Қыр 03, 2018 17:02 Asia/Almaty

Иран тарихына шолу жасау Ислам революциясының алғашқы ұшқындарының 1962-1963 жылдары лаулағанын көрсетеді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи: «Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1342-ші жылдың хордад айының 15-ші жұлдызы – өте маңызды күндердің бірі. Бұл күні орын алған оқиға халықтың діни қызметкерлер мен діндар азаматтарға қосылуының қатерлі екенін көрсетті. Ашура күнімен тұспа-тұс келген сол жылдың хордад айының 13-ші күні ұлы имам Фейзие діни оқу орнында тарихи сөздерінің бірін сөйледі. Бұл сөзінен кейін имам қамауға алынып, хордадтың 15 күні Теһранда, Құм мен тағы да басқа қалаларда халықтық үлкен қозғалыстар басталды. Хордад айының он бесі күні халық көтерілісі орын алды»,- деді.

Реза хан мен ұлы Мұхаммад Реза Пехлеви Иран халқының діни және мәдени талап-тілектері мен, өз халқының экономикалық-қоғамдық қалауларына немқұрайдылық танытып,  халыққа қысым көрсетіп, іс жүзінде үнсіздікті  бұзды. Елдің халқына, әсіресе жастарына сүйенудің орнына АҚШ-қа көз тіккен Мұхаммад Реза Пехлеви еш уақытта үкіметінің дәл осы халықтың қолымен құлатылатыны туралы ойламады. Иран халқының айқайы мен ашуы имам Хомейни тарапынан баяндалып, имамның дана басқаруы патшаның тақтан тайып, бұл елде Ислам революциясының орын алуына жеткізді.

Имам Хомейни

Иран тарихына шолу жасау Ислам революциясының алғашқы ұшқындарының 1962-1963 жылдары лаулағанын көрсетеді. Бұл жылдары Иран шахы Американың айтуымен Мемлекеттік және облыстық бірлестіктердің заң жобасын өз реформаларының бір бөлігі деп атады. Дінге әшкере қарсы бұл жоба Иранның мұсылман халқы мен ғұламаларының шахтың шешімдеріне жиіркеніш білдіретіндігін көрсетті. Аталмыш жоба бойынша, Ислам діні мен қасиетті Құран кітабы шеттетіліп, мәжіліске үміткерлердің мұсылман болуы туралы шарт жойылды. Әйелдерге сайлауға қатысып, сайлануға рұқсат берілді. Бұл жобаның мақсаттары мен бағдарламаларын көптеген тұрғыдан қарастыруға болады. Яғни, шах бірнеше мақсатты көздеді: біріншіден, діндарлар және олардың жақтастарына күш көрсетіп, оларды сахнадан шығару керек болды; екіншіден, елдің ресми мазхабы мен Құран Кәріммен ант беруді жойып, іс жүзінде мемлекеттің саясатын жүргізіп отырған мұсылман емес топтарға ресми болмыстарын жариялауға мүмкіндік берді; үшіншіден, әйелдердің азаттығы туралы мәселені көтеріп, олардың артта қалуы мен мақұрым қалуына Ислам мен Конституцияны кінәлі етіп көрсетпек болды. Бұл жобаның пікірталас көтерген мәселесі әйелдердің басынан бастап, ерлер сияқты азаматтық құқықтарынан мақұрым болғаны туралы мәселе болды. Жобаның бекітілу мақсаты әйелдерге азаттық беру болған жоқ, керісінше, Америка мен Израиль  бұл жоба арқылы әйелдер арасында бұзақылық пен тәртіпсіздікті таратуды көздеді. Имам Хомейни бұл мәселенің алдап-арбау екенін түсініп: «Біз әйелдердің дамуына қарсы емеспіз, біз олар мен мына қастандық пен қате шешімдеріне қарсымыз. Бұл мемлекетте әйелдерге азаттық беретіндей, ерлер азаттыққа ие болды ма? Ер мен әйелдің азаттығын тек сөзбен шешуге болмайды»,- деп баса айтты.

Аталмыш жобаға қарсылық білдіруде көшбасшы болған имам Хомейни шах пен сол кездегі премьер-министр Асадолла Аламға телеграммалар жіберіп, басқа ғұламалар мен діни танымал тұлғалармен бірігіп, бұл шешімді жылдам тоқтатуды талап етті. Діни танымал тұлғалар қасиетті Құм қаласынан жобаға қатысты наразылық білдірген телеграммалар жіберді. Халық та мешіттерде жиналып, наразылық білдіруге шешім қабылдады. Үкімет халықтың бұл шешімінен хабардар болып, наразылықтардың кең таралуына алаңдаушылық білдіріп, жобаны іске асыруға жол бермеу керек деп шешіп, оның күшін жойды. Үкіметтің артқа шегінуі мен имам Хомейнидің басшылығымен шах режиміне қарсы қоғамдық қозғалыс орын алды. Имам Хомейни мен басқа ғұламалардың Мемлекеттік және облыстық бірлестіктердің заң жобасы мен территориялық реформаларына қатаң қарсы болуы империализм мен Пехлеви режиміне соққы беріп, оларды ойландырды. Дұшпан өз бағдарламаларын іске асыру жолында Иранның шиіт ғұламалары мен халқын үлкен кедергі санады.

