Иран: Афиф-Абад бағы
Шираздың ең көркем әрі ең көне бақтарының бірі – Шираз қаласының батысында орналасқан «Афиф-Абад» немесе «Гольшан бағы». Ауданы шамамен 13 гектарды құрайтын бақ қанша уақыт өтсе де, өзінің қарапайымдылығы мен сұлулығын жоғалтпаған. Бақтың айналасын кірпіштен қаланған дуал қоршап тұр. Дуалдың ішінде өте әдемі әрі көздің жауын алатын гүлге толы бақ орналасқан.
Баққа кіретін ағаш қақпа солтүстік бұрышта орналасқан. Бақтың кіреберісінен төртбұрышты үлкен хауыз бен айналасындағы ағаштар көзге түседі.
Күзетші бөлмесі саналатын төбесі ағаштан жасалған кіреберістегі дәліздің екі жағында екі кішігірім бөлме орналасқан. Кірберістегі қарапайым гипсті төрт баған "Тахте Джамшид" бағандарына ұқсас стильде жасалып, арканың үстіне екі арыстанның мүсіні қойылған. Басты қақпадан өткеннен кейін шеті төбесі ағашпен қапталған дәлізден өтеміз. Дәліз Сасани әулетінен шыққан патшалардың тәж кигізу рәсімі суреттелген түрлі-түсті сырлы кірпіштермен безендірілген. Содан соң Афиф-Абад бағына кіреміз.