Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 30
Иран мен АҚШ қарым-қатынастарының тарихы сорақы, масқара оқиғалар мен қастандықтарға, араласушы әрекеттер мен дұшпандыққа толы.
АҚШ өткен қырық жылда әртүрлі тәсілдерді қолданып, Иран халқына дұшпандық көрсетті. Бұл қарым-қатынастың жарты ғасырдан артық тарихы АҚШ-тың Иран істеріне сан рет араласқанын растады. АҚШ көптеген қастандық жобалап, аймақтың кейбір үкіметтерінің қолдауымен зорлық-зомбылық әрекеттерін іске асыруды көздеуде. АҚШ басшыларының бұрыннан осы уақытқа дейін сан рет қайталаған қоқан-лоққылары бұл саладағы айқын құжат. Бірақ дұшпандықтарға қарамастан, Ислам революциясы жеңіске жетті. Иран халқы өз мақсаттарына жету үшін барлық қысымға қарсы тұрып, өткен қырық жылда әлемнің әртүрлі аймақтарындағы азаттық талап етуші халықтар үшін үлгіге айналды. АҚШ өткен қырық жылда әртүрлі қастандықтарды іске асырып, жалған уәждерімен Иранға қарсы әділетсіз санкциялар салды. Тіпті, лаңкестік және бүлікшіл топтарды қолдап, Иранды әлсіретіп, іріткі тудыру үшін Иранға күдік келтіретіндей әрекеттерге барды. Ислам республикасы жүйесіне қарсы ішкі қаскүнемдік, әскери күшті пайдаланып, қоқан-лоққы жасап, санкция салу АҚШ басшыларының Иранға қатысты қолданатын құралдары болып табылады. АҚШ өзінің Иранға қарсы мақсаттарына жету үшін кез елген мүмкіндікті пайдалануды қарастыруда.
АҚШ Иранды қоқан-лоққы мен бірнеше санкциядан қорқып, бағынуға мәжбүр болатын әлсіз әрі тәуелді режимдер сияқты деп ойлайды. Иран халқы АҚШ-тың болмысы мен тәсілдерін жақсы таниды. Сондықтан халық жылдар бойы АҚШ-тың қысымдарына табандылық танытып, қарсыласып келеді. ИИР халқының қолдауы мен елдің хабардар жастарының революцияшыл көңіл-күйіне сүйеніп, бар күш-қуатымен АҚШ-тың зорлық-зомбылығына қарсы табандылық білдірді.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 13 абан күніне байланысты мыңдаған оқушы және студенттермен кездесуінде жастарды қоғамның алға ілгерілетуші факторы деп атап: «Дарынды әрі қырағы жастар Иранды қиындықтар мен кедергілерден өткізіп, сындарлы жетістіктерге жеткізеді. Алайда жарқын мақсаттарға жету үшін Иран халқының негізгі дұшпаны АҚШ-ты тану керек. АҚШ-тың Иран халқына қатты дұшпандық білдіруі америкалықтардың қателіктерін қайталауына себеп болды»,- деді. АҚШ-тың дұшпандық көзқарасы бұл мемлекеттің Иран халқының шынайы күш-қуатын әлсіретуді көздейді.
Өткен қырық жылда осы факторға сүйеніп, елдің тәуелсіздігі, қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау әлеуетіне қол жеткізіп, Ислам республикасы жүйесі ілгерілей түсті. Халықаралық деңгейде де Иран әлемде бейбітшілік орнатуғ қатысты өз үлгісін ұсынды. Бұл әрекет әділет пен исламдық қозғалыстарға қолдау көрсетуге, әсіресе Палестина халқының құқықтарын қорғауға бағытталған қадам болды. Бұл үлгі Иран халқының қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға кепіл болып, өткен қырық жылда ИИР-на қарсы қастандықтардың сәтсіздікке ұшырауына жеткізді. Имам Хомейни өзінің саяси-діни өсиетнамасының бір бөлігінде: «Біздің халық пен басқа да мұсылман халықтар мен әлемнің мазлұмдары дұшпандарының, Алла, Құран Кәрім және Исламның дұшпандары өздерінің сұм мақсаттарына жету үшін ешбір қылмыстан бас тартпайтын, сондай-ақ, билік пен пайдаларына жету үшін дос пен дұшпанды ажыратпайтын жыртқыштар екенін біледі. Оларды АҚШ басқарады. Бұл лаңкес үкімет әлемнің әртүрлі аймағын өртке шырмады. Оның одақтасы – өз мүддесіне жету үшін қаламдар жазудан, тілдер айтудан ұялатын қылмыстарды іске асыратын әлемдік сионизм»,- деген болатын.
Иранның саяси тарихында көптеген қастандық оқиғалар болды. Маңызды оқиғалардың арасынан 1953 жылғы Иранның сол кездегі үкіметіне қарсы төңкерісті атау керек. Америкалықтардың қастандықтарының артқаны сондай, тіпті Иран халқына капитуляция режимі таңылды.
Имам Хомейни 1964 жылдың абан айының 4 күнгі мәлімдемесінде капитуляция заңын «Иран халқының құлдығының құжаты» деп атады. АҚШ Ислам революциясының жеңісінен бұрын шаһ режимін қолдап, революцияның жеңіске жетуіне кедергі жасамақ болды. Сондай-ақ, революция жеңіске жеткен соң да өз елшілігін революцияға қарсы қастандықтарды жобалап, іске асыратын база айналдырды. АҚШ жаңадан құрылған исламдық жүйені сәтсіздікке ұшыратуды көздеді. Саяси мәселелер жөніндегі америкалық сарапшы әрі сыншы Ноам Хомский: «Иранның кешірілмейтін күнәсі 1953-ші жылы Америка әскери төңкеріс арқылы билік басына әкелген диктаторды құлатуы болды. Әлем оның құбылыстарын қарапайым түрде баяндаудан күрделі, бірақ менің ойымша оқиғаның тамыры дәл осы мәселеде»,- деген.
АҚШ-тың революцияға дейінгі және революцияның жеңісінен кейінгі қастандықтарына жасаған шолу АҚШ-тың жүйені құлату саясатының аймақ үшін ықпалды негізгі стратегияны сақтап қалғанын көрсетеді. Ислам революциясының жетекшісі сөздерінің бірінде америкалық басшылардың «үкіметтерді құлату» деген сөз тіркесін қайталауына тоқталып: «Бұл сөз тіркесі жаңа тақырып емес. Америкалық басшылар Ислам революциясы жеңіске жеткен алғашқы күндерден бастап осы сөзтіркесін қолданып келеді»,- деді.