Қаң 14, 2019 20:42 Asia/Almaty
  • Иран: Дәрбәндсәр

Дәрбәндсәр – Теһран облысының Шамиранат ауданына қарасты Рудбар-е Ғасран округындағы ауыл.

Бұл ауыл Рудбар-е Ғасранның солтүстігінде орналасқан. Онда "Дәрбәндсәр" халықаралық шаңғы тебу орталығы бар. Бұл орталық Теһранның солтүстік-шығысынан шамамен 35 км қашықтықта, Ләшгәрәк жолында, Альборз таулы сілемінің орталық бөлігінде теңіз деңгейінен 2700 метр биіктікте орналасқан. Онда ашық аспалы жол (телесьеж), жабық аспалы жол, тәрелке пішінді және балға пішінді аспалы жол бар.

Дәрбәндсәр – Теһран облысының Шамиранат ауданына қарасты Рудбар-е Ғасран округындағы ауыл 
Дәрбәндсәрдің көктемгі табиғаты
Дәрбәндсәрдің күзгі табиғаты
Дәрбәндсәрдің әдемі табиғаты
Дәрбәндсәр шаңғы тебу орталығы
Дәрбәндсәр шаңғы тебу орталығы - Иранда халықаралық деңгейдегі ең үлкен орталық