Натанз қаласы
Бағдарламамыздың бүгінгі бөлімінде сіздерді Исфахан облысының әдемі әрі көруге тұрарлық қалаларының бірімен таныстырамыз.
Натанз қаласы – Кашан мен Исфахан қалаларының ортасында Каркас тауының етегінде орналасқан әдемі көне қала. Климаты қоңыржай болып келетін бұл қалада сан алуан бақтар, алқаптар мен жасыл кеңістіктер бар. Сол себепті бұл қала «Бақтар қаласы» деген атаумен танымал. Натанз көне заманнан бері ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы жоғары болғандықтан дамыған әрі танымал қала болған. Бұл қаланың сапалы алмұрты «Натанздың сыйы» деген атаумен атақты. Оған қоса, соңғы жылдары Натанз қаласының маңынан уран байыту зауыты ашылып, бұл қаланың даңқын арттыра түсті. Натанзда көне ғимараттар, әсіресе, мешіттер мен қасиетті мекендер бар. Орталық мешіт пен Мұса Каземнің (ғ.с.) перзенттері – имамзада Мұхаммад пен имамзада Аға Әли Аббастың кесенелері зияратшылар мен пайғамбардың (с.ғ.с.) әулетін сүюшілерді Натанзға қарай тартады.
Алдымен бүгінгі сабағымыздың жаңа сөздеріне назар аударайық:
әдемі жер |
джай-е зиба |
جاي زيبا |
етек |
дамене |
دامنه |
тау |
куһ |
کوه |
солтүстік |
шомол |
شمال |
ол орналасқан |
ан ғäрар дарäд |
آن قرار دارد |
неткен |
чеғäдр |
چقدر |
жап-жасыл |
сäрсäбз |
سرسبز |
көне |
ғäдими |
قديمي |
қала |
шäһр |
شهر |
тарих |
ғедмäт |
قدمت |
кезең, дәуір, ғасыр |
доуре |
دوره |
бұрын |
ғäбл äз |
قبل از |
ислам |
еслам |
اسلام |
ол жетеді |
ан миресäд |
آن مي رسد |
даңқ |
шоһрäт |
شهرت |
байланысты, себепті |
бе хатер |
به خاطر |
климат |
аб-о-һäва |
آب و هوا |
салқын |
хонäк |
خنک |
қоңыржай |
мäтбу |
مطبوع |
өнім |
мäхсул |
محصول |
өнімдер |
мäхсулат |
محصولات |
ауылшаруашылық |
кешавäрзи |
کشاورزي |
ол танымал |
ан шоһрäт дарäд |
آن شهرت دارد |
өнеркәсіптік |
сäн’äти |
صنعتي |
маңы |
äтраф |
اطراف |
зауыт |
кархане |
کارخانه |
байыту |
ғäнисази |
غني سازي |
уран |
ураниум |
اورانيوم |
бар |
ан вождуд дарäд |
آن وجود دارد |
бақ |
бағ |
باغ |
бақтар |
бағһа |
باغها |
жасыл |
сäбз |
سبز |
гүлденген |
хоррäм |
خرم |
жеміс |
мейве |
ميوه |
ол өндіріледі |
ан тоулид мишäвäд |
آن توليد مي شود |
жалпы алғанда |
бе туре колли |
به طور کلي |
облыс |
остан |
استان |
шабдалы |
һолу |
هلو |
алма |
сиб |
سيب |
жүзім |
äнгур |
انگور |
пісте |
песте |
پسته |
бадам |
бадам |
بادام |
жаңғақ |
герду |
گردو |
алмұрт |
голаби |
گلابي |
танымал, атақты |
мäруф |
معروف |
әр түрлі |
мотäнäвве |
متنوع |
оған қоса |
äлаве бäр |
علاوه بر |
бидай |
гäндом |
گندم |
арпа |
джу |
جو |
картоп |
сиб зäмини |
سيب زميني |
пияз |
пиаз |
پياز |
түрлер |
äнва |
انواع |
майлы дақылдар |
данеһай-е роуғäни |
دانه هاي روغني |
Енді Мұхаммад пен жолнұсқаушының Натанз туралы әңгімесіне назар аударайық:
محمد - نطنز چه جاي زيبايي است ! در دامنه کوه قرار دارد . |
Мухаммад: Натанз че джай-е зибайи äст! Дäр даменей-е куһ ғäрар дарäд. |
Мұхаммад: Натанз – неткен әдемі жер! Таудың етегінде орналасқан екен. |
راهنما - بله . ما الان در شمال شهر اصفهان هستيم . نطنز بين کاشان و اصفهان قرار دارد . |
Раһнäма: Бäле. Ма äлан дäр шомол-е шäһр-е Есфаһан һäстим. Натанз бейн-е Кашан вä Есфäһан ғäрар дарäд. |
Жолнұсқаушы: Ия. Біз қазір Исфахан қаласының солтүстігіндеміз. Натанз Кашан мен Исфаханның ортасында орналасқан. |
