Иран: Мешгиншәһрдің аспалы көпірі
Қаң 12, 2019 20:52 Asia/Almaty
Мешгиншәһрдің аспалы көпірі – Ардебиль облысындағы Мешгиншәһр орманды саябағы мен "Хайучаи" өзенінің үстінде 80 метр биіктікте салынған Таяу Шығыстағы ең ұзын көпір.
Оның ұзындығы – 365 метр, ені 2 метр. Бұл көпір Хайу туристік кешені мен Гирдулидің (Сабалан нұры) аумағында орналасқан. Онда әртүрлі мүмкіндіктер, соның ішінде мейрамханалар, жалға берілетін бөлмелер, баллонмен ұшу, әуе спорт түрлері, атқа міну, шайтанарба тебу, айналмалы мейрамхана, қолөнер бұйымдары сатылатын базарлар, ойын алаңдары мен басқа да ойын-сауық түрлерімен айналысу үшін мүмкіндіктер бар. Олардың әрқайсысы сіздің сапарға ерекше реңк сыйлайды.
Тегтер