Иран: «Дудкеше дженн»
«Дудкеше дженн» – Занджан облысындағы Маһнешан қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан биік бағандар.
Бұл табиғи құбылыс геология ғылымында «Һоду» деп аталады. Негізінде, эрозияның нәтижесінде пайда болған саңырауқұлақ пішіндес тастың бір түрі. Ол биік, жіңішке мұнараға да ұқсайды. Оның үстінде жалпақ тас орналасқан.
«Дудкеше дженн» – топырақ сығындысынан түзілген биік бағандар. Олар ұзақ жылдарғы эрозияның әсерінен осындай қалыпқа келген. Бағанның төбесінде тегіс тас тақташа бар. Ол бағанға мұржаның пішінін сыйлаған.
Мұржалардың түбінде көне қамал бар. Ол осы мекеннің көнелігінен сыр шертеді.
Мұржалардан өткен соң келесі үлкен қамалдың қалдықтарын кездестіреміз. Оны Беһестун қамалы дейді. Бұл қамал 64 бөлмесі және екі баспалдақ жолымен Иранның ұлттық мұраларының тізіміне алынған.
Қамалдың сыртқы көрінісі бір-біріне жапсарласқан мұржаларға ұқсайды. Тағы бірнеше мұржа бөлек тұр.
Қамалдың түбінен оны сырға толы көрсететін есікшелер көзге түседі. Қамалдың алғашқы құрылысы басталған жыл Сасани әулетінің билігіне тиесілі. Бірақ қамал хижри жыл санағы бойынша 5-7 ғасырлардан бастап қолданысқа ие болған. Оның бөлмелерін салу үшін тауларды қопарған.