Қаң 07, 2019 10:57 Asia/Almaty
  •  Иран: Риджаб сарқырамасы

Риджаб (Пиран) сарқырамасы Керманшаһ облысындағы Сарпол Заһаб қаласынан 9 километр қашықтықта орналасқан.

Сарқырамаға жақын жерден Сасани билігі кезеңіндегі Яздгерд сарайының қирандыларын көруге болады. Биік әрі әдемі Пиран сарқырамасы таулардың ішінен ағып шығатын Иранның ең биік сарқырамаларының бірі саналады. Сарқыраманың биіктігі – жартастың ең биік жерінен ең төмен нүктесіне дейін шамамен 150 метр. Бірақ жоғары жағындағы эрозияға байланысты су ағатын бөлігінің биіктігі шамамен 100 метрді ғана құрайды.

 

Риджаб сарқырамасы
Риджаб сарқырамасы
Риджаб (Пиран) сарқырамасы – Иранның ең биік сарқырамаларының бірі
Керманшах облысы, Сарпол Захаб, Риджаб сарқырамасы