«Фатыр» сүресі, 785-ші бөлім, 39-41 аяттар
«Фатыр» сүресінің 39-41 аяттарының тәпсірі:
«Фатыр» сүресінің 39 аяты:
«هُوَ الَّذِی جَعَلَکُمْ خَلَائِفَ فِی الْأَرْضِ فَمَن کَفَرَ فَعَلَیْهِ کُفْرُهُ وَلَا یَزِیدُ الْکَافِرِینَ کُفْرُهُمْ عِندَ رَبِّهِمْ إِلَّا مَقْتًا وَلَا یَزِیدُ الْکَافِرِینَ کُفْرُهُمْ إِلَّا خَسَارًا»
Ол сондай Алла, сендерді жер жүзінде орынбасар қылды. Сонда кім қарсы келсе, қарсылығының обалы өзіне. Қарсылардың қарсылығы Раббыларының ызасынан басқаны арттырмайды, зиянды ғана арттырады. (39)
Бұл аят адамның жер бетіндегі орынбасар екендігін қуаттайды. Бұл – тәпсіршілер екі түрлі тәпсірлейтін тақырып: бірі – адамның Құдайдың жер бетіндегі өкілі екендігі; екіншісі – бұрынғы қауымдардан кейінгі жаңа қауымның орынбасарлығы.
Екі жағдайда да аят Құдайдың адамға қатысты мейірімін баяндайды. Ол адамға барлық табиғи нығметтерді пайдаланып, жерде билік етуге рұқсат берді. Ақылға салып, осы нығметтердің иесін танып, соларға шүкіршілік айту керек. Бірақ, өкінішке орай, көптеген адамдар оны танымай, оның нығметтеріне күпіршілік білдіреді. Бұл – Құдайды теріске шығаруға соқтыратын күпіршілік. Оның зияны кәпірлердің өздеріне қайтып оралады. Себебі, Құдай пенделерінің шүкіршілігіне мұқтаж емес. Сондай-ақ, олардың болмыстарының негізін де қажет етпейді. Олар болмаған кезде де Құдай болған. Олар болмайтын кезде де Құдай бар және болады. Сондықтан адамдардың күпіршілікері мен имандары әлемнің Жаратушысына тіпті азғантай не зиян, не пайда келтірмейді. Керісінше, пайдасы мен зияны адамдардың өздеріне жетеді.
Шүкіршіл, мүмін адамдар осы дүние мен ақыретте Алланың ерекше мейірімі мен рақымына бөленеді. Кәпірлер өздерінің жаман істерімен Алланың ашу-ызасына себеп болады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Біз алдыңғы қауымдардың орынбасарлары болғандықтан солар сияқты бір күні кетеміз. Біздің орнымызды жаңа қауым басады. Ондай болса барымызға масаттанбайық, күпіршілік білдірмейік.
2.Күпіршіліктің қауіпті салдарлары шексіз. Олар жүйелі түрде артып отырады.
3.Күпіршілік көптеген күнәларға негіз қалап, адамды өлім мен жойылу жолына түсіреді.
«Фатыр» сүресінің 40 аяты:
«قُلْ أَرَأَیْتُمْ شُرَکَاءَکُمُ الَّذِینَ تَدْعُونَ مِن دُونِ اللَّـهِ أَرُونِی مَاذَا خَلَقُوا مِنَ الْأَرْضِ أَمْ لَهُمْ شِرْکٌ فِی السَّمَاوَاتِ أَمْ آتَیْنَاهُمْ کِتَابًا فَهُمْ عَلَى بَیِّنَتٍ مِّنْهُ بَلْ إِن یَعِدُ الظَّالِمُونَ بَعْضُهُم بَعْضًا إِلَّا غُرُورًا»
(Мұхаммед Ғ.С.): “Алладан басқа табынған ортақтарыңды көрдіңдер ме? Маған көрсетіңдерші. Олар жер жүзінде не жаратты? Немесе олардың көктерде бір одақтығы бар ма? Не Біз оларға кітап беріп, олар бір дәлел үстінде ме? Жоқ, олай емес. Залымдар бірін-бірі алдауды ғана уәде етеді” де. (40)
Бұл аят сауал қойып, пайғамбардан мұндай адамдардан Құдайға шерк қосатындықтары үшін ақылға сай немесе сөзбен дәлел келтіруді сұрайды.
