Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 40
Яздтың Орталық мешіті – 900 жыл бұрын салынған тарихи ғимарат. Бұл ғимарат тарихи құжаттарда «Шахристан жұма мешіті», «Атиқ жұма мешіті», «Дарде мешіті» және «Жаңа Орталық мешіті» деп аталады.
Мешіт үгіт-насихат пен ағартушылық жұмыстарының орталығы болғандықтан Алла елшісі келген топтар мен адамдарды мешітте қабылдады. Алла елшісінен кейін халифалар кезінде де мешіт мұсылмандардың идеологиялық, діни, саяси және қоғамдық орталығы болып, мұсылмандардың істеріне қатысты ең маңызды шешімдер осы қасиетті мекенде қабылданды.
Шіркеу мен ғибадатхана сынды мекендермен шектелетін кейбір діндерге қайшы Ислам мәдениетінде Алламен қарым-қатынас орнату уақыт немесе мекенмен шектелмейді. Әрбір мұсылман Ислам заңдарына сай өз міндетін орындап, басқаларды да сол міндеттермен таныстыруы керек. Жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа жігерлендіру дәл осы міндеттен алынған. Мұсылмандар әртүрлі қоғамдық және саяси жағдайларда ислам заңдарын орындау үшін Исламның теориялық негіздерін үйреніп, оларды қоғамда ғамал үлгісі ретінде қолдана алатындай мықты базаны қажет етеді. Исламның ой-пікірін нығайтатын мешіт сондай мықты база саналады.
Мешіт Исламның идеологиялық және мәдени негіздерін сақтап, нығайту саласында өте маңызды рөл атқарады. Өйткені, бұл қасиетті мекенде дұшпанның мәдени, саяси, тіпті әскери шабуылдарынан аман қалу үшін халыққа дініи құндылықтар үйретіледі. Мәдениетке шабуыл жасау – үстемшіл мақсаттарға қол жеткізу саласындағы әсерлі шабуылдардың бір түрі. Мәдениетті өзгертіп, ешбір әскери әрекетсіз мемлекетті басып алуға болады. Негізінде, мәдени шабуыл – дұшпанның адамның ішкі ойын билеуге талпынуы. Мешіт үгіт-насихат пен діни тағылымдарды үйрететін ең маңызды орталықтың бірі ретінде мәдени шабуылмен күресу сияқты маңызды міндетке ие. Шын мәнінде, мәдени шабуыл қоғамдағы адамдар байқамайтындай жоспарланады. Сондықтан мәдени шабуыл мен оның тәсілдерін анықтап, олармен күрес жолдарын табу исламдық қоғамның басты мәселелерінің бірі саналады.
Мешіттің ислам дұшпандарымен күресу саласындағы ең маңызды жұмыстарының біріне мұсылмандарды мәдени шабуылдар мен олардың алдын алу жолдарынан хабардар етуі жатады. Діни отырыстар мен сұхбаттар күрес жолын жақсы анықтауға көмектеседі. Мешіт діни отырыстар үшін ең жақсы мекен болып табылады. Мұндай отырыстарда намазхандар мәдениет пен діни тағылымдармен бірге дұшпанның жағдайы мен шабуылын және өз мәдениетін сақтау жолдарын үйретеді. Сөйтіп, олар ислам елдеріндегі мәдени шабуылдармен танысып, солардан алады.
******************************
Язд қаласының Орталық мешіті:
Яздтың Орталық мешіті – 900 жыл бұрын салынған тарихи ғимарат. Бұл ғимарат тарихи құжаттарда «Шахристан жұма мешіті», «Атиқ жұма мешіті», «Дарде мешіті» және «Жаңа Орталық мешіті» деп аталады.
