Қыр 15, 2018 13:58 Asia/Almaty

Аятолла Хаменеи: «Мен революцияның тамырлары мен тереңдігі біздің халықтың діни сенімдерінің тереңдігімен байланысты деп санаймын».

Ойшылдардың көбі дін мен мазхабты Ислам революциясы мен оның жеңіске жетуінің негізгі факторы санайды. Олардың пікірінше, Ислам дінінің тағылымдары мен халықтың иман-сенімдері және имам Хомейни сынды тұлғаның басшылығы Ирандағы патшалық режимнің құлдырауы мен Ислам діні негіздеріне сүйенген демократиялық үкіметтің құрылуына себеп болған.

Имам Хомейни

Аятолла Хаменеи: «Мен революцияның тамырлары мен тереңдігі біздің халықтың діни сенімдерінің тереңдігімен байланысты деп санаймын»,- деді. Иран халқының ислам тағылымдарына жақын болуы мен дінді талап етуі халықтық толқынның имам Хомейниге қарай ағылуына  себеп болды. Өйткені, ол үлкен ғұлама, тәпсірші, мистик және күшті философ болған. Ислам революциясының жеңіске жетуінің ең маңызды факторы болып табылатын имам Хомейни Алла жолында көтеріліске шығып, Оның ризалығына ие болуды илаһи құқық санады.

Ирандағы Ислам революциясының жеңісінен бұрын сарапшылар революциялардың факторларының қатарында экономикалық және материалдық қиындықтарды атаған болатын. Бірақ, ислам революциясы болып, Иран халқы исламдық және ғиззат талап ету ұрандарын айтып, қарулы Пехлеви режимін жеңгеннен кейін революциялар мен олардың себептері туралы жаңа пікірлер пайда болды. 1961 жылы Иран халқының шахқа қарсы қозғалысының басталуы мен 1978 жылы олардың діни ғұламалармен қосылуынан бергі жылдарды Ислам революциясы дауылының басталуы деп атауға болады. Иранның мүмін халқы 1961-ші жылдан кейін бірте-бірте имам Хомейнидің көзқарастары мен хазіреттің күреске қатысты ерік-жігерімен танысты. Аятолла Хаменеи Иран халқының иманы мен діндарлығына көңіл бөліп, Пехлевидің тәуелді диктатурасымен күресті бастады. Бұл жолда имамның қатарына революцияшыл және имамды жақтайтын арналар қосылды. Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1342-ші жылдың  хордад айының 15 күнгі  маңызды көтеріліс пен басып-жаншушы режимімен текетірес Ислам революциясының жеңісіне теріске шығаруға келмейтіндей әсер етті. Сол жылдары басып-жаншу әрекеттері мен қысымдар күшейіп, Иранда Американың араласушылығы артты.  Бөгде мәдениеттің таралуы, таптық алшақтықтардың тереңдеуі, экономикалық және саяси кемсітушіліктер, исламофобия мен шексіз үстемшіл патшалық үкімет пен шахтың болмысын әшкерелеп, халықтың үкіметке қарсы күреске шығу жігерін арттырды.

Негізінде имам халықтың шах режиміне қарсы қарулы күресіне әрқашан қарсы болды. Жылдар бойы саудагерлер, студенттер, мұғалімдер, тіпті әскерилер арасындағы күрескерлер имам Хомейнидің ой-пікірлері мен Ислам дінінің қоғамдық-саяси тұрғыларына сенім артып, майданға шығып, күн сайын патшалық үкіметке қарсы қысымдарды күшейте түсті. Имам Хомейни қозғалысының бірінші жылы  күресінің алғашқы қадамдарын: «Мұхаммад (с.ғ.с.) оларға: “Шын мәнінде сендерге бір үгіт беремін: Алла үшін екі-екіден, бір-бірден тұрыңдар да сосын ойланыңдар...” де»,- деген «Саба» сүресінің 46-шы аятымен бастады. Имам бұл қасиетті аятты түсіндіріп: «Хазірет Ибрахимді әлемнің әртүрлі қызығынан алыстатып, жұмаққа жеткізген Алла үшін төңкеріске шығыңдар.  Хазірет Мұсаны бір таяқпен перғауындарды жеңгізіп, оларды тақтан тайдырған Алла үшін көтеріліске шығыңдар.  Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға ғибадаты мен сенімі арқылы надандықты жеңіп, пұттарды қиратуға күш берген Алла жолында көтеріліс жасаңдар»,- деген болатын.

