Буруджерди үйі
Жел 20, 2018 21:54 Asia/Almaty
Буруджерди үйі Исфаһан облысындағы Кашан қаласында орналасқан. Ішкі және сыртқы бөліктерден құралған, үш қабатты, жалпы ауданы шамамен 1700 шаршы метрды құрайтын Қаджар дәуірінде салынған бұл ғимарат Ирандағы құпия мен сырға толы ғимараттардың бірі саналады. Кашандағы ғимараттың жазғы галереясы бірегей түрде безендіріліп, төбесі жабылған бөлікте теңдессіз суреттер салынған.
Бұл ғимарат Кашанның аптап ыстық жазында үйдің ішінде жағымды әрі салқын ауа сақталатындай етіп салынған. Нақтырақ айтқанда, ғимарат құрылысында ирандық сәулет өнеріне тән ерекшеліктердің бірі саналатын жасампаздықпен ойлап табылған "бадгир" деп аталатын әдемі желдеткіш жүйелері орнатылған.
Тегтер