Ақп 23, 2019 14:44 Asia/Almaty
  • Илаһи жетекшілер 65

Адамдардың күнә мен бұзақылыққа шырмалу себептерінің бірі – билік пен байлықтың еліктірушілігінде. Байлық пен билікке қызығушылық адамды шындықтан жалғандыққа, азаттықтан тұтқындық пен құлдыққа, ғиззаттан зорлыққа бұрады.

Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) мұсылмандар қоғамын басқару кезеңі Аббаси әулетінің үш халифасының билігімен тұспа-тұс келді. Абассилердің Мотаз бен Мәһди халифаларының саясаттары имамның жұмыстарына шектеу қойып, қысым мен қоқан-лоққы жасауға негізделді. Имам болжағандай, соңында түрік топтарының бүлігі салдарынан өлген бұл екі халифаның билігінен кейін Аббаси әулетінің келесі халифасы Мотамедтің билігі басталды. Ол бұрынғы халифалар секілді зорлық-зомбылықтан басқа ештеңе білмеді. Бұл кезеңде әләвилердің бірқатары сорақылықпен өлтірілді Кейбір тарихшылар Мотамед үкіметінің соғыстары мен қақтығыстарда шамамен жарты миллион адамды өлтіргенін жазды.

Зорлық-зомбылық, террор мен басып-жаншу әрекеттеріне қарамастан қырағы адамдар мен пәк имамдардың (ғ.с.) достары халифатқа заңсыз ие болған жауыз басшылармен қарсыласқан Алла елшісінің ұрпағынан шыққан пәк имамдарға сүйіспеншілік білдірді. Аббасилердің басшылары да бұл жағдайды көріп, имамның басшылығымен халық көтеріліске шығады деп алаңдады. Сондықтан олар әртүрлі жолдар және қитұрқы жобаларымен имам Аскари (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктеріне қысым жасауға күш салды. Бірақ хазіреттің ғамалдары достары түгілі дұшпандарына ықпал ететіндей әсерлі болды.

 

Абасилер әулетінің Мәһди халифасының кезінде имам Хасан Аскари (ғ.с.) тұтқындалып, имамға ең жаман екі адам қарауылдыққа тағайындалып, олар имамға азап-қорлық көрсетті. Бірақ көп ұзамай оларға хазіреттің ғибадаттары әсер еткені соншама олар имамның адамгершілігіне таңырқады. Келесі жолы имамның жағдайын қиындату үшін  зорлық-зомбылығымен танымал Нахрир бен Убайдолла деген қарауылды қойды.  Ол имам Хасан Аскариға (ғ.с.) көп азап-қорлық көрсеткені сондай, бұл хабар тіпті оның әйеліне де жетті. Ұжданы таза әйелі жұбайын сынап, оған ісінің соңы туралы ескертті. Ол бір күні жұбайына: "Уа, азамат! Алладан қорық, қандай адамның тұтқындалғанын білмейсің бе?"- дейді. Содан соң имамның ғибадаты, мінез-құлқы мен сопылық болмысы туралы айтып: "Сенің оған азап-қорлық көрсетіп жатқаныңа алаңдаймын",- дейді. Бірақ мейірім мен адамгершіліктен жұрдай Нахрир: "Алламен ант етемін, одан ешбір белгі қалмас үшін оны жыртқыштарға тастаймын",- дейді. Бірақ тасжүректігіне қарамастан, Нахрир біраздан кейін хазіреттің ахлағы мен иманы әсер етеді.

Мотамед Аббаси өз заманында имам Хасан Аскариді (ғ.с.) тұтқындап, имамның жағдайы мен ғамалы туралы үнемі хабар алып отырды. Ол имам жағдайына байланысты ұстанымын өзгерте ме әлде табандылығы мен қарсыласуын жалғастыра ма деп ойлады. Бірақ қарауылшысы оралған сайын имамның ұстанымын өзгертпек түгілі, күндерін ораза тұтумен, түндерін намаз оқумен өткізетінін хабарлады. Соңында Мотамед қоғамдық пікірді алдау үшін имамды азат етуді бұйырды. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) жолдауы Құранның "Бақаре" сүресінің: "Әй, мүміндер! Сабыр және намазбенен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла Тағала сабыр етушілермен бipгe",- деген 153-ші аятына сай болды.

