Иран: Мазичал ауылы
Қаң 20, 2019 19:32 Asia/Almaty
Көрікті Мазичал аулы Аббас-Абад қаласынан 50 километр жерде, Мазандаран облысының Калардашт қаласына жақын жерде орналасқан.
Мазичалдың Рамсардан Чалуске дейін жайылған әдемі көрінісі таулы ауылға теңдессіз көрініс сыйлаған. Бұл аймақтан көптеген төбелер мен тауларды көруге болады. Жаңбыр жауған кезде Мазичалдың үстінен әртүрлі пішіндегі бұлттар көрінеді. Бұл жердің «Мазичал» деп аталуын тұрғындар аймақта емен ағашының өсуімен байланыстырады. Жергілікті диалект бойынша "мази" емен ағашы, "чал" шұңқыр деген мағынаны білдіреді.
Тегтер