Қаз 24, 2018 12:01 Asia/Almaty
  • Илаһи жетекшілер (49)

"Илаһи жетекшілер" атты топтамамыздың кезекті бөлімінде имам Джафар Садықтың (ғ.с) әрекеттерінің келесі бір бөлігін келесі қарастырамыз.

Қымбатты оқырмандар! Өткен бөлімде имам Садықтың (ғ.с) өзін Әмәви және Аббас әулеттерінің билік үшін күресінен алыс ұстағанына қарамастан, олармен күресін ешқашан доғармағанын және ислам үкіметінің қанаушы билеушілерімен ынтымақтастық жасауға қарсылық білдіргенін айтқан болатынбыз. Аббас әулеті қоғамдық пікірді алдап, өз билігін орнатқаннан кейін көтерілісшілер мен шиіттерге қоқан-лоққы мен қысым жасап, оларды абақтыға қамауды арттырып, жалдамалыларын пайдаланып, олардың барлық әрекетін бақылауда ұстап, Аббас әулеті билеушілерінінің сарайына есеп беріп отырды. Имам Садық (ғ.с) амалсыздан күрескерлік тактикасы мен әдісін өзгертіп, дұшпандарының зиян тигізуінен аман қалу үшін жақын әрі адал жолдастарынан әрекеттерін көрегендікпен және құпиялықты сақтап, жасырын жүзеге асырып, артынан ешқандай із қалдырмауды сұраған. Шиіттердің саяси фикхтік мәдениетінде бұл әдіс "тақийа" деп аталады. Бұл қауіп-қатерлер мен қастандықтардан аман қалу дегенді білдіреді.

Бұл қағиданың қайнар көзі принциптерді сақтау мақсатында ақиқатты жартылай жасыруды білдіретін қасиетті Құран кітабынан бастау алады. Құранның «Әли Имран» сүресінінің 28-аятында, Нахыл сүресінің 106-аятында, Ғафир (Мумин) сүресінің 28-аятында осы мәселе айтылған. Имам Садық (ғ.с) уәһи аяттардан шабыт алып, күрестің осы әдісін қолдану арқылы серіктеріне бірқатар кеңес берген. Бағдарламның жалғасында сол ақыл-кеңестердің кейбіреуін талдаймыз.

Хазірет серіктерінің біріне: "Құдай шырақ пен ошақ секілді жарқырайтын тайпа мен халықты рақымы мен мейіріміне бөлейді. Басқаларды лайық амалдарың арқылы бізге қарай шақырып, бар күштеріңді салыңдар. Біздің құпияларымыз бен жоспарларымызды әшкере еткен адамдар секілді болмаңдар",- деген соң Муалла ибн Хунайсқа: "Біздің бұйрықты жасырын ұстап, ешқашан әшкерелеме",- деп кеңес берген.

Имам Садық (ғ.с) дұшпан тұзақ құрып, олардың әрекеттерін бақылап отырған кезеңде "тақийа" қағидасы мен жасырын күрестің рөлін баяндау үшін: "Біздің құпиямызды жасыра алмай, оны әшкере еткен адам бізге қарсы семсер суырып,  соғыс ашқан адам саналады. Құдай біздің ғылыми құпияларымызды біліп, оны жерге көміп, жасыратын адамға рақымын төгеді",- деді. Әрине, ауыр күрес жағдайында құпияны сақтау оңай іс емес. Революциялық көтерілістер пен қозғалыстардың жеңіліске ұшырау себептерінің бірі адами күштердің "тақийа" және құпия ақпараттарды сақтау принципіне көңіл бөлмеуі саналады. Осындай маңызды қағидаға көңіл бөлу ақиқат майданының жеңіске жетуінде негізгі рөл атқарады. Бұл қағиданы барлық тұрғыдан шыныққан және көреген адамдардың ғана сақтай алатыны анық. Революциялық әрі исламдық әрекеттің қиындығы жайлы хазірет айтқан: "Біздің құпияларымызды жария еткен адам бізге қарсы семсер ұстап, соғыс ашқан адам секілді. Алайда оның күнәсі бұдан да ауыр саналады" деген сөзі жеткілікті.

