Қаң 07, 2019 20:41 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 17

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Ислам республикасының 40 жылдығы қарсаңында Ислам революциясының құндылықтарына тоқталып, ИИР-ның аймақтың кейбір елдеріндегі құзырының эмоцияға емес, қисын мен ақылға сай, есеппен жүзеге асырылып жатқанын қуаттады.

 

Негізінде Ислам революциясы жетекшісінің сөзі Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткенімен революцияның құндылықтары мен армандарының мазлұм халықтарды қорғауға оң әсерін білдіреді.

Ислам революциясы мен Ислам республика жүйесінің өткен 40 жыл бойы бетпе-бет келген қиындықтары мен қысымдары Иран халқының өз мақсаттары мен армандарына жету үшін барлық қысымдарға қарсы тұрып, күш-қуатына сүйеніп, дамуын жалғастырып келе жатқанын білдіреді. Осылайша, Иран халқы өз құндылықтарын қорғап, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы азаттық талап ететін халықтар үшін үлгіге айналды.

Ислам революциясы имам Хомейни көрсеткен жолға түсіп, халықтардың құқықтарын қорғауды мақсаттарының негіздері ретінде қалыптастырып, дүниежүзінде болған революциялардың көбі секілді өзінің негізгі жолынан тайған жоқ; ешбір жағдайда барлық қысымдар мен қастандықтарға қарамастан армандарына жету бағдарынан  алыстамады. "Үстемшілдікке қарсы күресу" деген ұран Иранның Ислам революциясының саяси лексикасынан бастау алды.

Ислам революциясының армандары өткен 40 жылда Ирандағы үлкен өзгерістермен бірге әлемдік үлгіге айналды. Бұл үлгі Иран халқының тағдырын өзгертуі және Ислам революциясы жолындағы жетістіктерімен бірге исламдық оянуға себеп болды.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңесшісі: "Бүгін Ислам мен исламдық құндылықтардың берекесімен исламдық ояну аймақ жағдайы үшін үлкен сынақ саналады. Үстемшілдік пен үстемшілдерге жиіркеніш білдіру – исламдық оянудың аймақтағы ең бірінші әрі жедел жетістігі",- деді.

Имам Хомейнидің зұлымдыққа қарсы ой-пікірі діни міндет ретінде зорлық-зомбылық пен үстемшіл мемлекеттерге қарсы күресшіл рухтың нығаюы мен отаршылдыққа қарсы көтерілістер мен қозғалыстардың күшеюіне себеп болады.

Сауд Арабиясы Біріккен Араб Әмірлігі, АҚШ пен тағы басқа бірнеше мемлекеттің қолдауымен 2015-ші жылдың наурыз айынан Йеменге қарсы әскери шабуыл жасап, құрлық, теңіз және әуеден қоршауға алды. Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йемендегі соғысы салдарынан осы уақытқа дейін он мыңдаған адам  қаза болып, миллиондаған йемендік босқынға айналды.

Islam Times торабы: "Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі Ансароллаға қарсы соғыста Йемендегі заңдылықты қолдағаны туралы уәж айтып, миллиондаған доллар жұмсады. Бүгін  Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі үш жыл бұрын бастаған соғыс олардың жергілікті одақтастарының бір-біріне қарсы келу қатерімен бетпе-бет келді. АҚШ, сионизм мен аймақтағы оларға тәуелділердің мақсаты – аймақты жіктеп, аймақ елдері мен үкіметтерін әлсірету. Сол себепті өткен төрт жылда Йеменді басып алып, жіктеуді көздеді»,- деп жазды.  Қазір Риядтың соғысқұмарлығына шамамен төрт жыл болды. БҰҰ Сауд Арабиясы мен  Біріккен Араб Әмірлігінің Йеменге қарсы соғысының жалғасуы шамамен 22 миллион халқы бар Йемен азаматтарының 75 пайызының көмекке мұқтаж болуына соқтырды. Сондай-ақ 8,4 миллион адам азық-түлік тапшылығы және аштықпен бетпе-бет келді.  Йеменді жіктеу жобасы бұдан бұрын Мансур Хадидің билік басына келуінен кейін ұсынылды. Ол Сауд Арабиясының қалауына сай 2014-ші жылдың басында йемендік топтардың келіссөздері конференциясына Йеменді алты федералды аймаққа бөлуді ұсынды. Теория бойынша, геостратегиялық және геоэкономикалық Таяу Шығыс аймағының қауіпсіздігін дағдарысқа тірейтін әр фактор аймақ пен әлем қауіпсіздігі үшін қоқан-лоққы болып табылады.

