Иран: «Шаһ Черағ» кесенесі
Қаң 22, 2019 17:01 Asia/Almaty
«Шаһ Черағ» – имам Мұса Каземнің (ғ.с) үлкен ұлы, имам Резаның (ғ.с) бауыры Ахмад ибн Мұса Казем жерленген Шираз қаласындағы кесене. Ол бауырына бару үшін Хорасанға сапарға аттанғанда жолда Аббаси әулетінен шыққан халиф Мамуннің адамдары оны шәһид еткен. Шираз қаласындағы Ахмади алаңының жанында орналасқан бұл кесене алғаш рет х.қ.ж.с.б. алтыншы ғасырда Атабак Фарстың дәуірінде салынып, кейін бірнеше рет толықтырылып, жөндеуден өткен.
Сырлы кірпішпен безендірілген "Шаһ Черағ" кешенінің күмбезі мен үлкен алаңы теңдессіз, нағыз ислам сәулет өнерінің бірегей көрінісі саналады.
Тегтер