Жаратылыс істерінде Құдайдың серігі дегендер осы уақытқа дейін жерде немесе аспанда бір нәрсе жаратып па?
Ондай болса оларды бүкіл жаратылыстың Жаратушысы – Құдайға қалай серік санайды? Жарату құдіретінен кенде адам немесе зат табынуға лайық па? Шерік қату үшін себептің жоқтығы анықталған кезде Құдай пайғамбарларына түсірген аспандық кітаптарда ойдан жасалған тәңірлерге табынуға бұйырып па немесе соларға табынуға рұқсат етіп пе?
Бұл үшін ақыл тұрғысынан ешқандай себеп жоқ. Бар болғаны бұрыс, ырымшыл ой-пікірлер сендердің осы шеріктерге үміт артып, соларға табынуларыңа себеп болды.
Жөнсіз, негзсіз армандар сендерді алдап, Құдайға дұрыс құлшылық ету жолынан алыстатты.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Адамдарды исламға шақырудың келесі жолдарының бірі – олардың ұждандарын айқын сауалдар қою арқылы оятуда.
2.Күпіршілік пен шерктің ақыл тұрғысынан ешқандай қисын мен негізі жоқ. Керісінше адамды алдайтын ой бұрыс негізде қалыптасқан.
3.Күпіршілік пен шерк – адам мен адамзат баласына жасалған зұлымдық. Оның салдары адамның өзіне қайтады.
«Фатыр» сүресінің 41 аяты:
«إِنَّ اللَّـهَ یُمْسِکُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ أَن تَزُولَا وَلَئِن زَالَتَا إِنْ أَمْسَکَهُمَا مِنْ أَحَدٍ مِّن بَعْدِهِ إِنَّهُ کَانَ حَلِیمًا غَفُورًا»
Рас Алла (Т.) көктер мен жерді бұлжытпай ұстайды. Мүбада екеуіне бір зауал болса, Одан кейін оны ешкім ұстап тұра алмайды. Шәксіз, Ол тым жұмсақ, аса жарылқаушы. (41)
Алдыңғы аят аспан пен жер және жер бетіндегі тіршілік иелерінің жаратылысы туралы болды. Осы аят аспан мен жер жүйесінің басқарылуына тоқталады. Оның өзі тек бір Құдайдың қолында. Бұл істе Құдайға ешбір мақұлық серік бола алмайды.
Мүшіріктер Құдайды Жаратушы ретінде қабылдағандарымен, жаратылыстың басқару істері мен өмірлерінде өздерінің ойдан шығарған «құдайларын» серік санағандықтан, осы аят былай дейді: «Жаратылыс істерінде Құдайға серік болмағаны сынды жаратылыс істерін басқаруда да оған ешкім серік емес. Оның амандығы мен сақталуы – бір Құдайдың қолында».
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Аспандар мен жердің жағдайы, жер мен күн және жұлдыздардың әрқайсының белгілі орындар мен орбиталарда орналасуы да Құдайдың ерік-жігеріне байланысты.
2. Жаратылыстағы үстем жүйе кездейсоқ емес, керісінше, Алланың ерік-жігері мен алдын ала жасалған бағдарлама негізінде анықталған.
3. Құдай – һәм жаратушы, һәм басқарушы. Құбылыстардың пайда болуы мен олардың жалғасуы – Оның қолында. Ол қаламайынша, жаратылыс иелеріне зауал келмейді.
3. Егер Құдай кешірімді әрі шыдамды болмағанда залымдар мен қылмыскерлер жойылатын еді. Егер ол залымдарға мұрсат берсе, оның себебі қауқарсыздығында емес, шыдамдылығында.