Жел 27, 2018 17:13 Asia/Almaty
  • Илаһи жетекшілер (56)

Армысыздар, құрметті оқырмандар, топтамамыздың бүгінгі бөлімінде сегізінші имамның өмірлік жолы туралы сұхбатымызды жалғастырамыз.

Қымбатты оқырмандар, бүгінгі бөлімде сегізінші имамның өміріндегі келесі жайттарға тоқталамыз. Өткен бағдарламада сегізінші имамның еркіне қарсы хазіреттің Мединеден Хорасанға жол тартып, Нишабурде көптеген адамдардың алдында исламның сенімдік жарғысының өзекті әрі түбегейлі идеясы жайлы сөз қозғап, 4000-ға жуық адамның, келесі деректерге сәйкес 20 000 адам имамның таухид жайлы айтқан сөздерін жазып алғанын баяндадық. Хазірет былай деген болатын: "کلمة لا إله إلا الله حصنی فمن دخل حصنی امن من عذابی", яғни "Менің тауһидтік алынбайтын берік қамалыма кірген кез келген адам менің азабымнан аман қалады". Содан кейін хазірет: "Бірақ, бұл белгілі бір шарттарға байланысты. Ол шарттардың бірі менмін",- деген. Басқаша айтқанда, имам билік басына отырмаса, таухидтік мәдениеттің ешбір нышаны болмайды. Осылайша хазірет Мамунның халифатқа билік етуінің заңдылығына күмән келтірді.

Нишабурден шыққаннан кейін имам Резаның (ғ.с) керуені Мамунның жоспары бойынша х.қ.ж.с.б. 201 жылы шәууәл айының оныншы жұлдызы Мамун басқарып отырған Мерв қаласына келіп жетеді. Қалаға бірнеше шақырым қалғанда,пайғамбардың немере ағасы Аббас тараған әулет, Әлавилер әулетінің ақсақалдары, Мамун мен оның уәзірлерінен құралған үлкен топ имамды қарсы алуға шығады. Имам Реза (ғ.с) келгеннен бірнеше күн өткен соң Мамун алдын ала құрған жоспары бойынша имаммен келісөз өткізіп, қоғамдық пікірді алдау үшін хазіретке халифатқа билік тізгінін қолына алуды ұсынады. Мамунның арам әрі екіжүзді ниетінен хабардар болған сегізінші имам (ғ.с) оның ұсынысының тек зұлым жоспар екенін, осылайша хазіреттің тұлғасына нұқсан келтіруді көздеп отырғанын ұғындыру үшін ашық түрде былай дейді: "Егер халифатқа билік ету сенің заңды құқығың болса, Құдай тарапынан берілген бұл киімді шешіп, басқа адамның үстіне кигізе алмайсың. Ал егер халифатқа билік етуге лайықсыз болып, бұл құқық сенікі болмаса, онда өзіңе тиесілі емес нәрсені маған қалай ұсынбақсың?" ("تاریخ الشیعه" «Шиіт тарихы», 51-52 беттер).

Өз мақсатын жүзеге асырудан басқаны көздемеген Мамун имамның ашық айтқан сөзіне қарамастан ол хазіреттке: "Сен менің ұсынысымды қабылдауға мәжбүрсің",- деп қоқан-лоққы жасайды. Сонда хазірет тағы бұл істен бас тартып, оны қабылдамайды.

Мамунның өзі бұл ұсынысты жасаған кезде неліктен имам мүмкіндікті пайдаланып, халифат билігін қабылдамады деген сауал туындауы мүмкін. Бұл сауалдың жауабы мынадай: сегізінші имам (ғ.с) көрегендігі мен қырағылығының арқасында бұл ұсыныс арқылы Мамунның өз пайдасына, ал имамға зиян келтіру арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруды көздеп отырғанын жақсы түсінді. Мұндай мақсаттарға Аббаси әулетінің қанаушылығы мен екіжүзділігінен шаршаған Әлави әулетін көтеріліске итерлемеу, озбыр Аббаси әулетінің билігін заңды деп тану, қоғамдық пікірді өзіне қаратып, олардың жүректерінде Аббаси әулеті билеушілерінің кемсітушіліктерін, әділетсіздіктерін, езгісі мен қанаушылығын, басқыншылығы мен қылмыстарына деген жиіркеніш пен ашу ұялатып, Мамунның саяси орны мен оның мүдделеріне қауіп төндіретін қатерлерге қарсы қорғаныс құру арқылы сегізінші имамның билік басына отыруды көксеп, тек қолайлы негіз болмағандықтан осы күнге дейін әрекет етпеді деген теріс ой тудырумен халық арасындағы хазіреттің беделін күн өткен сайын түсіруді жатқызуға болады.

Мамунның өз билігін күшейтуінен бөлек, сегізінші имам (ғ.с) Һарунның кезіндегі ащы оқиғаларды ұмыта қоймаған еді. Ол кезде Һарун айлакерлікпен хазіреттің әкесі имам Мұса Каземге (ғ.с) Фәдәк бағын қайтарып беру үшін ол кісіден бақтың шекарасын анықтап беруді сұраған еді. Имам Казем (ғ.с): "Бұл ұсынысыңнан бас тарт. Себебі, егер Фәдәк бағының шекарасын анықтап беретін болсам, сен оны қайтарудан бас тартасың",- дейді. Һарун Мамун секілді бой бермеген соң, жетінші имам (ғ.с) Фәдәк бағының шекарасын ислам үкіметінің барлық территориясын қамтитындай етіп сипаттап береді. Һарун таңырқаған күйде: "Онда бізге ешнәрсе қалмады ғой",- дегенде хазірет: "Мен әуел бастан бұл ұсыныстан бас тарт деп айтым емес пе?",- деп жауап береді. Осы оқиғадан соң Һарун жетінші имамды шәһид етуге бел буған болатын.

