Қаң 25, 2019 21:11 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 25

Ирандағы Ислам революциясының жеңісі саяси артта қалушылықты жойып, халықтың пікірі мен даусына сүйенген жүйе құруды көздеген егемендік негіздерін қалыптастырды.

 

Сол себепті қысқа мерзімде халықтың талап-тілектеріне негізделген Иран Конституциясы дайындалып, референдум арқылы қабылданып, оны Ислам Кеңесінің Мәжілісі бекітті. Сөйтіп, діни құндылықтарға сүйенген діни халықтық демократия жүйесі құрылып, жұмысын бастады.

Хиджри шамси жыл санағы бойынша 1357-ші жылдың баһман айының 22 күні Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі бірінші талпыныс бір жағынан демократиялық негіздерді қалыптастырып, үстемшілерді Ираннан кетірген, сонымен қатар Иран халқының исламдық ахкам бойынша өмір сүру мақсатындағы талап-тілектерін іске асыруды көздеген жаңа жүйені құру болды. Сондықтан Иранның Ислам революциясының ең маңызды әрі ең үлкен жетістіктерінің бірі діни халықтық жүйені ұсынған Ислам республикасы жүйесін құруы болды. Бұл жағдай ИИР Конституциясынан анық көрінді. ИИР Конституциясы егемендіктің екі түсінігін қатар орналастырды: Конституцияның бірінші бабында Иранның Ислам негіздеріне сүйеніп құрылғаны, сондай-ақ, үкіметтің басқару тәсілі, саяси құрылысы республикалық, негізі исламдық екені айтылды. Нәтижесінде, жүйе дін мен халықтың сайлауы деген екі негізге сүйенеді. Діни халықтық демократияда Ислам мектебі мен діни тағылымдар қоғамдық қатынастың негіздері саналады. Ислам республикасы жүйесінде халық сайлауға қатысып, өз тағдырын анықтау үшін шынайы талпыныс жасайды. Халық сайлауға жауапкершілікпен қатысады. Ирандағы дауыс беруге қатысатын халықтың санын Батыстың либералдық демократиясымен салыстыруға болмайды. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы былай деді: «Мен баршаға осы дұрыс жолды ұстануға кеңес беремін. Біз ислам әлемін бірлікке шақырып отырған жағдайда дұшпанға Ислам республикасында қайшылық тудыратындай мүмкіндік бермеңдер. Жеңіске жетудің шарттарының бірі - Ислам республикасында әртүрлі ағымдар өзара құрметті сақтап, бірге болу қажеттігі. Ислам республикасында өтетін сайлау – бәсеке емес, адал сайлау. Дау-дамай мен бәсекелестік – Алла мен діннен алыс Батыс демократияларына тән құбылыстар.

Бүгінгі әлемде «демократия» мен «діни халықтық демократия» деп үстіне «жаңа киім» киген ескі диктатуралар аталады.  Егер бәскелестік болса, ол белгілі бір топтардың арасында ғана, халықтың оларға ешбір қатысы жоқ. Бір топ билік басына жетіп, қолына түскен саяси күшті пайдаланып, байлық пен қаржыны өз мүддесіне жинап, кейін оны қайтадан билікке ие болу үшін пайдаланады. Бүгінгі демократиялар өтірік үгіт-насихаттарға сүйенеді. Бүгін әлемде демократиялық үрандар айтылған жерлерде президенттік сайлаудың үміткері немесе Парламент өкілдерінің үгіт-насихат науқаны кезінде қандай әрекеттер іске асырылып, қандай қаржы жұмсалатынын көріп жүрсіздер. Демократия соңында ақшаның тұтқынына анйалады».

Ислам республикасы жүйесінің үлгісі – «діни халықтық демократия» деп аталатын бұрын-соңды болмаған үлгі. Діни халықтық демократия үлгісінде Батыстың жалған нұсқаларына керісінше халықтың даусы маңызды. Әлемнің ешбір революциясының жеңісінен 50 күннен кейін сайлау өткізу мүмкін емес. Бірақ, Иранда бұл мүмкіндік жүзеге асып, революцияның жеңісінен шамамен 50 күннен кейін, хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1358-ші жылдың алғашқы күндері Иран халқы өзінің саяси жүйесін анықтау үшін дауыс беру учаскелеріне барып, Ислам республикасы жүйесіне бірауыздан дауыс берді. Ислам республикасы жүйесінде өткен қырық жылда орта есеппен жыл сайын бір сайлау өтіп, елдің барлық басшылары тікелей немесе жанама түрде халықтың даусымен сайланды. Ислам революциясының жетекшісі Хасан Руханидің президент болып сайлануын бекіту рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Елдің жаңа буыны жастары революцияға дейінгі жағдайды көрген жоқ. Бірақ, халықтың үкіметтегі рөлі - ұлы имамның үлкен жетістігі. Имам халық қозғалысын ұйымдастырып, патшалық билік пен бөгде мемлекеттердің араласуы мен билеп-төстеуші әрекеттерін тоқтатып, халық пен елдің жағдайын өзгертті»,- деді. Аятолла Хаменеи халық пен басшылардың өткен қырық жылдағы діни халықтық демократия жүйесі мен халықтың басшыларды сайлауға қатысуын мақтан тұтуы керектігін қуаттап: «Жаңа кезеңде жұмыс істегісі келетін басшылар  революцияға дейін болмаған елдің ғылыми инфрақұрылымдарын қалыптастырып, әртүрлі басшылардың өткен қырық жылғы талпыныстары мен бастамаларының мұрагерлері болады»,- деді. Иран халқы өткен қырық жылда халықаралық жүйенің дағдарыстарынан өтіп, АҚШ көрсеткен қысымдарға қарамастан тұрақтылыққа қарай қадам басып, өз жолын жалғастырып келеді. Ислам республикасы жүйесінің демократия саласындағы жетістіктері Иранның аймақтағы күш-қуаты мен ықпалын арттырды. Сыртқы саясат мәселелерінің маманы, доктор Сейед Реза Садр әл-Хосейни: «АҚШ пен одақтастарының өткен қырық жылғы ашу-ызаларының себептерінің бірі Ирандағы барлық органдардың – Мәжіліс өкілдері мен Президенттің және діни жетекшінің Эксперттер кеңесі мүшелерінің халықтың даусымен сайланып, бұл істің басқа елдер үшін үлгіге айналуы болды»,- деді. Осы мәселеге байланысты Иранға қарсы дұшпандық артты.