Қар 15, 2018 10:16 Asia/Almaty
  • Иран: Кал дженни шатқалы

«Кал дженни» немесе «жындар шатқалы» Табас қаласынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Биік қабырғалардағы кескіндер мен суреттер бұл шатқалдың мыңдаған жылдар бұрын су тасқыны мен су басулардың әсерінен бұзылып, мүжілу нәтижесінде пайда болғанын көрсетеді.

Ұзын тоннельдер мен қабырғалардың ішіндегі «отқа табынушылардың үйлері», яғни «габрлардың үйлері» деп аталатын шағын үңгір секілді қуыстардың болуы шатқалдың тартымды ерекшеліктерінің бірі саналады. Тоннельдер мен қуыстар шамамен Сасани әулеті билік еткен кезеңде салынған. Қуыстар мен тоннельдер шатқал қабырғаларының етегінде орналасқан. Бұл жер оның айналасындағы шөлді мекендерден толығымен ерекше. Су көзіне өте бай.

 

 
«Кал дженни» – Табас ауданындағы көрікті туристік аймақтардың бірі
Табас ауданының «Кал дженни» мекені х.ш.ж.с.б 1396 жылы ұлттық табиғат ескерткіштерінің тізіміне енген
Бұл терең шатқал кейде U, кейде V қәрпі тәріздес көрінеді
«Кал дженни» шатқалының көркем көрінісі
Жергілікті тұрғындар бұл жерді аруақтар мен жындар өмір сүретін қорқынышты мекен санайды
Шатқал айналасындағы шөлді аймақтарға қарамастан суы мол мекен 
«Кал дженни» шатқалының көрінісі
Тоннельдер мен қуыстар шамамен Сасани әулеті билік еткен кезеңде салынған
«Кал дженни» шатқалының ұзындығы 9 шақырымды құрайды. Шатқал негізгі және қосымша жыралардын құралған
«Кал» деп су тасқыны мен су басулардың нәтижесінде пайда болған алқапты немесе шатқалды атайды