Иран: Кал дженни шатқалы
Қар 15, 2018 10:16 Asia/Almaty
«Кал дженни» немесе «жындар шатқалы» Табас қаласынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Биік қабырғалардағы кескіндер мен суреттер бұл шатқалдың мыңдаған жылдар бұрын су тасқыны мен су басулардың әсерінен бұзылып, мүжілу нәтижесінде пайда болғанын көрсетеді.
Ұзын тоннельдер мен қабырғалардың ішіндегі «отқа табынушылардың үйлері», яғни «габрлардың үйлері» деп аталатын шағын үңгір секілді қуыстардың болуы шатқалдың тартымды ерекшеліктерінің бірі саналады. Тоннельдер мен қуыстар шамамен Сасани әулеті билік еткен кезеңде салынған. Қуыстар мен тоннельдер шатқал қабырғаларының етегінде орналасқан. Бұл жер оның айналасындағы шөлді мекендерден толығымен ерекше. Су көзіне өте бай.
Тегтер