Құпияны сақтай білу үнсіздік танытып, назар аудармау және дұшпанмен күресуден бас тарту деген мағынаны білдірмейді. Бұл исламдық және революциялық мақсаттарды ілгерлетуге бағытталған күрескерлік тактика саналады. Сондықтан "тақийа" қағидасына көңіл бөлу –көрегендік танытып, дұшпанның әлсіз тұстарын анықтау, өтірік ұрандармен қоғамдық пікірді алдап, халықтың тағдырына үстемдік орнатқан билік басындағыларға ауыр соққы беру мақсатында күрескерлік саясаттар мен жоспарлар құру. Осы негізде имам Садықтың (ғ.с) күрес майдандарына келуі үшін қажет әлеуметтік-саяси жағдайдың болмауына қарамастан, хазірет бір сәтке болса да Аббас әулетінің билеушілеріне қарсы күресте тыным таппай, күрестің тактикалары мен әдістерін өзгерту арқылы олармен күресті үздіксіз жалғастырды. Сол себепті егер имам "тақийа" принципін сақтаудың аса қажеті жоқ екендігін сезгенде, өз заманындағы көтерілісшілердің ашық күресін қолдайтын еді. Осыған байланысты имам Садық (ғ.с) өзінің Абдулла ибн Аби Яфур атты серігіне: "Қанаушы үкіметтер мен Құдай тарапынан тағайындалмаған билеушілерге бет бұрған адамдар тақуалықтың ең жоғары дәрежесіне жетіп, ең игі деген ғамалдар жасаса да, олар – дінсіз",- деген. Содан кейін: "Құдайдың мына аятын естімедіңдер ме: "الَّذینَ کَفَرُوا أَوْلِیاؤُهُمُ الطَّاغُوتُ یُخْرِجُونَهُمْ مِنَ النُّورِ إِلَی الظُّلُماتِ وَ", яғни "...Ал қарсы болғандардың достары шайтан, оларды жарықтан қараңғылықтарға шығарады..."(Бақара сүресі, 257-аят),- дейді. Ибн Аби Яфур: "Құранда айтылған " وَ الَّذینَ کَفَرُوا" күпірлерді меңзеп тұрған жоқ па?",- деп сұрайды. Сонда хазірет: "Күпірлер жарықтан шығарылатындай ешқандай жарық нұрға ие емес. Мұндағы айтылған топқа жаны мен малынан айрылудан қорқып, күпіршіл билік иелерінен үрейленетін,  өздерін мұсылман етіп көрсететін адамдар жатады. Соның салдарынан оларды исламның жарығынан шығарып, күпірліктің қараңғылықтарына қарай жеткізеді. Құранда осы аяттың соңында былай деп айтылған: "... Міне, солар – тозақтық. Олар онда мәңгі қалады",- деп айтылған",- деп жауап береді.

Имам Садық (ғ.с) соңында бұрынғы ащы сәтсіздіктер мен Алави әулетінің төңкерістік әрекеттерін ескеріп жүзеге асырған жан-жақты зерттеуінде өзінің әкесі имам Бағердің (ғ.с) кезінен басталған мәдени революцияны толықтырып, аяқтау қажеттігін сезді. Ол хазірет өз заманындағы саяси-әлеуметтік кеңістіктен хабардар бола тұра, бесінші имамның (ғ.с) кезеңіндегі құнды тәжірибелерді пайдаланып, ақиқаттың жалғанға қарсы саяси күресі қоғамның, әсіресе жалғанға қарсы ақиқат күрескерлерінің терең діни және саяси көрегендігін пайдаланған кезде ғана дұрыс нәтижеге жетеді деген қорытынды жасады. Осыған байланысты имам өзінің тәрбие және білім беру мектебін құрып, түлектерінің саны күн өткен сайын артып, көрнекті тұлғаларды тәрбиелеп шығарды.

