Maм 29, 2018 23:29 Asia/Almaty

«Ахзаб» сүресінің 69-73 аяттарының тәпсірі:

  "Ахзаб» сүресінің 69 аяты:

«یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا لَا تَکُونُوا کَالَّذِینَ آذَوْا مُوسَى فَبَرَّأَهُ اللَّـهُ مِمَّا قَالُوا وَکَانَ عِندَ اللَّـهِ وَجِیهًا»

Әй, мүміндер! Сендер де Мұсаны (Ғ.С.) ренжіткендер сияқты болмаңдар. Бірақ оны Алла олардың айтқандарынан ақтады. Ол Алланың қасында беделді еді. (69)

Алдыңғы бағдарламаларда, осы сүренің 57 аятында ислам пайғамбарының мұнафықтар тарапынан азапқа ұшырағаны айтылды. Яһудилер Медине қаласында өмір сүріп, мұсылмандармен қарым-қатынас жасағанда хазірет Мұсаның заманында ол хазіретке айтылған, Қарун мен Перғауын және тағы да басқа қарсыластар онда рөл атқарған кейбір жалалар мен жөнсіз сөздер мұсылмандардың құлағына шалынып жатты.

Осы аят иман адамдарына: «Яһудилерден хазірет Мұса туралы еститіндеріңді басқаларға айтпаңдар, қауесет таратпаңдар. Себебі, Құдай пайғамбарының дұрыстығы мен пәктігі және салауаттылығына куәлік етеді. Құдайдың қасында абыройлы адамды абыройсыздықпен байланыстырмаңдар» дейді.

Осы аяттан үйренетініміз:

  1. Дұшпандардың айла-шарғыларының бірі қауесет таратып, оларға жала жауып, олардың физикалық және психикалық саулықтарына күмән тудыру арқылы діни жетекшіні әлсірету болып табылады.
  2. Құдайға, Алланың пайғамбарларына, олардың пәктіктері мен адалдықтарына иман келтірудің шарты оларға кез келген жала жабудан бойтартуда.
  3. Құдай пәк адамдарды, әсіресе пайғамбарларды дұшпандардың жөнсіз жала жабушылықтарынан қорғап, оларды мадақтайды. Біз де солай етуіміз керек.  

«Ахзаб» сүресінің 70-71 аяттары:

«یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّـهَ وَقُولُوا قَوْلًا سَدِیدًا»، «یُصْلِحْ لَکُمْ أَعْمَالَکُمْ وَیَغْفِرْ لَکُمْ ذُنُوبَکُمْ وَمَن یُطِعِ اللَّـهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ فَازَ فَوْزًا عَظِیمًا»

Әй, мүміндер! Алладан қорқыңдар да дұрыс сөз сөйлеңдер. (70)

Алла істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ, кім Аллаға, Елшісіне бой ұсынса, әрине ол ұлы табысқа ие болады. (71)

Мүміндерді жөнсіз, басқаларды азаптайтын сөздерді айтудан тыятын алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Оның дұрыстығы анықталмаған кез келген сөзден абай болу керек. Жік салатын емес, хақ сөз айтыңдар; бөгет сынды мықты, отбасылық және қоғамдық қиындық тудырмайтын сөз».

Егер барлық иман иелері өз сөздерінде оның принциптері мен ережелерін сақтаса, басқаларға қатысты негізсіз болжамдар мен жорамалдар немесе жаман көзқарас пен теріс ойлар негізінде басқалар туралы төрелік жасауға рұқсат етпесе, қоғам түзелуге бет алады: һәм бұрынғы қателіктер біртіндеп шешіледі, һәм болашақта да қателіктердің орын алуына тосқауыл болады.

Құдай да жөнсіз сөз айтуды қоятын адамдардың бұрынғы күнәларын кешіріп, олардың істерін түзетеді. Шын мәнінде, тақуалықтың нәтижесі жөнсіз сөздерден алыстап, хақ, дұрыс сөзге бет бұруда. Бұл іс-әрекеттің өзгеруі мен күнәлардың кешірілуіне себеп болады.

Имам Саджадтың көркем тәмсілінде былай деп айтылған: тіл күн сайын дененің барлық мүшелерінің хал-жағдайын сұрағанда олардың барлығы «сен қойсаң, біздің халіміз жақсы» деп жауап береді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Иманның шарты тақуалықта, тақуалықтың шарты хақ пен дұрыс сөзде.

2.Сөздің әдемі болуы жеткіліксіз. Сөздің мазмұны мықты, рас болуы керек.