محمد - اينجا چقدر سرسبز است . آيا نطنز هم يک شهر قديمي است ؟ |
Мухаммад: Инджа чеғäдр сäрсäбз äст. Айа Натанз һäм йек шäһр-е ғäдими äст? |
Мұхаммад: Мына жер қандай жап-жасыл! Натанз да көне қала ма? |
راهنما - بله . قدمت اين شهر به دوره قبل از اسلام مي رسد . |
Раһнäма: Бäле. Ғедмäт-е ин шäһр бе доурей-е ғäбл äз еслам миресäд. |
Жолнұсқаушы: Ия. Бұл қаланың тарихы исламға дейінгі дәуірден бастау алады. |
محمد - شهرت اين شهر به خاطر چيست ؟ |
Мухаммад: Шоһрäт-е ин шäһр бе хатер-е чист? |
Мұхаммад: Бұл қала несімен танымал? |
راهنما - اين شهر به خاطر آب و هواي خنک و مطبوع و محصولات کشاورزي شهرت دارد. |
Раһнäма: Ин шäһр бе хатер-е аб-о-һäвай-е хонäк вä мäтбу вä мäхсулат-е кешавäрзи шоһрäт дарäд. |
Жолнұсқаушы: Бұл қала салқын әрі қоңыржай климатымен және ауылшаруашылық өнімдерімен танымал. |
محمد - آيا نطنز هم مثل اصفهان يک شهر |
Мухаммад: Айа Натанз һäм месл-е Есфäһан йек шäһр-е сäн’äти äст? |
Мұхаммад: Натанз да Исфаһан сияқты өнеркәсіптік қала ма? |
راهنما - نه . اما در اطراف اين شهر ، کارخانه غني سازي اورانيوم وجود دارد . |
Раһнäма: Нä. Äмма дäр äтраф-е ин шäһр, карханей-е ғäнисази-е ураниум воджуд дарäд. |
Жолнұсқаушы: Жоқ. Бірақ бұл қаланың маңында уран байыту зауыты бар. |
محمد - در اين باغهاي سبز و خرم چه ميوه هايي توليد مي شود ؟ |
Мухаммад: Дäр ин бағһай-е сäбз вä хоррäм че мейвеһайи тоулид мишäвäд? |
Мұхаммад: Мына жасыл әрі гүлденген бақтарда қандай жемістер өсіріледі? |
راهنما - در نطنز و به طور کلي استان اصفهان ، سيب ، هلو ، انگور ، پسته ، بادام و گردو توليد مي شود . اما ميوه معروف نطنز گلابي است . |
Раһнäма: Дäр Натанз вä бе тур-е колли астан-е Есфäһан, сиб, һолу, äнгур, песте, бадам вä герду тоулид мишäвäд. Äмма мейвей-е мäруф-е Натанз голаби äст. |
Жолнұсқаушы: Натанз бен жалпы Исфахан облысында алма, шабдалы, жүзім, пісте, бадам мен жаңғақ өсіріледі. Бірақ Натанздың атақты жемісі – алмұрт. |
محمد - پس اين شهر ميوه هاي متنوعي دارد . |
Мухаммад: Пäс ин шäһр мейвеһай-е мотäнäввейи дарäд. |
Мұхаммад: Бұл қалада сан алуан жемістер бар екен ғой. |
راهنما - بله . علاوه بر ميوه ها ، گندم ، جو ، سيب زميني ، پياز و انواع دانه هاي روغني نيز در اين شهر توليد مي شود . |
Раһнäма: Бäле. Äлаве бäр мейвеһа, гäндом, джу, сиб зäмини, пиаз вääнва-е данеһай-е роуғäни низ дäр ин шäһр тоулид мишäвäд. |
Жолнұсқаушы: Ия. Жемістермен қатар бұл қалада бидай, арпа, картоп, пияз бен май алынатын дақылдар да өсіріледі. |
Мұхаммад пен серіктері Натанздың маңындағы әдемі бақтар мен егіс алқаптарын аралайды. Олар өнімдерді жинап, Иранның басқа аймақтарына жөнелтумен айналысып жатқан диқандарды көреді. Жолнұсқаушы Исфахан облысының егін шаруашылығы өнімдерінің бір бөлігінің Иранда пайдаланылып, қалғанының көршілес елдерге экспортталатынын, сонымен қатар саяхатшыларға мақта мен құрманың да осы облыста өндірілетін өнімдердің қатарына жататынын айтты. Құрма Исфаханның жылы аймақтарында өсіріледі.
Олар Натанздың әдемі бақтарын аралаумен қатар, бұл қаланың көне әрі көруге тұрарлық аймақтарын да көріп қайтты. Олар Сасани дәуіріне тиесілі ғибадатхана мен Натанздың орталық мешітін аралағаннан кейін дәстүрлі бір мейрамханада түстенді. Натанз қаласы саяхатшылар үшін қызықты болды.