Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 36
АҚШ әрқашан ислам елдерінің, әсіресе билеп-төстеуші тәртіптен құтылудың үлгісі болған Ислам республикасы жүйесінің билігіне қарсы болды.
Өткен жылдардағы АҚШ-тың сыртқы саясаты, ұстанымдары мен әрекеттеріне жасаған шолу америкалық саясаткерлердің негізгі мақсаты Ислам революциясы мен Ислам республикасы жүйесінің қауіпсіздігіне араласуға жол табу екенін көрсетті.
Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың аймақтағы ұзақ мерзімді жобаларына қатысты қырағы болу қажеттігін қуаттады. Бұл саладағы маңызды мәселелердің бірі АҚШ-тың бүгінгі соғысының әскери соғыс емес екеніне назар аудару болып табылады. Аятолла Хаменеи дұшпанның «жұмсақ соғысын» әскери соғыстан қатерлі деп атап, исламдық жүйеге қарсы дұшпандықтың негізгі себебі туралы: «Ислам революциясы өткен қырық жылда дүниежүзінде орнатылған биліктің формулаларын өзгертіп, бір халықтың билеп-төстемей немесе билеп-төстеуге бағынбай өмір сүре алатынын көрсетті. Кейбір америкалық басшылар сырт көзге жұмсақ сөйлеп, "шойын" қолдарын "барқыт" қолғаптармен жасырып, біздің кейбіреуімізді алдады. Бірақ өтіріктері тез әшкереленіп, АҚШ-тың Ислам мен Ислам республикасына деген ниеті анықталды" деді.
АҚШ Ислам революциясы мен Ислам республикасы жүйесіне ықпал етіп, Иран жүйесін құлату мақсатына жетуді көздейді.
АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон «Қиын таңдау» деген кітабында Ирандағы президенттік сайлаудан кейінгі бүліктер мәселесіне тоқталып: «АҚШ Президенті Барак Обама Ирандағы хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1388 жылғы президенттік сайлаудан кейінгі жылдары ондаған миллион долларды әлемнің түкпір-түкпіріндегі Иранның 5000-нан астам қарсыласын оқытуға жұмсады.
Барак Обама мәлімдеме жолдап, 88 жылғы Ирандағы бүліктердегі Вашингтонның ИИР-на қарсы «жұмсақ соғысы» туралы АҚШ Конгресі мен Сенатына түсіндірді. Обама өз мәлімдемесінде: «Сайлаудан кейінгі күні Voice of America арнасының парсы тіліндегі бөлімі ирандықтарға елдеріндегі оқиғалар туралы хабарды жеткізу үшін жаңа екі бағдарлама ұсынып, «Таңғы бағдарлама» және «Арнайы мәлімдеме» деген екі бағдарламада сайлау мен одан кейінгі оқиғаларды көрсетті»,- деді.
Саяси мәселелердің маманы Меһди Фазаели: «88 жылғы бүліктің шиеленісті болу себептерінің бірі революцияға қарсы ағымның бар мүмкіндігін майданға шығаруы болды. Мүмкіндіктердің мақсаты тек сайлау үшін ғана болған жоқ, олардың негізгі мақсаты жүйені құлату болды»,- деді. Осы саладағы зерттеулер аймақта АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандықтан басқа мақсатының жоқ екенін көрсетті. 88 жылғы президенттік сайлудан кейінгі бүліктер - осы ағым үлгілерінің бірі. 88 жылғы бүліктер АҚШ-тың Иранның жүйесін оқшаулап, халықты саяси мәселелерге қатыстырмауды көздеді, бірақ халық сайлауға жаппай қатысып, АҚШ-тың жоспарларын бұзды. АҚШ-тың мақсаты халықтың сайлауға қатысу деңгейін шектеулі етіп көрсету болды. Бүліктен кейін қолға түскен құжаттар мен деректер АҚШ пен кейбір еуропалық мемлекеттердің Иранға қарсы қастандықтарға қатысты болғанын көрсетті. Халықаралық мәселелердің сарапшысы Саадолла Зареи Батыстың ақпарат құралдары мен жеке тұлғаларының бүлікті ұйымдастырушыларға қолдау көрсетуі туралы: «Бұл ағымдар сегіз жылдық соғыс кезіндегіндей дұшпанмен ынтымақтастық жасап, ирактық күштердің бірліктеріне айналғандай, 88 жылғы бүліктерде де белсенділік танытып, алаңға шығып, қолдау көрсетті»,- деді.
