Иран: "Дельмарз" ауылы
Жел 17, 2018 22:41 Asia/Almaty
"Дельмарз" ауылы Иранның Күрдістан облысындағы Сарвабад ауданының оңтүстік-шығысынан 65 шақырым жерде орналасқан.
Бұл ауылдың теңіз деңгейінен 855 метр биіктікте, көлбеу жерде орналасуы үйлердің баспалдақ пішіндес бірінің үстіне бірі салынуына себеп болды. Бір үйдің төбесі екінші үйдің ауласына айналған. "Дельмарз" ауылы орналасқан жеріне байланысты теңдессіз панорамаға ие. Сирван өзені және Шамиран үңгірі сияқты тартымдылықтар жылдың көп уақытында халықтың қызығып тамашалайтын жерлері саналады.
Тегтер