3. Егер адам шамасы келгенше тақуалықты сақтаса, Құдай оның қателіктерін кешіріп, жолын түзетеді.

«Ахзаб» сүресінің 72-73 аяттары:

«إِنَّا عَرَضْنَا الْأَمَانَةَ عَلَى السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَالْجِبَالِ فَأَبَیْنَ أَن یَحْمِلْنَهَا وَأَشْفَقْنَ مِنْهَا وَحَمَلَهَا الْإِنسَانُ إِنَّهُ کَانَ ظَلُومًا جَهُولًا»، «لِّیُعَذِّبَ اللَّـهُ الْمُنَافِقِینَ وَالْمُنَافِقَاتِ وَالْمُشْرِکِینَ وَالْمُشْرِکَاتِ وَیَتُوبَ اللَّـهُ عَلَى الْمُؤْمِنِینَ وَالْمُؤْمِنَاتِ  وَکَانَ اللَّـهُ غَفُورًا رَّحِیمًا»

Рас, аманатты (дінді), көктер мен жерге және тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы жүктелді. Өйткені ол, өте залым, тым білімсіз… (72)

Нәтижеде Алла мұнафық ерлер мен әйелдерді және мүшірік ерлер мен әйелдерді азапқа салады да, мүмін ерлер мен әйелдердің тәубесін қабыл етеді. Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (73)

«Ахзаб» сүресінің соңғы аяттары саналатын осы аяттар маңызды тақырыпқа тоқталып, адамның басқа жаратылыс иелерімен салыстырғандағы маңызды артықшылығына, яғни аманат иесі болуына сілтеме жасады: жаратылыстың басқа иелері оған ие болып, қолданудан кенде аманат. Адам деген жаратылыс иесі ғана илаһи мейірімге ие болғандықтан, сол артықшылық оған нәсіп етілді.

Илаһи аманат – Құдай адамға нәсіп еткен, оны басқа жаратылыс иелерінен артық еткен рух. Рух – адамның ақылының бастауы; соның жалғасында оның таңдауы мен ықтияры. Адам барлық кемелдігіне  соның арқасында қол жеткізеді.

Қатты денелер мен өсімдіктер және жан-жануарлар илаһи осы үлкен нығметке ие болу мүмкіндігінен мақұрым. Бірақ, адам Құдайдың оған деген үлкен мейірімінің арқасында осындай үлкен нығмет иесі болды. Дегенмен, басқа да нығметтер сияқты бұл нығмет те илһи аманат. Қалағанынша пайдалана алатындай адам оның жаратушысы да, иесі де емес. 

Бұл нығметті Адамның болмысына аманатқа қалаған Құдай одан осы аманатын дұрыс, түзететін жолда, өзі мен қоғамның бақыты жолында қолдануды сұрады. Бірақ, өкінішке орай, күпіршілік пен екіжүзділікке душар болған көптеген адамдар өздерінің бұрыс әрекеттерімен Алланың осы аманатына қиянат жасайды. 

Өздерін осы аманатқа берік санайтын мүміндер де кейбір жайттарда күнәға ұрынып, аманат иесі, яғни Құдайдың көзқарасына қайшы әрекеттерге барады. Соның салдарынан бір топ надандық пен жәһілдіктеріне, келесі бір топ зұлымдықтары мен әділетсіздіктеріне байланысты илаһи аманатты бұрыс жолда пайдаланады; тағы бір топ аманатты сақтауда аянып қалады.   

Залымдар аманатқа қиянат жасаса, жазаланады, ал тәубеге келсе, Алла тарапынан кешіріледі.

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Адам – жаратылған әлемдегі Құдайдың аманатшысы. Құдай ешбір жаратылыс иелеріне нәсіп етілмеген ерекше артықшылықтарды адамға берді. Бұл артықшылық – илаҺи аманат. Ол дұрыс тәсілмен қолданылуы керек.
  2. Исламның көзқарасы бойынша зұлымдық деген сөз тек басқаларға зұлымдық жасау дегенді білдірмейді. Адамның дамуы мен кемелдігінің мәйегі илаөи нығметтер егер бұрыс жолда қолданылса, өзіне жасалған ең үлкен зұлымдық саналады.
  3. Илаһи аманат жауапкершілік жүктейді. Адам жауапкершілік пен аманатты орындауға қиянат жасаса Алланың қаһарына ұшырайды.
  4. Әйел мен ер кемелдікке жету мен жамандыққа құлдырауда бірдей. Адами тұрғыдан әйел мен ердің арасында ешқандай айырмашылық жоқ.