Лондон мен Вашингтоннан жіберілген нұсқаулар бойынша жасалған бүліктер елді бірнеше айға бейберекеттікке тіреді. Бірақ әртүрлі таптар мен діни мазхабтарға жататын Иран халқы дей айының тоғызы күні көшелерге шығып, қырағылық танытып, дұшпанның қастандықтарын сәтсіздікке ұшыратты.
Ислам революциясының жетекшісі бұл тарихи күннің маңыздылығы туралы: «Дей айының тоғызы өзінің айбынымен халықтың дұшпандардың ойындарына берген жауабы әрі Ислам революциясы мен діни құндылықтарын қорғау болды»,- деп қуаттады. Халықтың 88 жылдың дей айының тоғызы күнгі шеруге жаппай қатысуы мен 2009 жылғы Иранның президенттік сайлауынын кейінгі бүліктерге қарсы тұруы халықтың революция мен Ислам республикасының негізгі құдыреті ретінде еш уақытта дұшпанға араласуға рұқсат етпейтінн көрсетті. 88 жылғы көшедегі бүліктер жүйені құлату мақсатында жобаланған болатын.
Саяси ғылымдардың зерттеушісі, университет ұстазы Сейед Абдолла Мотаваллиан: «Иран халқының соғыс, лаңкестік және экономикалық санкцияларға қарсы табандылығы АҚШ-ты Иранда төңкеріс жасау тәсілін өзгертуі туралы ойлануына себеп болды»,- деді. Патрик Клавсон, Фрэнсис Фукуяма, Кеннет Тиммерман, Сэмюэль Хантингтоннан құрылған топ зерттеулерінің нәтижелері мен зерттеу орталықтарында жүргізілген жұмыстар АҚШ-тың Иран Ислам Республикасын «жұмсақ соғыс» жолы арқылы құлатуға арналған жаңа доктринасын жобалауға жеткізді. Бұл жоба саяси қауіпсіздік, экономикалық, мәдени және қоғамдық салаларды қуаттады. Бұл қастандықты жобалаушылардың пікірінше, мемлекеттердің саяси жүйелері саяси, экономикалық, мәдени және қоғамдық жүйенің құлауымен өзгереді. АҚШ үгіт-насихаттық органдарды пайдаланып, сондай-ақ, экономикалық және саяси араласушылықтарымен нысанаға алған елдеріне қарсы «жұмсақ соғыс» бастады.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи басидждердің-ерікті күштердің ортасында сөйлеген сөзінде: «Елде болып жатқан оқиғалар халық пен жас буынның кемсітуді қабылдамауға, бөгде әрі дұшпан мемлекеттерге сүйенбеуге, Алланың көмегі және өз күшімен Иранның беделі мен ғиззатын көтеруге шешім қабылдағанын көрсетеді»,- деді.
АҚШ жылдар бойы Иранды ішкі қайшылықтары арқылы дағдарыстарға тіреп, жүйені әлсіретіп, Иран халқының бірлігіне соққы беруді көздеді. Ислам революциясының жетекшісі ескерткендей, АҚШ-тың саяси, діни, ұлтаралық және тіл тұрғыларынан Иранда қайшылық тудыруды көздейтін шиеленісті жобалары мен көптеген шығындары пайдасыз әрі нәтижеге жетпейді. Сондықтан Иранның дамуы АҚШ-тың қазіргі президентінің кезінде де жалғасады. Ислам революциясы жетекшісінің айтуы бойынша, Ислам республикасы биліктен кетсе де немесе әлсіресе де олардың жүректерінен қайғы-мұң арылмайды.