Қаз 13, 2018 18:30 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 102

Иранның Ислам революциясының басқа революциялар сияқты ұрандары мен мақсаттары болды. Бірақ, бұл революция Иранның мұсылман халқы мен басшыларының дінді талап етуіне байланысты орын алғандықтан ұрандары мен мақсаттары исламдық құндылықтардан туындады.

Аятолла Хаменеидің  пікіріне сәйкес, Ислам революциясының негізгі  мақсаты "пәк өмірге" жету болды. "Пәк өмір" – адамның материалдық, жыныстық, рухани, ғылыми, іскерлік, белсенділік және рухани тұрғыларын қамтамасыз ететін өмір. "Пәк өмірге" жету  қажеттіліктерге ие. Оның ең маңызды қажеттіліктерінің бірі Алланың билігін қабылдап, Алла елшісі мен қасиетті Құран кітабына иман келтіру болып табылады. "Пәк өмірге" жетудің келесі қажеттілігі иман келтіріп, адал әрі жақсы ғамалдарды іске асыру саналады. Адам өзінің  иманы мен адал ғамалдарын арттырған сайын "пәк өмірге" жету мүмкіндігі де артады. "Пәк өмірге" жеткізетін үшінші фактор ретінде адамның ақылының дамуын атауға болады. Ислам революциясынан кейін адам Алланың билігін қабылдап, адал ғамалдарды орындауымен бірге әлемнің жаратылуы туралы ойланып, ақылын дамыту мүмкіндігіне ие болды. Жаратылыс және әлемнің жаратылуының мақсаты туралы ойлану маңызды болғандықтан, Алла елшісі сөздерінің бірінде "Бір сағат ойлану 70 жыл ғибадаттан артығырақ" деген болатын. Құран Кәрім де кәпірді ақылсыздығына байланысты өлікпен тең санайды.

Ислам революциясының қазіргі жетекшісі  аятолла Хаменеи Ислам революциясының мақсатын исламдық қоғам құру деп санайды. Исламдық қоғам – Ислам дінінің адамзатқа ұсынатын исламдық армандары мен мақсаттарына жетуді көздейтін қоғам. Исламдық қоғам – әділет пен азаттық қалыптасқан, елді басқаруға халық қатысатын, елдің келешегі мен дамуында халық маңызды әсер ете алатын қоғам. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша исламдық қоғамның келесі ерекшелігіне ұлттық ғиззат, ұлттық құлшыныс, жақсы тұрмысқа ие болуы, сондай-ақ, кедейшілік пен аштықтан арылу жатады. Аятолла Хаменеи: "Исламның негіздерін қалыптастырғысы келетін қоғам жан-жақты жетістіктерге ие, яғни бұл қоғам ғылыми, іс жүзіндегі, дін мен рухани, экономика мен саясат, сонымен бірге ахлақ пен әлеуметтік тұрғылардан дамуы керек. Біз осындай қоғамды құруды көздейміз. Әрине, мұндай қоғам әлі құрылған жоқ, бірақ біз оны құру үшін талпыныс жасап жатырмыз",- деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі  сөзінің жалғасында аталмыш қоғамның адамды Жаратушыға құлшылық ету сияқты жоғары мақсатына жеткізетінін қуаттап: "Аллаға құлшылық ететін қоғам Алланы толық танып, илаһи ахлаққа ие болады. Бұл – адамның кемелдікке жетуінің белгісі. Сондықтан қорытынды мақсат кемелдікке жету болса, одан бұрынғы мақсат – исламдық қоғамды құру. Бұл өте үлкен мақсат",- деді.

Ислам революциясы жетекшісі  аятолла Хаменеи Ислам революциясы Иран халқы үшін "пәк өмірді" қалыптастырып, соңында Жаратушыға құлшылық ету мақсатына жеткізуі керек, сондықтан исламдық қоғамды құру мен "пәк өмірге" жету өз қажеттіліктеріне  ие  деп санайды.  Ислам революциясы жетекшісінің пікірі бойынша, әділет орнатып, ұлттық ғиззат пен тәуелсіздікке ие болу, біреуге тәуелді болмау, халық демократиясын орнату мен барлық салалардағы халықтың құқықтарын, сондай-ақ, әлем мұсылмандарының құқықтары мен әлемнің жер-жеріндегі жәбір көрген халықтарды қорғау Иранның Ислам революциясының негіздері мен мақсаттарының қатарына жатады. Ислам революциясының жетекшісі: "Революцияның басында іске асырылған жұмыс мақсаттарды анықтау болды. Жоғары мақсаттар –өзгертілмейтін мақсаттар, яғни, шынайы  армандар мен негіздер өзгертілмейді. Әділет адамзаттың жаратылуының басынан осы күнге дейін – бір арман. Барлық заманда әділет орнату адамдардың жоғары мақсаттарының бірі болды. Азаттық – адамның келесі арманы. Революция армандарды анықтап, кейін соларға қарай алға қадам басады",- деді.

