Маусым 03, 2018 21:06 Asia/Almaty

Биылғы Рамазан айының күндерінің бірі Иран Ислам революциясының іргетасын қалаушы, көсем, имам Хомейнидің дүниеден озған күнінің жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Қасиетті Рамазан айы – Алланың қонағы болатын ай; Құранның көктемі; рух пен жанды тазаратын ай. Бұл айда Алла Тағала пенделеріне ораза тұту мүмкіндігін сыйлады. Жаратушысына  құлшылық етушілер онымен сырласып, қажеттіліктерін айтып, кешірім сұрайды. Құран Кәрімде Рамазан айы халықты дұрыс жолға нұсқаушы ай ретінде аталып, оның бірінші он күні рақымдылық, ортасындағы он күні кешірім, соңғы он күні тозақ отынан құтқарылатын күндер саналады. Бұл ай мен осы айдағы ораза тұтудың сауабы шексіз. Бұл ай оның шындығын түсініп, сөздері мен амалдарын бақылауға алған адамдар үшін. Имам Хомейни қасиетті Рамазан айын адамның несібесіне көптеген береке жіберетін ай деп атап, берекені осы айды пайдаланған адамдарға тиесілі деп санаған.

Имам Хомейни

ИИР-ның іргетасын қалаушы Рамазан айына ерекше көңіл бөліп, бұл айға қадам басудан бұрын нәпсілерді тазартып, шаһуаттардан алыстап, сыртымыз бен ішімізді өзгертіп, тәубе етіп, Жаратушымызбен сөйлесуге дайындауымыз керек деп санаған. Имам қасиетті Рамазан айына қатысты ораза тұтушыларға: «Өздеріңді өзгертіңдер, Жаратушыны ұмытпаңдар, жаман істерің мен қылықтарың үшін кешірім сұрап, егер білместікпен күнә жасасаған болсаңдар, қасиетті Рамазан айы келместен бұрын тәубе етіп, тілдеріңнен Алланың есімдерін түсірмеңдер»,- деп кеңес берген болатын. Имам Хомейни пенделері мен ораза тұтушылардың өзгеруінің шартын өсек айту мен тіл тигізуден тартыну санап, илаһи рақым ораза тұтушыларға жіберіліп, оразаны шайтанның күдік-күмәндары алдындағы мықты қалқан деп атап: «Аллаға қасиетті Рамазан айында өсек айтпауға, басқаларды жамандаудан тартынуға уәде беріңдер. Тіл, көз, қол, құлақ пен басқа ағзаларды бақылауға алыңдар. Істерің мен сөздеріңді қадағалаңдар. Мүмкін, дұрыс амал Алланың сендерге көңіл бөліп, өзгерулеріңе көмектесер. Содан соң шайтанның алдауына түспейтін боласыңдар»,- деді.

Имам Хомейнидің қасиетті Рамазан айындағы ерекше бағдарламалары ғибадат пен түнді ояу өткізуі болды. Имам ғибадатты илаһи махаббатқа жететін құрал деп атап: «Ғибадатқа жаннатқа жететін құрал ретінде қарамаған жөн» деген. Имамның серіктерінің бірі бұл туралы: «Бұл айда хазірет өмірін соған сай өзгертіп өмір сүретін. Имам бұл айды Құран оқу, дұға жасау және Рамазаның мұстахабтарын орындаумен өткізетін»,- деп есіне алатын.

 

Қасиетті Рамазан айының арнайы амалдары мен ғибадаттарының біріне Құранды оның терең мағынасы мен тәпсірін түсініп оқу жатады. Құран Кәрімнің қасиетті Рамазан айында жіберілгені, бұл айда оның аяттарын оқудың көптеген маңызға ие екені, сондай-ақ, Рамазанның Құранның көктемі екені туралы исламдық рауаяттарда көп айтылды. Имам Хомейни қасиетті Рамазан айында Құран оқуға ерекше көңіл аударған. Ол әр мұрсатты, тіпті азғана уақытты Құран оқу үшін пайдаланды. Адамдар имамның тіпті сапарға шығудан бұрынғы бірнеше минутты сан рет Құран оқумен өткізгеніне куә болды. Имам түнгі намаздан кейін таң намазға дейін Құран оқитын. Имамның қасындағылардың бірі Наджафта: «Имам Хомейни қасиетті Рамазан айында күн сайын Құранның он жүзін оқитын. Яғни, әр үш күнде Құранды толық оқып шығатын. Сонымен бірге жыл сайын Рамазан айынан бірнеше күн бұрын өз ойындағы адамдар үшін Құранды бірнеше рет хатым етуге бұйыратын»,- деп айтқан болатын.

