Жел 27, 2018 13:33 Asia/Almaty
  • Иран: Рудхан бекінісі

Рудхан – Селжұқтар дәуіріне жататын бекініс.

Бұл бекініс әсем Рудхан ауылының Фуман аймағындағы орманда орналасқан. Оның көлемі шамамен 6,2 гектар, қабырғасының ұзындығы 1500 метр. «Хисами бекініс» деп де аталатын тарихи бекініс Гилан облысының Фуман аймағының оңтүстік-батысында 20 километр жерде орналасқан. Кейбір мамандар бекініс Сасанилер дәуірінде арабтар Иранға шабуыл жасаған кезде салынды деп санайды. Бекініс теңіз деңгейінен 665-715 метр биіктікте салынған. Оның қасынан бекініспен аттас өзен ағып жатыр.

 

Гилан облысы, Рудхан бекінісі
Рудхан бекінісі