Аятолла Хаменеи Ислам революциясыынң негізгі мақсатын Алла дінінің билігінің орнатылуы деп атап: "Революцияның мақсаттарының қатарына Алланың билігін, азаттық, қоғамдық әділет, жақсы тұрмыс орнату мен кедейшілік пен надандықтың тамырын жойып, Батыстан бүкіл дүниеге тарап отырған ахлақи бұзақылыққа қарсы тұру жатады",- деп қуаттады.

Армандар мен мақсаттарының жолына түсіп, исламдық қоғам құру халық пен басшылардың талпыныстары арқылы жүзеге асырылады. Халық пен басшылар  армандарына жету жолында табандылық білдіріп, дұшпандардың олар үшін дайындағын қиындықтарынан қорықпай, Ислам революциясын жоғары мақсаттарына жеткізе алады. Иран халқы шамамен 40 жылдың ішінде өз басшыларының басқаруымен көптеген қиындықтардан өтіп, Ислам діні мен Ислам революциясының негіздеріне табандылық білдіріп, таңғалдырарлықтай жетістіктерге жетті. Батыс және еуропалық үстемшілердің залым санкцияларына қарамастан Иран халқы артқа шегінбей, қиындықтарға  төзіп, үстемшілердің алдында бас имеді. Иран Ислам революциясы зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа бағынбай, үлкен майдандарда абыроймен үлкен табыстарға жетіп, "Біздің қолымыздан келеді!" деген ұранға сүйеніп, даму жолында маңызды қадам басты. Жергілікті ғалымдардың арқасында ядролық қуатқа ие болу, маңызды дәрілер өндіру, әскери күш-қуатты күшейтіп, заманауи зымырандар мен құрлық пен теңіз күштеріне қажет әскери жабдықтар жасап шығару – Ислам революциясының жеңісінен кейінгі "Біздің қолымыздан келеді!" деген ұранға иек артып жеткен жетістіктердің тек бір бөлімі ғана.

Үстемшілерге табандылық білдіру соңында жеңіске жеткізеді. Илаһи пайғамбарлардың тағылымдары мен Құран Кәрім зорлық-зомбылық пен залымдардың сөздерін қабылдамау керектігін қуаттайды. Аятолла Хаменеидің пікірінше, "Билеп-төстеушілікпен қарсыласу – Ислам революциясының  маңызды мақсаттарының бірі. Билеп-төстеуші әрқашан басып-жаныштауды көздейді. Онымен қарсыласпайтын кез келген халық пен кез келген жүйе тұтқынға түсіп, оларға бағынатын болады". Исламдық Иранның халқы мен жүйесінің үстемшілермен қарсыласуы зорлық-зомбылық көрген басқа халықтардың Иранның Ислам революциясынан үлгі алып, қарсыласып, залымдарды жеңуге үміттенуіне себеп болды. Палестинаның жәбір көрген халқы жылдар бойы ең аз мүмкіндіктерімен байқайшағына дайын қаруланған сионистерге қарсы тұр. Әрбір палестиналықтың жүрегінен жеңіске жететіндігіне қатысты үмітті байқауға болады. 

Иран халқы мен исламдық жүйе басшыларының иманымен қатар Иран халқының қазіргі кезеңде жетістіктерге жетіп, беделінің артуының келесі маңызды факторы ретінде елдің діни жетекшісі аятолла Хаменеидің қырағылығын атау қажет. Діни жетекші халықтың әртүрлі таптарының жағдайы мен олардың қажеттілктерінен хабардар. Хазірет олармен кездесіп, маңызды сөздерін баяндайды. Аятолла Хаменеи студенттермен, жұмысшылар және елдің көрнекті тұлғалары мен ұстаздарымен, өнерпаздармен, әсіресе ақындар мен халықтың басқа да әртүрлі таптарымен кездесіп, әрбір кездесуде билікқұмарлар мен қара ниеттілердің мақсаттарын әшкерелеп, аймақ пен әлемнің жағдайы мен елдің ішкі мәселелеріне тоқталып, маңызды ақыл-кеңестерін беріп, Ислам революциясының мақсаттарын ілгерілетудегі   әрбір таптың міндетін анықтайды. Діни жетекшінің ақыл-кеңестері мен стратегиясы халықтың Ислам  революциясының негіздеріне табанды болып, революцияның негізгі жолынан таймауының маңызды факторларының бірі саналады. Иран халқының қарсыласуы мен табандылығын көрген революцияның дұшпандарының өзі сан рет исламдық Иранның алдында қауқарсыз екендіктерін мойындады. Осыдан біраз уақыт бұрын қайтыс болған АҚШ-танымал саясаткері, стратег Збигнев Бржинский: "Өзімнің бүкіл кәсіби ісімде тек Иранның революциясын бағалауда сәтсіздікке ұшырадым",- деп мойындаған болатын.

 

Тегтер