Кандован ауылы
Жел 04, 2018 23:37 Asia/Almaty
Шығыс Әзірбайжан облысы Табриз қаласының оңтүстік-шығысында 60 шақырым қашықтықтағы ауылдардың бірі Кандован Саһанд тауының етегінде орналасқан. Бұл ауыл жанартау белсенділігінің нәтижесінде тас жартастардың ортасында араның ұясына ұқсас формада қалыптасқан үйлердің ерекше архитектурасына байланысты танымал.
Бал, жаңғақ, дәрілік шөптер мен кептірілген жемістер – Кандованның дәстүрлі базарлықтары. Ауылда құрамындағы минералдар пайызының аздығы мен жеңілдігіне байланысты бүйрек ауруларын емдеу үшін өте пайдалы минералды су бұлақтары да бар.
Тегтер