«Фатыр» сүресі, 784-ші бөлім, 36-38 аяттар
«Фатыр» сүресінің 36-37-38 аяттарының тәпсірі:
«وَالَّذِینَ کَفَرُوا لَهُمْ نَارُ جَهَنَّمَ لَا یُقْضَى عَلَیْهِمْ فَیَمُوتُوا وَلَا یُخَفَّفُ عَنْهُم مِّنْ عَذَابِهَا کَذَلِکَ نَجْزِی کُلَّ کَفُورٍ»، «وَهُمْ یَصْطَرِخُونَ فِیهَا رَبَّنَا أَخْرِجْنَا نَعْمَلْ صَالِحًا غَیْرَ الَّذِی کُنَّا نَعْمَلُ أَوَلَمْ نُعَمِّرْکُم مَّا یَتَذَکَّرُ فِیهِ مَن تَذَکَّرَ وَجَاءَکُمُ النَّذِیرُ فَذُوقُوا فَمَا لِلظَّالِمِینَ مِن نَّصِیرٍ»، «إِنَّ اللَّـهَ عَالِمُ غَیْبِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ إِنَّهُ عَلِیمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ»
Ал енді қарсы келушілер үшін тозақ оты бар. Оларға өлім үкімі берілмейді. Олардан азап жеңілдетілмейді. Әрбір қарсы келушілерді өстіп жазалаймыз. (36)
Олар тозақта: “Бізді тозақтан шығар! Істеген амалдарымыздан басқа жақсы амал істейік” деп шыңғырады. “Сендерге, үгіт алғысы келген кісі, үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар, залымдар үшін ешбір көмекші жоқ” (делінеді). (37)
Әрине Алла (Т.) көктер мен жердің көмесін біледі. Шәксіз Ол көңілдердегіні де біледі. (38)
Өткен бағдарламада мүміндер мен ізгілік иелеріне берілетін Алланың үлкен сыйы туралы айтылды. Осы аяттар теріске шығарушылар мен кәпірлердің қатты жазасын баяндайды. Діни мәдениетте «кәпір» деп хақты тани тұра теріске шығаратын немесе хақты тану мүмкіндігі оған әзірленгенімен, хақты тануға талпыныс жасамаған адамды атайды.
Басқаша айтқанда «кәпір» түсінігі – хақты жабу, яғни, хақпен қырсығу немесе хақты материалды қажеттіліктері мен нәпсілік тілектері үшін аяқасты ету.
Өзінің жеке немесе топтық мүдделері үшін хақты теріске шығаратын адам – өзі мен қоғамға зұлымдық жасағаны. Оның жазасын Құдай береді. Себебі, Жаратушымыз бізді қалаған нәрсені жасауымыз үшін жаратқан жоқ, өзі анықтаған жолмен жүру үшін жаратты. Шәксіз, сол жолдан таю адамның өліміне себеп болады.
Хақты теріске шығарушыларға дәлелді аяқтау үшін аяттар былай дейді: «Олар осы дүниеде не істесе де жазаланбайды деп ойламасын. Себебі, Құдай дүниені ғамал сарайы етіп қалыптастырды. Бұл жерде адам жақсы немесе жаман істерді жасауға ерікті. Бірақ, ешбір іс жауапсыз қалмайды. Бұл дүниеде де адам жаман істері үшін жазаланады. Жазаның негізгісі қияметте. Ол жерде уақыт пен мекен бұл дүниедегідей шектеулі емес. Әр адам өзінің жақсы, жаман істері мен солардың салдарлары мен нәтижелерінің көлеміндей сыйға ие болып, жазаланады.
Мыңдаған, миллиондаған адамның өліміне себеп болған Шыңғыс хан мен Гитлер және Саддам сияқты қылмыскерлер осы дүниеде жазаланса, оларды бір реттен артық өлтіру мүмкін емес. Бірақ, Құдай: «Қияметте әрбір адам өзінің қылмысы мен күнәсінің мөлшеріндей жазаланады, тіпті жаза мыңдаған жылға созылса да» дейді.
Алланың жазасының өлшемі – оның ғылымы мен әділдігі. Сол себепті қылмыскерлердің жазасы не шектен тыс артық, не одан кем болмай, қылмыстарына сай жазаланады.
Қылмыскердің қаншалықты жазаланатынын Алланың ғылымы анықтайды. Себебі, ол адамдар мен әлемнің барлық нәрсесінен, сырты мен көңілдеріндегі ойлардан да хабардар.
Аяттардың жалғасы қылмыскерлердің осы дүниеге қайтып, өздерінің жасаған жаман істерін түзету туралы, яғни, жаман екенін біле тұра жасаған немесе жақсы деп ойлаған, бірақ қазір олардың қате болғанын түсінгендеріне байланысты жасаған өтініштеріне сілтеме жасайды.
Бірақ, Құдай мен тозақтағы жауаптылардың жауаптары бір: дүниедегі сендердің өмірлеріңнің уақыты хақ пен жалғанды және соның негізіндегі істеріңді танып, ажырату үшін жеткілікті болмады ма? Алланың елшілері мен әулиелері осы дүниеде сендерге таңдаған жолдарыңның соңы тозақ екендігін ескертпеді ме? Ондай болса осы дүниеге оралған кезде бұрынғы істеріңді қайталамайтындықтарыңа кім кепіл?» дейді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Күпіршілік – нығметке күпіршілік білдірудің бір түрі.
2.Әлемдегі барлық қылмыскерлері мен қыңырлар бір күні қауқарсыз күйге түсіп, өкініп, налитын болады. Бірақ, ол кезде өкініштің пайдасы болмайды.
3.Қылмыскерге дәлел толық аяқталған соң оның жазаны тоқтату немесе жеңілдік беру туралы өтініштеріне көңіл аударуға болмайды. Керісінше, олар әділдік негізінде жазаланады.
4.Өмір адамға сауық-сайран құрып, қапылдыққа салыну үшін емес, көңіл бөліп, ескертіп, даму үшін беріледі. Әйтпегенде адамның өмірі неғұрлым ұзақ болған сайын оның қапылдығы мен жазасы арта түседі.
5. Өмір мен оның нығметтерін дұрыс пайдаланбау – адамның өзіне зұлымдық жасауы. Пайғамбарлар мен Алланың әулиелерінің ескертулеріне көңіл аудармау – өзің мен оларға зұлымдық жасау. Діни мәдениетте басқаларға зұлымдық жасау зұлымдықтың дәлелі болудан бұрын, адамның өзіне зұлымдық жасап, өзінің қабілеттері мен дарындарын жоюы саналады. Себебі, біздің барымыз – біздің мүлкіміз емес, Құдайдың аманаты. Қалай болса солай пайдаланатындай біз тіпті өз денеміздің де иесі емеспіз.