Сегізінші имамның (ғ.с) Мамунның ұсынысынан бас тартуының келесі бір себебі мынада: хазірет Мамунның билігіне өшпенділік танытқан кез келген адамның оның бауыры Амин секілді дүниемен қош айтысатынын білген еді. Мамун Аминді жеңіп, оны өлтірген соң басқаларға сабақ болу үшін оның басын Хорасанға қайтаруды бұйырды («Халифтер тарихы», 298-бет).

Барлық дәлелдер мен айғақтарға қарамастан, кейбіреулер сонда да сегізінші имамның (ғ.с) неліктен Мамунның ұсынысын елемей, тіпті қоқан-лоққыға қарамастан, оны қабылдамағанына таңданған болатын. Өкінішке орай, Мамунның шынайы болмысы хазіретке Ораза айт намазын өткізуді ұсынып, халықтың жаппай имаммен бірге келгенін көргенде қауіптеніп, ол хазіретті жол ортадан қайтарып, имамды шәһид ету жоспарын жүзеге асырғанда әшкере болды.

Осы дәлелдермен қоса, егер имам икемділік танытып, Мамунның ұсынысын қабылдағанда, тығырыққа тірелер еді немесе көтеріліс ұйымдастырып, билік құрылымын толығымен өзгертіп, қазынаны тонаушыларды жазалап, біліксіз әрі ықпалды адамдарды биліктен шеттететін еді. Мұндай жағдайда олардың қастандық әрекеттері мен қарсылықтарына тап болар еді. Тура Әлидің (ғ.с) басынан өткендей, Муавие бастаған жауыз "Ғасетин" тобы, Талха мен Зубайр бастаған келісімді бұзушы "Накесин" тобы және діннен безген хауаридждер немесе "Мареқин" тобының имамға қарсы үш соғысты таңып, ол хазіреттің революциялық әрекеттерінің алдын алған сияқты  жағдай қайталанатын еді. Немесе сегізінші имам мұндай жағдайда күштеп таңылған халифатқа билік ету ұсынысын қабылдап, үнсіздік танытып, сол кездегі жағдайды растап, барлығына көз жұмып, әрекет жасамай отыруы тиіс еді. Бұл әдіс те имаматтың жоғарғы орнына, имамның таухидтік ойлары мен идеялары және рухына қайшы келер еді.

Сондықтан сегізінші имам халифат билігін қабылдамай, Мамунның заңды билігіне күмән келтіріп, оның арам ойды көздеген әрекеттерінің алдын алып, мұсылмандарға сырттай мұсылман болып көрініп, бірақ, негізінде ширкке толы әрі адамзат баласына қарсы билеушілердің екіжүзді әрекеттеріне алданбауды, олардың алдамшы тұзақтарына түспеуді үйретті.

Мамун сегізінші имамның (ғ.с) қырағылығы мен көрегендігінің алдында жеңіліс тапқанын сезгендіктен, басқа қулыққа барып, ол хазіретке: "Енді менің халифатқа билік ету туралы ұсынысымды қабылдамасаң, менің мұрагерім болуды қабылдауың керек. Егер бұл ұсынысқа да қарсылық білдірсең, басыңды кесемін",- дейді.

Мамунның осыйлайша өз айтқанынан  қайтпауының мақсаты құрмет пен ғиззатқа бөлену болды. Себебі, ол кезде халық Аббаси әулеті билеушілеріне қатты наразы болып, сегізінші имамнан асқан құрметті де сыйлы адам болмады. Мамунның көздеген келесі мақсаты имамның билік құрылымындағы құзыры арқылы өзінің билігін заңды деп тану болды. Сондай-ақ, Мамун осы жолмен аббасилердің әрекетіне қатысты көтерілісшілердің ашу-ызасының шарықтау шегіне жеткенін көрсетіп жатқан төңкерістер мен бүліктерге байланысты оларды тізгіндеуді мақсат етті. Мамунның ең басты мақсаты имам мен халық арасындағы байланысты үзіп, ол хазіреттің саяси-әлеуметтік орнын әлсірету болды деп айтуға болады.

Мамунның имам Резаға (ғ.с) оның мұрагері болуды қабылдатуға табандылық танытудағы келесі себебі ол хазіреттің саяси-мәдени байланыстары мен әрекеттеріне тікелей бақылау орнату болғаны деуге болады. Мамун өз мақсаттарын жасырып, сарай қызметкерлері мен халықтың алдында имамның тұлғасын ұлықтаудан басқа ешнәрсені мақсат етпейтінін көрсету үшін данышпандар мен үлемдерді шақырып, пікірсайыс ұйымдастырып, күрделі сауалдар мен мәселелерді көтеріп, имамнан сол сұрақтарға жауап беруді сұраған еді. Мамунның қулықтары мен мақсаттарынан хабардар болған сегізінші имам (ғ.с) Мамун жоспарының күлін көкке ұшыру үшін оның мұрагері болу туралы ұсынысты қабылдаудан басқа амалы болмағанын сезгенде бұл ұсыныстың мәжбүрлі екенін, имамның шын жүректен оны қаламайтынын көрсету мақсатында белгілі бір шарттарды бекітті. Хазірет: "Егер бұл ұсынысты амалсыз қабылдауым керек болса, тек мынадай шартқа байланысты ғана жасаймын. Ол шарт мынадай: билік ету, төрелік жасау, пәтуа шығару, қызметтен босату және тағайындау секілді істерге мүлдем араласпаймын",- деп кесіп айтады.

Қымбатты оқырмандар, осымен бүгінгі бағдарламамыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сіздерді бір Аллаға тапсырамыз. Аман-сау болыңыздар!

Тегтер