Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 29
Ирандағы Ислам революциясы жеңісінен кейін АҚШ Ислам республикасы жүйесіне қарсы көптеген қастықтарды іске асырды. Бұл салада Ислам революциясы жеңісінің басында Теһрандағы АҚШ елшілігі тыңшылық ұясына және революцияның әртүрлі күштерінің арасын үйлестіру штабқа айналды.
АҚШ революцияның жеңісінің басынан оны сәтсіздікке ұшырату мен Иран халқын бағындыру үшін өз қастықтарын бастады. Өйткені Ислам революциясының жеңіске жетуімен аймақтағы АҚШ-тың заңсыз мүдделерінің қатермен бетпе-бет келетіні туралы жақсы білді. Ислам революциясы Иран халқының оянуы мен маңызды өзгерістерге себеп болды. АҚШ басқарған әлемдік үстемдік Ислам революциясының жеңісінен кейін өткен қырық жылда сан рет Иран халқына қарсы көптеген қылмыстарды іске асырды. Бұл қылмыстардың бірі Парсы шығанағында америкалық әскери «Винсеннес» крейсерінен Иранның жолаушы ұшағына қарсы атылған зымыран болды. Бұл зымырандық шабуылдың салдарынан 290 жолаушы көз жұмды. Өткен онжылдықта АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттері халықаралық ойындарға айнылап, ядролық тақырып пен Ираннан үркіту саясат Иранды оқшаулау мақсатпен жобаланды.Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи бір жыл бұрын жүйе басшыларымен кездесуінде: «Біз бен АҚШ-тың арасындағы мәселелердің көбі шешілмейтін мәселелер. Американың бізге қарсы болуының себебі бізбіз, яғни Ислам республикасы. Қиындық осы. Ядролық қуат, адам құқығы – мәселе емес. АҚШ-тың проблемасы -Ислам республикасы»,- деді.
АҚШ-тың мақсаты Ислам революциясын қоқан-лоққы және ИИР аймақ тұрақтылығын бұзатын ағым ретінде таныстыру болып табылады. Өткен жылдардан осы кезге дейінгі АҚШ-тың стратегиясы Иранға жақын аймақта қауіпсіздік дағдарыстар орнатуды көздеді. Негізінде Американың саясаттарының негіздері өзгермеді, бұрынғы қастықтары тек жаңа түрде жалғасып, қазіргі кезеңде Трамптың шешімдерінде анық көрінуде. Ислам революциясының жетекшісі бұл салада маңызды мәселеге назар аудартып: «АҚШ Иран халқына өз қалауларын таңу үшін қолайлы мұрсатты күтуде. Қазіргі кездегі америкалық болмыс Рейган кезіндегі болмыс сынды және демократтары мен республиканышларының арасында ешбір айырмашылық байқалмайды. АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандылығы еш уақытта аяқталмады. АҚШ үкіметі сан рет өз уәдемелері мен міндеттемелерін бұзып, Иран халқына соққы көрсетіп, Ислам республикасы жүйесін жойғысы келді. Бірақ Иран халқы Америка мен еуропаның зорлық-зомбылығы, қоқан-лоққысы мен санкцияларына қарсы табандылық білдіріп, дұрыс жолынан, яғни өз тәуелсіздігін қорғау құқығынан артқа шегінбеді. Бұл көңіл күй мен бұл факторлар сақталған кезге дейін, ешбір құдырет Иран халқына зардап келтіре алмайды»,- деді. Аятолла Хаменеи сондай-ақ елінің соңғы президентін растау рәсімінде: «Бұл жылдарда Американың қазіргі басшылары Иран халқына дұшпандылығын білдірді, бірақ олардың барлық жобалары Иран халқы мен басшыларының рөліне қатысты сенімділіктің артуына және дұшпанның тәсілдеріне қарсы тұратын жолдарды табуға себеп болды»,- деп қуаттады.
Бүгін Ислам республикасы жүйесі қоғамдық тұрақтылық, ұлттық қауіпсізідк пен бірлікке және қорғаныс құдыретке ие, сондай-ақ революцияның негіздеріне табандылық сақтап, алға ілгерлеу мен ғылыми дамуын жалғастыруда. Иран халқының ұлылығы – тарихи факт. Ислам революциясының жетекшісі өз баяндамаларында Иран тарихының бір бөлігіне шолу жасап: «Иранның Британия мен Американың билеп-төстеуінен құтқарылуын ислам республикасының күш-құдыретін дәлеледу үшін жеткілікті деп атуып: «Елдің үстем және патшалық монархиядан құтқарылып, өткен қырық жылда барлық қастықтарға қарсы тұрып, аймақ пен әлемдегі беделін арттыруы Ислам республикасының күш-қуатының келесі факторлары»,- деп қосты. Исламдық жүйе сегізжылдық соғыс кезінде дұшпандардың кең майданына қарсы тұрып, жеңіске жетті. Иранның ұлы халқының сәттілігін Ислам революциясы мен қасиетті қорғаныс жылдарындағы соғыстағы жеңісі мен өткен қырық жылдағы барлық қастықтарға қарсы тұруында байқауға болады. Өйткені бұл халық дұшпанның әртүрлі әрекеттері мен қастықтарымен бетпе-бет келіп, еш уақытта әлсіздігін көрсетпеді және артқа шегінбеді. Ислам революциясының қырық жылдығы Ислам республикасы жүйесінің алға ілгерлеуінің тоқтамауының белгісі. Ислам революциясының жетекшісінің айтуынша, «әлі жолдың басындамыз, сондықтан ақыл мен білімді және мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, алға ілгерлеу жолды жалғастырып, халық пен революцияның ойындағы биіктіктерге жетуіміз керек». Бұл кісі шарықтау мен құлдырауларға толы жолды өту үшін дұшпанның қоқан-лоққылары мен жауынгерлік алаңды дұрыс түсіну деп тапты. Ислам революциясының жетекшісі: «Америкалықтардың әскери құдыреті болғанымен негізінде олар күшті емес. Өйткені әлемдік қақтығыстарда күш-қуаттың негізгі факторы «жұмсақ құдырет», яғни қисын, дәлел және жаңа сөз болып саналады. АҚШ бұл салада – осал, қиысын мен дәлелі болмағандықтан зорлық-зомбылықты қолданады.
Әлемнің әйгілі саясаткерлері мен саяси ойшылдары қырық жыл бойы барлық қысымдарға қарсы тұрып, оларға қарамастан дамып, ықпал ететін кұш-қуаттың біріне айналғаны үшін мадақтайды. Ислам революциясының жетекшісі жүз мың адамды сыйдыратын спорт кезеңінде сөйлеген сөзінде: «Шындық Иран халқы, әсіресе жастарының кемсітуді қабылдамау, дұшпан құдыреттерге бағынбау, сондай-ақ илаһи көмекпен өз елінің ғиззаты мен даңқын көтеру шешім қабылдады. Олар бұл істі орындау қабілетке ие»,- деп қуаттады.