Табриз, Амир Незамның үйі
Жел 18, 2018 21:03 Asia/Almaty
Амир Незам Гаррусидың үйі Шығыс Әзірбайжан облысының орталығы Табриз қаласындағы әдемі мұражайлардың бірі саналады. Ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метрді құрайды. Ғимарат ауданы 1500 шаршы метрлік екі қабаттан тұрады.
Бақшалар мен хауыздары бар ішкі және сыртқы аулалар ғимараттың көркін келтіреді. Галереяны әдемі 16 баған тіреп тұр. Жоғарғы қабатта түрлі-түсті әйнектер салынған жақтаулы терезелер, ғимараттың сыртындағы әшекейлі сылақ және айнамен қаптап, безендірілген ішкі бөлмелер бұл ғимараттың сәнін арттырады. Жертөледе ғимараттың ең көркем бөліктерінің бірі үлкен хауыз орналасқан.
Тегтер