Иран қоғамындағы наразылықтар имам Хомейни басқарған халықтың ревоюцияшыл қозғалысы үшін лайық жағдай тудырды. Имамның халықты дұрыс жолға нұсқау бағытындағы сөзінің әсері оны теңдессіз басшыға айналдырды. Имам Хомейни Иранның Ислам революциясының ағымында ғимараттың әр кірпішін танитың сәулетші сынды революцияның мүмкіндіктері мен күшін дұрыс бағалап, барлық факторларды  пайдаланып, ең үлкен жұмысты іске асырды. Имам өз қозғалысын билік пен атақ немесе дүние үшін бастаған жоқ. Имамның илаһи жігерден басқа себебі болмады. Аятолла Хаменеи имам Хомейнидің халықты жақсы тануы туралы: «Ұлы имам Иран халқын жақсы таныды. Имам бұл халықты иманы терең, ақылды, қырағы,  сондай-ақ, егер лайық басшы табылса, бұл халық күннің көзі сынды әртүрлі майдандарда жарқырайды деп санады.

Шахқа қарсы халық көтерілісі

 

Ислам революциясының жеңісінен бұрын  сан рет әртүрлі елдерге, соның ішінде Ирак пен Францияға қудаланып, бақылауға алынды. Бірақ, сондай жағдайға қарамастан өзінің ақылымен Иран халқын жақсы басқарды. Революцияның жеңісінен бірнеше ай бұрын кейбір танымал басшылардың Парижде имам Хомейнимен кездесуі мен хазіреттің басқарушылық қасиетін мойындауы имам Хомейнидің теңдессіз басшылығын кемелдендіре түсті. Имам Хомейниді бар болмыстарымен жақсы көрген халық хазіреттің басшылығымен Пехлеви режиміне қарсы шықты. Имам қуғында жүрген жылдары шетелдердегі студенттердің исламдық қауымдастықтар арқылы имамға Иракта кездесу туралы жолдаулар жіберуі және имам Хомейнидің Парижде өмір сүрген кезде әртүрлы қайраткерлер мен әртүрлі топтар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулері хазіреттің басшылығының айқын әрі келешегінің табыстылығын дәлелдей түсті. Сондай жағдайда халықтың, әсіресе діни ғұламалар мен имам Хомейнидің ықпалынан қорыққан шах асығыс түрде үкіметін өзгертті. Ол халықтың толқынына қарсы тұрып, шахтық режимін сақтап қалу үмітімен көптеген премьер-министрді ауыстырды. Бірақ, халықтың  иманы мен Ислам дінінің қоғамдық тағылымдарынан хабардарлығы мен имамның басшылығын қолдауы шахтың Ираннан қашуына жеткізді. Иран халқы имамның 1979-шы жылы Иранға оралуын тойлады. Ислам республиксының референдумінде халықтың 98 пайызы Ислам республикасы жүйесіне дауыс берді. Нәтижесінде халықтың қатысуымен Ислам революциясының негіздері қалыптасты.

Аятолла Хаменеи

Аятолла Хаменеи Иранның Ислам революциясы туралы: «Ислам революциясы төңкеріс, әскери әрекет немесе бір топ әскерилер бір үкіметті құлатып, оның орнына басқа үкіметті әкелген басқа революциялар сияқты болған жоқ. Бұл революция халықтың арқасында, халықтың жігері, халықтың революцияшыл күштері, иманының арқасында орын алып, дәл осы күштер арқылы өзін қорғап, тамырын жайды. Қорықпаған, табандылық танытқан – Иранның халқы. «Әли-Имран» сүресінің: «Оларға адамдар: «Сендер үшін ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар» деді. (Бұл сөз) олардың иманын арттырды да олар: «Бізге Алла жетіп асады. Ол нендей жақсы ие» деді»,- деген 173-ші аяты осы халыққа қатысты жіберілген. Біздің халық әрқашан қоқан-лоққымен бетпе-бет келді, әрқашан бұл халыққа «шабуыл жасап, санкция салу» туралы айтылды. Бірақ, олар санкциядан қорықпай, артқа шегінбей, қозғалыстарын жалғастырды. Бұдан былай да солай болуы керек. Біздің халық, әртүрлі таптарымыз, жастарымыз, діни адамдарымыз, студенттеріміз бен ұстазарымыз, зерттушілеріміз бен басшыларымыз, үкіметіміз бен мәжілісіміз революцияшылдықтарын сақтап, революцияшыл әрекет етуі керек. Жолымызды табысты жалғастыруымыз үшін барша революцияшыл болуы керек»,- деді.