Иран: "Нақше Ростам" тарихи ескерткіші
Қар 27, 2018 17:24 Asia/Almaty
"Нақше Ростам" тарихи ескерткіші "Тахте Джамшид" ескерткішінен алты шақырым қашықтықта Иранның Фарс облысы, Марвдашт ауданының солтүстігіндегі Занги Абад ауылында орналасқан. Бұл теңдессіз тарихи кешен Иранның үш көне тарихи кезеңін бейнелейді.
Хақаменеши әулетінің бірнеше патшасы, соның ішінде Ұлы Дарий мен Хашаяршаның (Ксеркс) кесенелері, Сасани әулеті билік еткен кезеңдерде болған маңызды оқиғалар – Ардашир Бабаканға тәж кигізу рәсімі, I Шапурдың Рим императорларын жеңгенін бейнелейтін бедерлі нақыштар, "Зардушт Қағбасы" құрылысы және элам дәуірінен қалған қиратылған бедерлі нақыштар "Нақше Ростам" кешеніндегі тарихи ескерткіштердің қатарын құрайды.
Тегтер