Иран: «Алангдарре» орманы
Қаң 09, 2019 22:32 Asia/Almaty
«Алангдарре» – Горган қаласының оңтүстік-батысына қарай 5 шақырым қашықтықта көлемі 185 гектар жерде орналасқан орман саябағы.
«Алангдарре» – елдің солтүстігіндегі ормандардың етегінде орналасқан, ішінде інжір ағашы, қандыағаш, үйеңкі, емен және сырға тал өсетін Иранның танымал туристік жеті аймағының бірі. Алангдарре орман саябағынан бір өзен мен бірнеше әдемі бұлақты көруге болады. Бұл жерге жыл бойы туристер ағылып келеді. Көктем мен жаз мезгілдеріндегі орманның салқын ауасы, күзгі талдарының әдемілігі мен қыстағы қалың қары табиғатты тамашалауды жақсы көретін адамдарды қызықтырып, өзіне тартады.
Тегтер