Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 22
Ислам республикасының өткен 40 жылдағы мақтан тұтатын жетістіктерінің бірі халықтық демократия жүйесін орнатуы болды.
Халықтық демократия негіздерін екі тұрғыдан қарастыруға болады: біріншісі – теориялық тұрғыдан анықтама беру; екіншісі – әлеуметтік тұрғыдан оның болмысы мен тарихи қалыптасуын қарастыру.
Ислам республикасы республикалық және ислам негіздеріне сүйеніп, құрылды. Үкіметтің басқару тәсілі, саяси құрылысы – республикалық, бірақ негізі – исламдық. Иран Конституциясы – халықтың қоғамдық мәселелерге қатысуына негізделген исламдық демократияның көрінісі. Діни халықтық демократия – Исламның саяси болмысы. Сондықтан Иранның Конституциясында бұл негізге ерекше назар аударылады.
Иран Конституциясының екінші бабында діни халықтық демократия жүйесіндегі халықтың діни негіздері мен тағылымдарына сай рөлі қуатталды. Бұл негіз бойынша, халық президент пен заң шығаратын билік өкілдерін сайлайды, сондай-ақ Иранның ең жоғары басшысы – діни жетекшіні сайлайтын Эксперттер кеңесі мүшелерінің сайлауына қатысады. Конституцияның алтыншы бабы халықтық жүйенің негізі мен діни халықтық демократия туралы: "Ислам республикасында елдің істері қоғамдық дауысқа сүйеніп, басқарылуы керек. Яғни, халық әртүрлі сайлауларға, президенттік сайлауға, Ислам кеңесі Мәжілісінің депутаттары мен қалалық және ауылдық кеңестердің мүшелерін сайлауға белсенді қатысу арқылы рөл атқарады",- деп жазылған. Діни халықтық демократия саяси даму үшін қажет барлық негіздерге сүйенеді. Діни халықтық демократия халықтың ризалығына ие болуды мақсат етеді. Халықтың ризалығына ие болу үшін шын ниетпен халықтың мәселелерін шешіп, жүйенің халыққа қызмет ететінін көрсету қажет. Діни жетекшінің әртүрлі жағдайларға байланысты айтқан сөздерінде бұл мәселе сан рет қуатталды.
Ислам революциясының жетекшісі халыққа қызмет етуді діни халықтық демократияның негіздерінің бірі ретінде ерекше атап: "Діни халықтық демократия жүйесінде халықтың мәселелерін шешу, олардың тұрмысы мен тыныштығын қамтамасыз ету маңызды негіздердің бірі саналады",- деді. Бұл негіздің маңыздылығы –аятолла Хаменеидің діни халықтық демократияны екі тұрғыдан қарастырып, халыққа қызмет етуді халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын маңызды фактор деп санауында.
Діни халықтық демократия жүйесі үкімет басшыларының халық алдындағы шынайы міндетін де қуаттайды. Халықтың даусына ие болу үшін үгіт-насихат жүргізіп, кейін уәдені ұмытып, халықтың талап-тілектеріне жауап бермеу діни халықтық демократия жүйесіне сай келмейді.
Ислам діні бойынша діни халықтық демократия жүйесі халықтың даусына сүйенуімен бірге халықтың алдында айтылған уәделерге табанды болу керектігін қуаттайды, яғни тек уәде берумен шектелмеу керек. Мұндай саясат халықтың ризалығымен бірге оның Жаратушысының ризалығына ие болуға себеп болады. Жаратылғандар мен Жаратушының ризалығына ие болу – діни халықтық демократия жүйесінің негізі. Діни халықтық демократия жүйесінде исламдық негіздер мен құндылықтар мән-мағнаға ие болады.
Ислам революциясының жетекшісі имамның халықтың рөлі туралы пікірінің маңыздылығына тоқталып: «Халықты жақтайтын сөздер барлық жүйелерде, тіпті үстемшіл жүйелерде де айтылады. Бірақ, маңыздысы – үкіметтің халқының құқығын қаншалықты шынайы ойлайтынында. Имам ислам жүйесіндегі «халық» деген факторға шынайы назар аудартып, жүйенің халықтың дауысына сүйенуін қуаттайды. Жүйенің халықтың даусына сүйенуі – халықтың маңызды рөл атқаратын майдандардың бірі. Бұл жерде халықтың жаппай қатысуы мен сенімі айқын көрінуі керек. Біздің Конституциямызда, имамның тағылымдары мен ақыл-кеңестерінде әрқашан жүйенің халықтың даусы, қолдауы және қалауынсыз шын мәнінде еш нәрсе емес екені қуатталды. Сондықтан билік басына халықтың даусына сүйеніп келу қажет. Жүйе халықтың жігеріне сай дамуы керек. Президент, Эксперттер кеңесінің мүшелері, Ислам Кеңесі Мәжілісі мен басқа да сайлаулар – халықтың жігері мен жаппай қатысуының көрінісі. Негізінде халықтың президенттік, Мәжіліс және басқа сайлауларға қатысуы – халықтың құқығы әрі міндеті»,- деді. Осыған орай Ирандағы өткен қырық жылға қарамастан серпінді сипатталатын діни халықтық демократия жүйесі халықтың шынайы мүдделері мен қоғамдағы құндылықтарға сүйенген критерийлермен қамтамасыз етіледі.