Шейх Мофид өзінің "Эршад" еңбегінде: "Имам Садықтан (ғ.с) түрлі рауаяттар айтқан рауаятшылардың саны 4000-нан асады",- деп жазған. Табарси "اعلام الوری" еңбегінде дәл осы санды растаған. Осылайша алтыншы имам өз заманындағы ең ірі әрі ең ықпалды исламдық университет құрып, уәһи түсірілген Мединені мұхаммадтық (с.ғ.с) ислам тағылымдарын үйрету және тарату орталығына айналдырды. Осы салаға қатысты маңызды мәселе имам Садықтың (ғ.с) мектебінен шыққан түлектерінің арасынан ол хазіреттің тағылымдарын таратуда маңызды рөл атқарған Джабер ибн Хайян, Хишам ибн Хакам, Зурара ибн Айан мен Мүмин әл-Тақ секілді көрнекті тұлғаларды байқауға болады. Сонымен қатар, ханафилердің жетекшісі Абу Ханифе де екі жыл имам Садықтың (ғ.с) мектебінен білім алу құрметіне ие болып, өзінің барлық ғылыми қорын сол қысқа мерзімдегі оқуының нәтижесі санаған. Ол: "Егер сол екі жыл болмағанда, Номан мерт болар еді",- деп жазған. Имам Садықты (ғ.с) көріп, сұхбаттас болу құрметіне ие болған мәликилердің жетекшісі Малек ибн Анас та: "Джафар ибн Мұхаммадтан асқан игі әрі дана адамды ешкім көрмеген, естімеген және одан асқан адамның бары ешкімнің ойына да кіріп шықпаған",- деп жазған.

Имам Садық (ғ.с) мектебі мен алдыңғы имамдардың кезеңдеріндегі қолайсыз жағдайға байланысты мүмкіндігі болмаған алавилік және пайғамбарлық тағылымдарды тарату күн сайын артқан соң Аббас әулеті басшыларының дұшпандықтары артып, олар саяси саладан бөлек имам Садықтың (ғ.с) мәдени және ғылыми ықпалына қарсы сап түзеуге бел буды. Сол себепті есептелген жоспар негізінде "сенімдер соғысы" деп атауға болатын жаңа күресті бастаған болатын. Олар бір жағынан грек және батыс ойшылдарына қақпаны ашып, олардың еңбектерін аударуға кірісіп, осылайша эклектикалық көзқарас арқылы нағыз исламдық ой-пікірлерге нұқсан келтіріп, басқа жағынан ислам әлемінде жікшілдік тудыру арқылы жаңа ағымдар тудырып, мұсылмандар арасында қайшылықтар мен келіспеушіліктер етек жайды. Бұдан бөлек олар майданды жаңадан пайда болған және бөгде ирфандық ағымдардың нағыз исламдық мәдениетке шабуыл жасауы үшін қалдырып, дәруіштік жолды ұстанатын сопылыққа еліктейтін орталықтарда еңбек еткісі келмейтін жалқау адамдарды тартуға қолайлы негіз жасаған. Аббас әулетінің билеушілері исламдық қауымдастықтың сенімдерін шайқалту мақсатында қазіргі кездегі әлемдік жағдайға ұқсас кеңістік құрды. Соның нәтижесінде имам Садық (ғ.с) барлық  ғылыми-мәдени салаларда Аббас әулетінің құрған шайтандық жоспарларын залалсыздандыруы тиіс болды.

Ол хазірет бұл мақсатты жүзеге асыру үшін дәлелдер келтіріп, насихаттау арқылы бидғаттар мен жаңа бастамаларды Құрандағы шынайы тағылымдар мен таза мұхаммадтық (с.ғ.с) исламдық тағылымдардан ажырату мақсатында логика мен рауаятқа негізделген ғылымдар, фикх пен калам, Құран оқу және тәпсірлеу, тіпті жарытылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша көрнекті тұлғаларды тәрибелеп, мұсылман елдеріне жіберген. Сондай-ақ, имам Садықтың (ғ.с) мәдени өмір жолы Джафар мектебінің жолын қуушыларға, әсіресе үлемдер мен данышпандар үшін бірнеше негізгі жолдауға арналған: біріншіден, дұшпанның мәдени басқыншылығымен күресу күшіне ие болу үшін өзімізді ғылым және біліммен қаруландыруымыз қажет. Екінші қадамда ислам қарсыластарының қастандықтары мен күмән тудыратын әрекеттеріне қарсы жауапкершілік сезімін сезу керек. Сондай-ақ, соңында заманның қажеттіліктерін танып, олардың әрқайсысына сай дұшпанға жауап қайтару қабілеті мен қуатын қалыптастыру саналады.

Қымбатты оқырмандар, бүгінгі бағдарламамыз көңілдеріңізден шықты деп үміттенеміз. Кезекті бағдарламаға дейін сіздерді бір Аллаға тапсырамыз.