 

Имамға деген қоқан-лоққы тек тұтқындаумен ғана шектелген жоқ, хазіреттің бүкіл әрекеті мен халықпен қарым-қатынас орнатуы бақылауға алынған болатын. Сондықтан хазіреттің достары мен жақтастары оңай қарым-қатынас орната алмай, имамды көріп, хазіреттің ақыл-кеңесін пайдаланып, күрестерін жалғастыру үшін әртүрлі жолдарды пайдалануға күш салды.

Айта кететін жайт, имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) кезінде халықтың ұстанымы да бұрынғы кезеңдердей бірдей болмады. Хазіреттің өзі халықты бірнеше топқа бөліп: "Хабардар топтар құтқарылатын жолға түсіп, шындыққа жетіп, ислам негіздеріне табанды болады. Олар – таңдаған жолдарына күмәнданбайтын, бізден басқалардан пана іздемейтіндер. Келесі топ – теңізде жүзіп, дауыл тұрған кезде алаңдап, берекелері қашатын, теңіз тынышталған кезде ғана тынышталатын адамдарға ұқсастар.  Үшінші топ – шайтанға бағынғандар. Олар қызғаныш және ақылсыздықтарынан шындыққа табандыларға қарсылық білдіріп, оларға қарсы сап құрады. Алайда имаматтың иелері мен илаһи таңдаулы тұлғалар шешім қабылдау, бұйыру және қоғамның жолдарын анықтау  саласына басқалардан лайығырақ",- деді.

Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) серіктерінің бірі: "Имамға хат жазып, өзімнің кедейшілігім туралы айттып. Кейін имам Садықтың (ғ.с.) "Біздің қасымызда мұқтаж болған, басқалардың қасында мұқтажсыз болғаннан, бізбен шәһид болу дұшпандарымыздың қасында өмір сүруден артық" деген сөзі туралы ойладым",- деді. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) жауабында: "Әулиелер мен біздің достарымыз байқаусызда күнә жасап, қателікке ұрынса, Алла Тағала илаһи сынақ саналатын кедейшілік пен мұқтаждық арқылы оларды күнәләрынан тазартып, кешіреді",- деп жазды.

Адамдардың күнә мен бұзақылыққа шырмалу себептерінің бірі – билік пен байлықтың еліктіретіндігі. Байлық пен билікке қызығушылық адамды шындықтан жалғандыққа, азаттықтан тұтқындық пен құлдыққа, ғиззаттан зорлыққа  бұрады. Өкінішке орай, бұл мәселе бүгінде кейбір халықтар мен үкіметтерді шырмап отыр.  Олар билік пен байлық иелерінің шатырларының астында өмір сүретіндердің тұрмыстарының қамтамасыз етілгенін, адамгершілік, дін және абырой туралы ойлағандардың санкциялар мен қысымдарға ұшырап, кедейшілік пен тынышсыздықта өмір сүріп жатқанын көріп, үстірт ойларымен алпауыт елдерге тәуелді болып, солардың ұстанымдарын қабылдап, соларға тұтқынға түсуді оларға қарсы күрестен артық санайды. Бірақ Исламның илаһи жетекшілері мұндай ой-пікірді қате санап, баршаны абыроймен өлуді қорлықта өмір сүруден артық санауға шақырды.  Сол себепті имам Хасан Аскари (ғ.с.) имам Садықтың (ғ.с.) кеңестерін жалғастырып,  хазірет   кедей адамның уайым-қайғысыз, байлықта өмір сүрген Аббаси басшыларына бет бұру ықтималын сезген  кезде: "Біздің қасымызда мұқтаж болу дұшпанның қасында мұқтажсыз болудан артық",- деген болатын.

 

Адамдарды ғиззат жолын таңдаудан бас тартқызатын жайт өлім болуы мүмкін. Яғни, билік пен байлық иелері қарсыласу күштерін бағындыру үшін қоқан-лоққы жасап, әскери күш қолданатын болса, қарсыласу шебін қырып-жойып, билеп-төстеушілік мақсаттарына жетеді. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) тарихтағы дұшпанды қарусыздандырып, достары мен азаттық талап етушілерді жігерлендіру үшін: "Ғиззатқа жету жолындағы өлім – дұшпанның қасында қорлықта өмір сүруден артық",- деген болатын. Имамның осы сөзі Құран Кәрімнің "Ниса" сүресінің 139 аятында:  "Сондай мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтқандар олардың қасынан ізет іздей ме? Шын мәнінде ізет бүтіндей Аллаға тән", - деп қуатталды.

 

 

Тегтер