Маусым 24, 2018 15:51 Asia/Almaty

"Илаһи жетекшілер" атты топтамамыздың кезекті бөлімінде имам Хусейн (ғ.с) өмірінің келесі жетістіктерін қарастырамыз.

Алдыңғы бірнеше бөлімде шәһидтердің көшбасшысы Хусейн ибн Әли (ғ.с) өмірінің жетістіктері жайлы баяндаған болатынбыз. Хазірет наразылардың үнін өшіруге талпыныс жасаған Муавиенің саясаттарына қарсы күреске көтеріліп, оның ислам мен адам баласына қарсы әрекеттерінің ешқайсына үнсіздік танытқан жоқ. Муавие соңғы әрекетінде өзінен кейін мұрагер тағайындамау туралы имам Хусейнмен (ғ.с)жасаған бейбіт келісімді бұзып, ұлы Язидті мұрагері әрі ізбасары ретінде таныстырады. Язид исламдық принциптер негізінде мұсылман қоғамына билік етудегі біліксіздігімен қоса, халық қабылдайтын мизандарды заңды санамады.

Пайғамбарлық пен имамат ошағында тәрбиеленген имам Хусейн (ғ.с) кесімді де айқын ұстанымымен Язидке қарсы тұрып, Мәдине облысының әкімі оның билігін мойындау үшін жанына келгенде: "Ей, әмірші! Біз, пайғамбар ұрпағы (с.ғ.с), аһле бейт – пайғамбарлықтың ошағы, періштелер келіп, илаһи рақым түсетін мекен саналамыз. Құдай исламды біздің әулеттен бастады. Ол соңына дейін бізбен бірге қадам басады",- деді.

Имам Хусейн (ғ.с) Язидтің билігін мойындамау үшін ақылға қонымды, діни себеп келтіру үшін алдымен пайғамбар әулетінің жоғары мәртебесін сипаттап, тек оларға тән қасиеттерді тізіп айтты. Содан Язидтің әлсіз тұстарын айтып, Мәдине облысының әміршісіне: "Бірақ, мен оның билігін мойындауымды күтіп отырған Язид – қолы бейкүнә адамдардың қанына былғанған маскүнем. Ол илаһи бұйрықтарды бұзып, халықтың көз алдында әшкере түрде күнә жасап, имансыздығын көрсетті. Хусейн ибн Әли пәктік пен игілік ошағынан шыққан өзі (ғ.с) мен қылықтары мен әрекеттері теріс, жағымсыз Язидті салыстырғаннан соң: "Пайғамбардың пәк ұрпағынан тараған мен секілді адамның осындай азғын әрі қылмыскер адамның билігін мойындауы мүмкін бе? Бұған байланысты сіздер мен біздер болашақты назарға алуымыз керек, сонда біздің қайсымыз ислам үмбетіне жетекшілік етуге және халықтың біздің билігімізді мойындауына лайықты екенімізді көреміз",- дейді.

Имам Хусейннің (ғ.с) барша адамдар үшін, әсіресе Аһле бейттің (ғ.с) жолын шынайы ұстанушылар үшін осындай позициясын мәлімдеудегі жолдауы діни мектептен өткен және жоғары илаһи және адами армандарға берік адамның адамзат баласы қағидаларының бірде-біреуіне берік емес, бойында азғындық пен бүлінушілік қасиеттер қалыптасқан адамдардың билік етулеріне көнбейді. Олардың қоқан-лоққыларынан қорықпайды, олардың паралау әрекетіне бойсұнбай, ашық түрде олардың болмысын әшкерелеп отырады.

Барлығымыз білетіндей және тарихи тәжірибелер көтсеткендей, саясат әлемінде орын алған қақтығыстардың басым бөлігі билік үшін соғыс, жеке және топтық мүдделерді сақтау мен өз орнын бекітіп, сақтап қалуға байланысты болып, бұл салада адамгершілікке жатпайтын әрекетті жүзеге асырудан бас тартпаған. Имам Хусейн (ғ.с) мақсаты билікқұмарлық болған Язидтің мансапқұмарлығына қарсы екенін көрсету үшін Язидтің ұлы Муавие ибн Язидтен кейін Маруан ибн Хакамның Умәя әулетінің төртінші халифі ретінде билік басына жеткен кезінде жақсы адам ретінде көрініп, мұнафықтық әрекетінде имам Хусейнге (ғ.с): "Язидтің билігін мойындау өзіңіз үшін жақсы болады",- дейді. Ол хазірет мақсатының тек Исламды сақтап қалу екендігін көрсету үшін: "Көктердегі және жердегі нәрселер Алланың иелігінде және барлық істер Аллаға қайтарылады. («Әли Имран» сүресі, 109-аят). Егер сенің ұсынысыңды қабылдайтын болсам, мұсылмандардың Язид секілді адамның билігімен қиындыққа ұшырғанынан Исламның өлгенін мойындау керек. Алайда, мен өз атам Пайғамбардың (с.ғ.с) "Халифат билігі Абу Суфиан әулеті үшін харам саналады" деп айтқанын естігенімді білгенің жөн" дейді.