Яздтың Орталық мешітінің бірінші ғимараты хиджридің алтыншы ғасырында салынды. Тарихи құжаттар бойынша, Яздтың Орталық мешітінің толық құрылысы шамамен бір ғасырға созылған. Бұл тарихи ғимараттың әр бөлігін әр түрлі уақыттарда өте көптеген адамдар салып жаңартты. Мешіттің бірінші іргетасын қалаушы Саффари билігінің басшысы Амру Лис болғанымен, ең танымал құрылысшысы хиджри шамси күнтізбесі бойынша 474-498-ші жылдары Язды билеген Буйе әулетінен шыққан Ала әл-Дуле Каланджар болды. 724-ші жылы мешіт қирап, Сейед Рокнаддин қазіргі Орталық мешітті салды. Бұл үлкен тарихи мешіттің әртүрлі мекендерін қайта жаңарту жұмыстары соңғы онжылдықтарға дейін жалғасты.
Мешітті салуға шешім қабылдаған кезде оны көне Язд қаласының ортасын қоршап, іргетасына 9800 м² жер бөлді. Мешіттің ұзындығы 104 метр, 99 метр. Енінен бірнеше есік бірнеше көшеге шығады.
Бұл мешіт биік кіреберісі, екі шабистан, шабистандардың шығыс және батыс жақтарында орналасқан екі ыстық бөлмеден, күмбезі мен үлкен алаңнан тұрады.
Орталық мешіттің кіреберісі – маңызды бөлімдерінің бірі. Оның биіктігі 24 метр. Екі жағынан биік екі мұнара көрінеді.
Мешіттің биік кіреберісі мен мұнаралары ғимаратың ерекшеліктерінің бірі саналады. Ғимаратқа Сафави кезеңінде қосылған мұнаралар шамамен 52 метр биіктігі және 8 метр диаметрімен әлемнің ең биік мұнараларының қатарына жатады. Бұл мұнаралар биіктігінен басқа ерекше әдемі нәзік түрде әшекейленген плиткаларымен көзге түседі.
Мұнаралардың плиткалары өте тартымды. Өйткені, мұнаралардың диаметрі төменнен жоғары қарай кішірейеді. Тек бір мұнараның ғана үстіне көтерілетін баспалдақтары бар. Екі мұнараның плиткалары дәлдікпен жабыстырылған.
Мешіттің әдемі күмбезі сапфир гүлдері салынған плиткалармен безендірілген. Күмбездің үстінде «الملک لله» деп жазылған. Мешіттің шабистанынан тор-тор, түсті шыны есіктері бар күздік және көктемдік екі бөлімін көруге болады.
Мешіттің ең әдемі бөлімдерінің бірі саналатын күмбезхананың ішінен әртүрлі плиткалар және жазбалармен безендірілген михраб көрінеді. Ол жергілікті және шетелдік туристерді өзіне тартады.
Мешіттің әртүрлі жерінен геометриялық пішіндер салынған көгілдір плиткалар көрінеді. Өнер ұстаздары мешіттің қабырғаларын бөлшектенген плиткалардан қалаған. Илхани мен Теймурилердің кезеңдерінде бұл ғимаратқа әртүрлі жазбалар қосылды. Күн, жұлдыз, михрабтың суреттері мешіттің әдемілігін арттырды.
Күмбездің айналасына «Исра» сүресінің бірнеше аяты жазылған. Язд Орталық мешітінің қызықтыратын бөлімдерінің бірі Куфи жазбасымен Алланың 99 есімі жазылған аркасы саналады.
Сондай-ақ, Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Ұлы Алланың 99 есімі бар. Оларды жаттаған адам жәннатқа кіреді»,- деді.
Яздтың Орталық мешітін безендіруге қолданылған суреттер шиіт мазхабының наным-сенімдерімен байланысты. Бұл жерден күн мен жұлдыздың, сүңгілер мен михрабқа ұқсас нәрселердің суреттерін көруге болады. Мешіттердің көбінде күн мен жұлдыздың суреттері қолданылады.
Бұл суреттердің көбіне Пайғамбар әулетінің бес тұлғасын білдіретін бес жұлдыз немесе он екі пәк имамды білдіретін, шуағы он екі жаққа қарай тараған күннің суреті салынатын. Сондай-ақ, Кербаланың 72 шәһидін білдіретін 72 шуағы бар күн мен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.), хазірет Әли (ғ.с.), имам Хусейн (ғ.с.)-ның есімдері көрінеді.