Йемен – Араб түбегінің оңтүстігінде, Қызыл теңіз бен Аден шығанағының су шекараларында орналасқан мемлекет. Бұл елдің стратегиялық жағдайы, бұл аймақ пен Африканың шығыс жағалауын бақылауға алу мүмкіндігі елдің маңыздылығын ерекше арттырды. Сондай-ақ, бұл елдің Баб эл-Мандеб бұғазын бақылауы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тауарлар транзитіне себеп  болады. Сондықтан Баб эл-Мандебтің қауіпсіздігі Қызыл теңіз жағалауындағы барлық елдер үшін тауар мен қару транзиті тұрғысынан ерекше маңызды. Бірақ, Иранның пікірі бойынша, аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығының маңыздылығымен бірге Йемендегі адами апат – алаңдатарлық мәселе. Сол себепті Иран Йеменге қарсы қатігез соғысты тоқтатуға күш салып жатыр. Кейбір ақпарат құралдары Йемен дағдарысы мен халқын аяусыздықпен бомбалауды  Испанияның Греника аймағын нацистік әскерилер мен италиялық фашистердің бомбалағанымен ұқсастырды.

1937-ші жылдың сәуір айының 26 күні генерал Франциско Франконың бұйырығымен Баск аймағындағы Греника бомбаланды. Бомбаны Испанияның ұлтшыл одақтастары «Рюген» операциясы ағымында іске асырды. Сол оқиғада жүздеген әскери емес адам рақымсыздықпен өлтірілді.

The Japan Times Йемендегі адами апат туралы: «Греника қаласының бомбалануынан бері 80 жыл өтті. Алайда бүгін йемендік азаматтар Сауд Арабиясының АҚШ-тың қолдауымен іске асырып жатқан қылмыстарын көріп отыр»,- деп жазды.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының йемендік иегері Таваккол Карман Фейсбуктегі парақшасында: «Саудиялық-эмираттық» коалиция Санадағы заңдылыққа қарсы төңкерісті сылтауратып, Йеменді басып алуға әрекет жасады»,- деп жазды. Ол сондай-ақ, адам құқығы саласындағы барлық белсенділерден Бен Салман мен Бен Заидті Еуропа мен халықаралық соттарда жауапқа шақыруға шара қолдануды сұрайтынын жазды. Дүниежүзілік Денсаулық ұйымы зерттеулері бойынша, жыл сайын 3000 йемендіктің обыр ауруына шалдығатынын жариялады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи АҚШ-тың адамзатқа қарсы қылмыстарын айыптап, халықтың әртүрлі топтарының мыңдаған өкілімен кездесуінде саудиялықтардың Йемендегі жуырдағы екі қылмысын, яғни, бір аурухананы бомбалауы мен йемендік балаларды тасымалдайтын көлікке шабуыл жасап, жазықсыз балаларды қырғанын баса айтып: «Әлемдік ұждан бұл қылмыстардың алдында сілкініп, үкіметтер өкініш білдірді. Америкалықтар бұл апатты айыптаудың орнына арсыздықпен саудиялықтармен стратегиялық қарым-қатынас орнату туралы айтты.

ИИР бұл соғыстың басынан бастап, оны жылдам тоқтатуды талап етіп, тіпті, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф төрт баптан тұратын шешім жолын ұсынды.

Иран Сыртқы істер министрінің ұсынған жобасы бойынша атысты тоқтату, гуманитарлық көмек жіберу, йемендік топтардың арасында саяси келіссөз жүргізу, ұлттық үкімет құру Йеменде тұрақты бейбітшілік орнатудың негізгі факторлары саналады. Иран Йемен дағдарысын шешу мен адами апатты тоқтатуға дайындығын жариялап, дағдарысты саяси жолмен шешу мақсатында еуропалық үкіметтермен бірнеше келіссөз өткізді.

Еуроодақ басшылары өткен жылы Теһран басшыларынан Иран мен Еуроодақтың Йемендегі соғысты тоқтатып, адами апат мәселесін шешу үшін ынтымақтастық жасап, келіссөз жүргізуді сұрады. Келіссөздер 2017-ші жылдың ақпан айында Мюнхендегі қауіпсіздік саммиті қарсаңында басталып, 2018-ші жылы жалғасты.

ИИР-ның аймақтағы саясатының мақсаты АҚШ, Сауд Арабиясы мен Израильге қарсы тұрып, дағдарысты тоқтатуға талпыныс жасауды көздейді. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ пен кейбір Батыс мемлекеттерінің аймақтағы әрекеттерін үстемшілдік және халықаралық диктатура орнату мақсатынан туындаған деп сараптап: «Диктаторлар әлемнің ешбір жерінде нәтижеге жеткен жоқ. АҚШ та аймақтағы өз мақсатына жете алмайды.

Сауд Арабиясы секілді мұсылман ел үшін АҚШ Президентінің сайлау науқаны кезінде бұл елді «сауынды сиыр» деп атауы мақтан тұтатын жайт емес. Бір елдің ақшасын пайдалана тұра оны былай атаудан өткен қорлық жоқ»,- деді.

Ислам республикасы жүйесінің Ислам революциясының 40-шы жылдығы қарсаңындағы сөзі Иранның революциясының армандары мен  зұлымдыққа қарсы ұстанымына табанды екенін қуаттайды.