Имам Хусейн (ғ.с) осындай ұстанымымен тек Язид қана емес, сондай-ақ оның әулетінен бірде-бір адамның Ислам халифатының басына отыруға біліктілігі мен заңды құқығы жоқ екендігін және олардың бұл мансапты тартып алғанын, пайғамбар (с.ғ.с) айтып кеткендей бұл қызметтің олар үшін харам саналатынын көрсетті. Бұдан басқа, бір сәтке де Пайғамбар және Исламмен күресуді тоқтатпаған Абу Суфиан мен оның әулетінің іс-әрекеттеріне байланысты имам Хусейн (ғ.с): "Егер Язид секілді адам билік басына отырса, Ислам дінінің өлгенін мойындап, ол үшін «Фатиха» сүресін оқу керек. Себебі, ол Исламның көзін жоюдан басқа мақсатты көздемейді",- дейді. Тарихи деректерге сәйкес, Абу Суфиан мен оның ұлы Муавие Меккені жаулап алған соң өз өмірлерін сақтап қалу үшін Ислам дінін қабылдаған. Бірақ, олар қайтадан билік басына келгенде, Исламның көзін толығымен жою үшін бар күштерін салған. Әсіресе, Муавие оған "Сен өзіңнің барлық мақсаттарыңа қол жеткізіп, Бани Һашем әулетін халифат билігінен құлаттың. Неге оларды азаптауды доғармайсың?" деп айтқан сарайдағы адамға: "Анаң сені аза тұтатын болады. Мешіттерден Мұхаммадтың есімін айтып жатқанын естімейсің бе? Мен бұл есімді жоймайынша жаным жай таппайды",- деп айқаймен жауап береді. Осы саясаттың жалғасында Язид Ашура оқиғасы орын алып, өзін сол шайқаста жеңімпаз деп танығанда, бір өлең шығарып, онда Исламның негізгі қағидасына күмән келтіріп: " لعبت هاشم بالملک فلا خبر جاء ولا وحی نزل" – Бани Һашем біршама уақыт бойы мансап және қызметті ойынға салды, бірақ аспандық хабарлар мен уәһидің бірде-бір белгісі көрінбеді",- деді.

Өкінішке орай, Пайғамбардың (с.ғ.с) қазасынан кейін мұсылмандардың арасында пайда болған ауытқушылықтар мен тағдырды шешуші Ғадир Хом оқиғасын елемеу салдарынан халық Осман халиф болған кезеңдерден бастап және Муавие мен Язид билік басына келген соң, біртіндеп ислам жетекшісіне тән негізгі қасиеттерді ұмытып, тіпті Ислам үмбеті Язидтің билігін мойындауға дейін барды. Алайда кейбір кезеңдерде халық езгі мен әділетсіздіктерден шаршап, Пайғамбардың пәк әулеті – аһле бейттен пана тапса, бірақ, ұзақ уақыт өтпей, қоқан-лоққылар және парақорлық әрекеттерінің салдарынан кері шегініп жатты. Бұл топтарға Умәйя әулетінің әділетсіздіктерінен сабырлары таусылып, мыңдаған хат жолдап, имам Хусейннен (ғ.с) Куфаға келуде өтінген Куфа тұрғындарын жатқызуға болады. Имам Хусейн (ғ.с) де Куфа халқының өтінішін жауапсыз қалдырмады. Бірақ, олардың шынайы илаһи жетекшінің қандай болуы керектігін дұрыс білмейтіні мен Муавие мен Язид секілді адамдардың билігіне көнгенін білген имам Хусейн (ғ.с) мұсылмандарға имам болудың принциптерінің ерекшеліктерін түсіндіріп: "Өз өміріммен ант етемін, шынайы жетекші әрі нағыз имам – өз кітабына сай ғамал етіп, әділет жолын ұстанып, ақиқаттың жеңіске жетуімен өз өмірін Құдайдың бұйрығын орындауға арнап, жанын пида ететін адам",- дейді.

Имам Хусейн (ғ.с) барлық илаһи жетекшілер мен имамдар секілді бір жағынан диктатор болған билік басшыларының теріс әрекеттеріне қарсы табандылық танытуы керек болса, екінші жағынан Ислам өмірі мен ислам үмбетінің бірлігін сақтап қалу үшін бейбіт тәсілдерді пайдаланудан басқа амалы болмады. Хазірет Басра халқына жолдаған хатында былай деп жазды: "Құдай Мұхаммадты (с.ғ.с) бүкіл адамдардың арасынан таңдап, оған пайғамбарлық міндетті жүктеп, оның бойына ұлылық дарытты. Ол өзінің пайғамбарлық міндетін жақсы атқарып, Құдайдың пенделеріне жетекшілік етіп, дұрыс бағытты көрсеткенен кейін оны ең жоғарғы патшалыққа жіберді. Біз, оның ұрпақтары мен мұрагерлері және оның мұрагері болуға ең лайық адамдар ислам үмбетінің арасында болдық. Алайда жауыз адамдардың бір тобы бізді осы құқығымыздан айырды. Біз олармен салыстырғандағы бойымыздағы жоғары әрі лайық білім мен хабардарлықтың арқасында мұсылмандардың арасында қайшылық пен жікшілдіктің пайда болуының алдын алу үшін және дұшпандардың пайда болған жағдайға үстемдік орнатуына тосқауыл жасау мақсатында мұсылмандардың тыныштығы мен қауіпсіздігін өз құқығымыздан жоғары қойдық". Содан кейін имам Хусейн (ғ.с) ислам қоғамында орын алып жатқан ауытқушылықтарға тоқталып: "Сіздерді Құдайдың кітабы мен Пайғамбардың сүннетіне сәйкес өмір сүруге шақырамын. Себебі, біз Ислам пайғамбарының (с.ғ.с) сүннеті мен өмір сүру тәсілінің ешбір нышаны қалмай, оның орнын қолдан жасалған, жалған бидғаттар басқан жағдайға тап болып отырмыз. Егер, менің сөзіме құлақ салып, шақыруымды қабылдасаңыздар, сіздерді дүние мен ақыреттің бақыты мен қуанышына қарай жетелеп, сіздерге илаһи рақымшылық пен береке нәсіп етіледі",- деп жазды.

 

Тегтер