Теһран, "Табиғат көпірі"
Жел 14, 2018 09:16 Asia/Almaty
"Поле Табийат" немесе "Табиғат көпірі" – Ирандағы тек жаяу жүрушілерге арналған ең алғашқы ірі көпір. Таяу Шығыста бұл көпірге тең құрылыс жоқ. "Табиғат" көпірі үш қабаттан тұрады: алғашқы қабаты – 1450, екінші қабат – 287, үшінші қабат – 571 метр. Бұл кешен ауданының 720 шаршы метрі жасыл кеңістікке, 480 шаршы метрі ресторандар мен кафелер және тағы да басқа көңіл көтеру орындарына және 5100 метрге жуық кеңістігі жаяу жүруге арналған.
"Табиғат көпірі" – жаяу жүргінші, велосипед және күймемен магистральдің үстінен өтуге, айналадағы көріністерді тамашалауға және жердің үстінен 40 метр биіктікте ерекше тыныштықты сезінуге арналған үш негізгі бағанға орнатылған көпір.
Тегтер