы әлемнен тыс. Алайда, Сағди мен Амир Хосроу Дехлеви бұл тізбекті бұзып, ақырында жеке және шынайы сәттерді, эмоционалды өмірді шыншылдықпен баяндауға бет бұрды.

Осындай ғашықтықтың толық қалыбын вуғу мектебіндегі өлеңдерден табуға болады. Ғашықтықтың шынайы сәттерін баяндағанына байланысты бұл стиль "вуғу" деп аталды. Вуғу мектебінен әсер алған Назири адамның эмоционалды өмірінің  жеке әрі шынайы сәттерін баяндаған.   Назири сөздің қайнауын, тілдің шынайылығы мен оралымдылығын, ерекше ауызекі тілін пайдаланғанда бұл сәттер сиқырлы құрамға ие болған. Осы байланыстың нәтижесінде әрбір оқырман өз өмірінің бір бөлігін тауып алатындай өлеңдер туындады. Бұл – Назири өлеңдерінің өз оқырманын тәнті етіп, баурап алатын сырларының бірі:

Сенің әділетсіздігіңнен мейірімділік сөзі атымен жоғалып кетті

Қайырымдылық кітабынан махаббат бөлігі мүлдем өшті.

Шағым айтып тұрған кезде оның көзқарасынан толқып кеткенім соншалықты,

Сөзімнің мәні жүрегімнен тіліме жеткенше жүз рет жоғалды.

Бойымнан құмарлық кеткен соң, ісім оңалды.

Бойымды  шаттық билегенде аспанның кілті жоғалып кетті.

Егер біреу Назиридің жағдайын сұраса,

Түнде ұясынан жоғалып кеткен құстың тұзаққа түскенін айтыңыздар.

Назиридің өзіне ғана тән ерекшеліктердің бірі сезімдерді сезілерліктей сипаттауы болды.  Басқалармен бөлісе алмайтын ең терең жеке эмоционалды сәттер Назиридің осы тәсілі арқылы сезіле түседі. Назири өте жеке сәттермен бөлісе алады. Оқырман да осы сәттерді сезіне алады. Назири – ұғымдар мен сезімдерді сезілетіндей бейнелейтін ұстаз. Мысалы, бір ашулы адам жайлы сөз болсын делік. Ол қатты ашулы болды деп айта аламыз. Оның қабағы қатулы, қолдарын қарс түйіп алған, көзіне қан толып, ернін шайнайды деп те айта аламыз. Бірінші кезекте жай ғана ашу жайлы айттық. Ал екінші кезекте ашуды ойнадық. Қалай? Шындығында бір ұғым болып табылатын ашуды көруге және сезуге болатын бейнеге айналдырдық. Ұғымдар санада қалыптасады, олар бөлісу қабілетіне ие емес. Ал бейнелерді сезіне аламыз, яғни олармен бөлісуге болады. Сондықтан ашу, сезім, эмоция, ғашықтық, күту мен толқу сияқты ұғымдарды жай ғана айтсақ, олармен бөлісу мүмкіндігі және оқырманның оны түсінудегі үлесін азайтамыз. Ал оларды бейнелесек, сезілетін сөздермен жеткізсек, оқырманның оларды түсінуіне ең көп мүмкіндік тудырамыз. Осылайша, оқырман бұл ұғымды барынша түсінуге мүмкіндік алып, айтушының сезіміне ортақтасады.

Ғұлама Шебли Намани мен басқа сыншылар Назири Нишапуридің өлеңдеріндегі ең маңызды ерекшелікті сезімдер мен эмоциаларды сезілерліктей  баяндауы деп санайды. Назири поэзиясының негізгі тақырыбы – адамның жеке әрі шынайы сезімдері.  Оның өзіне ғана тән  тәсілі осы эмоцияларды сездіруі болды. Бұл ерекшелік басқа ешбір ақыннан байқалмайды. Назиридің өлеңдерінде тұнып тұрған эмоция толығымен жеке басқа тән болуымен қатар, тұтастай бөлісуге боларлықтай қабілетке ие. Оқырман оларды толығымен түсіне алады.

Ирак стилінде сезілетін құбылыстардан абстракциялы әрі сезілмейтін түсініктер ұсынылады. Сол себепті жеке және шынайы ғашықтық пен эмоционалды сәттерді баяндаудың орнына ғашықтықтың жалпы ережелерін баяндайды. Гүл мен бұлбұл, шам мен көбелек, ғашық пен ғашықтық объектісі, ұсақ бөлшек пен күннің ирак стилінде сезілетін бейнелілік құндылығы жоқ. Олар тек ғашықтықтың жалпы абстракциялы ережелерін баяндауға негіз болады. Гүл мен бұлбұл,  ұсақ бөлшек пен күн, шам мен көбелектің өздері егжей-тегжейлі бейнеленеді.

Назири ирак стиліне де, хорасан стиліне де бейімділік танытпайды. Назиридің тәсілі бұл екеуінен де бөлек. Ақын сезілетін істерді абстракциялағысы да, сезілетіндей сипаттағысы да келмейді. Назири мүлдем бейнеленбейтін жағдайды, яғни ғашықтықтың астатөк сезімі, эмоционалды сәттер мен толқуларды сипаттап, сезілткісі келеді. Осылайша, адамның ең ішкі әрі жеке эмоционалды оқиғаларын сездіріп, онымен бөліседі. Ұғымдар мен сезімдерді сездіру – Назиридің өлеңдеріне ғана тән ерекшелік. Назиридің адамның ең жеке әрі шынайы сезімдерін баяндап, басқаларды ортақтастыра алуының сыры осы таңғажайып тәсілінде:

Шарапшы, жалпының қошеметіне бөленесің, істі сәтімен қыл!

Шараптың аясы қуанышты, тағы бір айналдырып шықшы!

Біз бен жүрек бұл қалада сенің ниетіңдей бөтенбіз.

Оны құрметті қылдың ғой, мені нөкеріңе айналдыр.

Масаю сиқырынсыз қайғыдан айырылу мүмкін емес,

Халал шарап әкел немесе қайғыны харам деп жарияла.

Сенсіз ащы сезіммен түндерді күндерге жалғадық,

Бізбен бірге қуанышпен бір күн кешкі асқа жайғас.