1342-ші жылдың Наурыз мерекесінің жақындауымен имам Хомейни: «Иран халқы АҚШ, Израиль және Пехлеви режимі тарапынан тәуелсіздікке соққы берілгеніне байланысты Наурыз мейрамын тойламайды, оның орнына аза тұтады»,- деп жариялады. Шах режимі реакция білдіріп, Құм қаласындағы Фейзие мен Табриз қаласындағы Талебие діни оқу орындарына шабуыл жасап, көптеген адамды өлтіріп, жаралады. Пехлеви режимінің бұл әрекеті олардың бөгделердің мүдделері үшін өз халқын құрбан етуге дайын екенін көрсетті. Олар наразылықтарды тоқтату үшін зорлық-зомбылық қолданды, бірақ имам Хомейни бұл қылмыстан кейін халыққа: «Аландамаңыздар да қорықпаңыздар. Сіздер апат пен қиындықтардың алдында сабыр сақтаңыздар. Біздің үлкен жетекшілеріміз Ашура мен мұхаррамның 11-ші кешінің оқиғаларын бастан өткізіп, Алланың діні жолында қиындықтарға төзімділік білдірді. Сіздер бүгін не үшін алаңдайсыздар? Хазірет Әли (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.)-ның жақтастары үшін билік басындағылардың әшкере қастандығының алдында өздерін ұтылушы деп санауы дұрыс емес. Үстемшіл үкімет өз әрекетімен құлауына жол ашты. Біз міндетті түрде жеңеміз»,- деді. Бұл сөздер күреске жаңа дем беріп, Пехлеви режимінің заңдылығына әшкере түрде күмән тудырды.

 

1342-ші жылы Фейзие медресесіндегі оқиғадан бірнеше айдан кейін тарихта мәңгі қалған 15-ші хордад көтерілісі орын алды. Бұл көтеріліс таңғалдырарлық өзгерістердің бастамасы болды.

1342-ші жылдың (1963 ж.) хордад айының 15 күні таңда шах режимінің нөкерлері имам Хомейнидің Құмдағы қарапайым үйін басып кіріп, хазіретті тұтқындап, Теһрандағы абақтыға жеткізді. 1342-ші жылдың хордад айының 15 күні имамның қамауға алынуы туралы хабар таралған соң Құм халқының көбі имамның үйіне барып, перзенті Мұстафамен бірге таңғы сағат алтыда хазірет Масуменің қасиетті кесенесіне бет алды. Біраздан кейін қасиетті кесенесі мен айналасындағы көшелер халыққа толып, «Өлім немесе Хомейни!» деген ұран естілді. Дәл сол кезде беделді діни ғұламалар мәлімдеме жариялап, имам Хомейниді жылдам босатуды талап етті. Алайда, Пехлеви режимі бұл талаптарды қабылдамай, халыққа қарсы оқ атып, көптеген қорғансыз халықты жаралап,  өлтірді.

Пехлеви режимінің Құмның қорғансыз халқына қарсы шабуыл жасағаны туралы хабар тараған соң Теһран мен басқа да көптеген қалалардың халқы имам Хомейнидің қамауға алынуына наразылық білдіріп, көшелерге шығып, көтеріліс ашты. Теһранның айналасындағы ауылдардың шаруалары мен диқандары қалаға қарай ағылды. Саудагерлер мен жоғары оқу орындарындағылар мен халықтың басқа да әр түрлі таптары «Өлім немесе Хомейни!» және «Шахқа – өлім!» деген ұрандарымен Теһранды сілкінтті. Халықтың көтерілісін тағынан айырылуының себебі санаған шах халыққа қарсы оқ жаудырды. Шираз, Табриз және Мешхед сынды кейбір қалаларда наразылықтар күшейіп, көп адам өліп, жарақат алды, абақтыларға жабылды. Айта кететін жайт, патша үкіметінің тыйымдары мен қысымдарына қарамастан имам Хомейнидің қамауға алынуы және 15-ші хордад оқиғасы туралы хабарлардың қысқа уақытта елдің жер-жеріне таралуымен бірге шекарадан асып, шахқа қарсы жиіркеніш пен ашу-ыза толқынын көтерді. Наджаф, Кербала, Каземиннің діни оқу орындары имам Хомейниді қолдап, ислам елдерінің басшылары мен халықаралық ұйымдарға телеграммалар жіберіп, хордад айының 15 күнгі Пехлеви режимінің қырып-жою әрекеттерін айыптады. Бірақ, бұл оқиғалар туралы елдің ақпарат құралдарында ешбір хабар жарияланған жоқ.

Аятолла Хаменеи

Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи: «Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1342-ші жылдың хордад айының 15-ші жұлдызы – өте маңызды күндердің бірі. Бұл күні орын алған оқиға халықтың діни қызметкерлер мен діндар азаматтарға қосылуының қатерлі екенін көрсетті. Ашура күнімен тұспа-тұс келген сол жылдың хордад айының 13-ші күні ұлы имам Фейзие діни оқу орнында тарихи сөздерінің бірін сөйледі. Бұл сөзінен кейін имам қамауға алынып, айының он бесі күні Теһранда, Құм мен тағы да басқа қалаларда халықтық үлкен қозғалыстар басталды. Тағұт режимі өз армиясы, полициясы, қауіпсіздік күштері арқылы халықты басып-жаншыды. Хордад айының он бесі күні халық көтерілісі орын алды. Бұл халық пен діни қызметкерлер және діни ғұламалар арасындағы мықты қарым-қатынасты көрсетті. Сол қарым-қатынас қозғалыс пен оның жеңіске жетуінің кепілі болды.  Халыққа сүйенген әрбір қозғалысқа халық қатысып, ол жалғасып, жеңіске жететін. Сондай-ақ, керісінше, халық қолдамаған қозғалыс нәтижеге жетпейді»,- деді.