 

Құранның жіберілуі, Қадір түндері, періштелердің келуі, тағдырдың анықталуы  мен кейбір басқа мәселелер рухани әрі илаһи қорек болып, қасиетті Рамазан айының Алланың қонағы болатын ай деп аталуына себеп болды. Имам Хомейнидің пікірінше, Рамазан айы – Алла Тағаланың  өзінің қонағы болуға шақыратын ай. Имам адамдар көптеген зорлық-зомбылық және соғыстармен бетпе-бет келіп отырған жағдайда бұл айдағы қонақжайлылықты түсінбеуді өзгермеу және илаһи қонақжайлылықты түсінбеу деп атап: «Барша Алланың қонағаы болуға шақырылды. Егер адам нәпсісіне бағынса, бұл қонаққа бармайды немесе барған болса, пайдалана алмайды. Дүниедеге барлық жанжалдардың себебі Алланың қонаққа шақыруын қабылдамағандықтан. Сондықтан бұл шақыруға «ләббейк» айтуға талпыныңдар»,- деген болатын.

 

Имам шынайы ораза тұтушы зұлымдық жасамайды және зұлымдықты қабылдамайды деп санап: «Егер қасиетті Рамазан айында мұсылмандар Алланың қонаққа  шақыруын қабылдаса, өздерін тазартып, зұлымдықты қабылдамайтын еді. Зұлымдықты қабылдау залымның зұлымдық жасауымен бірдей. Біздің зұлымдықты қабылдамауды немесе зұлымдық жасамауды үйренбеуіміз тазармағанымызды білдіреді»,- деді.

Қасиетті Рамазан айының келесі ерекшеліктерінің қатарына  Қадір түнінің осы айда болуы мен тағдырды анықтауы жаатды. Қадір түні мың айдан артық. Бұл түні Алланың қалауымен жерге періштелер түсіп, құлшылық етушілердің санын белгілейді. Қадір түнінің мақсаты – тағдырды анықтау. Алла Тағала бұл түнде адамзаттың бір жылдық өмірі мен өлімін, бақыты мен шапағатының және басқа нәрселердің мөлшерін белгілейді. Имам Хомейни Алланың қонағы болуға қажет маңызды факторлар мен қажеттіліктерді қуаттап: «Қадір түні ол туралы Құранда айтылған қадір-қасиеті мен берекелеріне жетуге талпынайық. Өйткені, әлемнің бүкіл бақыты осы түнде жіберілген. Сондықтан. Қадір түні басқа түндерден ең жоғары әрі ең артық.

Егер қасиетті Рамазан айының соңына жетіп, амалдарыңызда еш өзгеріс орын алмаса және істеріңіздің бұл айға дейінгі тәсілдерінен айырмашылығы байқалмаса, сіздің күтілген оразаны ұстай алмағаныңыз»,- деп қуаттады. Имам қасиетті Рамазан айынан шығуды Аллаға жақындаумен байланыстырып, айдың соңын мүміннің мейрамы деп атап: «Сіздер  бұл қонақтықтан дұрыс пайдаланып шыққан болсаңыздар ғана айт деп ойлаңыздар.  Айт – бұл қонақжайлылықты дұрыс пайдаланғандарға тиесілі. Сыртқы шаһуаттан тартынғандай, одан маңызды ішкі шаһуаттан да тартыну керек. Қасиетті ай адамды көптеген істерге жігерлендіре алады. Қасиетті ай адамды келесі Рамазан айына дейін өзін бақылауға алып, Алланың ризалығына ие болатындай өзгерте алады»,- деді.